7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Тамақтануды тиімді ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениеті мен тамақтанудың
денсаулық үшін маңызы зор екенін түсіндіру.
Оқушылардың ойөрісін, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,
ізденіс жұмысын жасауға үйрету, қазақ тіліне қызығушылығын, белсенділігін
арттыру.
салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, мәнерлеп оқу, сұрақжауап, шығармашылық ізденіс.
Пайдаланылған құралдар: компьютер, интерактивті тақта, презентация, флипчарт.
1 бөлім. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Кезекшенің мәліметі
3. Күз мезгілін әңгімелеу
Күз. (Күз суретін көрсету).
Сұрақтар жауап
1.Жыл мезгілдерін атаңдар.
2.Күз айларын айт.?
3.Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Қорытынды кластер
Күз.
2 бөлім Үй жұмысын тексеру
Өз отбасыларындағы шай ішу рәсімі туралы әңгімелеңдер.
Өз отбасыңда шай ішуге ұнатама?
Шайды кіммен ішесің?
Шайды кім құяды?
Шайды қандай тәттімен ішуге ұнатасың?
Шайды әзірлейсің бе?
Шайды кіммен ішуге ұнатасың?
3 бөлім. Жаңа тақырып.
Балалар, біз бүгін тамақтануды тиімдіұйымдастыру туралы мәліметтермен
танысамыз, түсінеміз, есте сақтаймыз. Тамақтануды тиімді ұйымдастыру бізге
қандай пайда әкелетінін білеміз. Қандай тамақ бізге зиян әкелетінін білеміз.
1. Жаңа сөздер: күйі вид, төмен низко, реттілікпен – поочередно, жеңіл
легкая, сұйық густое.
2. Мәліметтермен жұмыс:
1.Тамақты өте ыстық немесе өте салқын күйіде жеу зиян.
2. Ыстық тағамның температурасы 5060 градус, салқын тағамдікі 10 градустан
төмен болмауы тиіс.
3. Тамақты белгілі бір реттілікпен ішіп – жеу керек. 4. Түскі асты көкөністен тұратын жеңіл тағамнан бастаған жөн.
5. Сұйық тағамдар ас қорытуды тездетеді, сондықтан олар қою тағамның
алдында беріледі.
6. Тамақты асықпай, майдалап шайнап жеу керек, сонда тамақ жақсы
қорытылады, денеге жақсы тарайды.
3. Сөйлемдерді көшіріп жазып, септік жалғауларын анықтаңдар.
1. Тамақты (нені?) өте ыстық немесе өте салқын күйінде жеу зиян.
2. Ыстық (ненің?) тағамның температурасы 5060 градус, салқын тағамдікі 10
градустан төмен болмауы тиіс.
3. Тамақты белгілі бір реттілікпен (немен?) ішіпжеу керек.
4. Түскі асты көкөністен (неден?) тұратын жеңіл тағамнан бастаған жон.
5. Сұйық тағамдар ас қорытуды тездетеді, сондықтан олар қою тағамның
(ненің?) алдында беріледі.
6. Тамақты (нені?) асықпай, майдалап шайнап жеу керек, сонда тамақ жақсы
қорытылады, денеге жақсы тарайды.
4. бөлім Сергіту
Қара жорға
5. бөлім Дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстарды түсініп оқып, тірек сызба
негізінде әңгімелеңдер.
Тиімді тамақтанудың
қағидалар
ұсыныстары
Күнделікті әр түрлі тағам
өнімдерін көп мөлшерде қабылдау
Көкөністер мен жемістерді жаңа
үзілген күйінде пайдалану
Майсыз сүт өнімдері (айран, сыр,
йогурттар, ірімшік) ішіп – жеу.
Күнделікті қант мөлшерін 60, тұз
мөлшерін 46 грамнан артық
пайдаланбау.
Шайды тамақтан кейін 12 сағаттан
соң ішу
Таңертеңгі ас – толық, түскі ас –
орташа, кешкі ас – жеңіл болғаны
жөн
Тамақтың алдында бір стакан
сұйық (шай, шырын, минералды су)
ішуді әдетке айналдырған жөн
Тағамды мөлшерден тыс жеуге
болмайды
Тамақтанғанда теледидар қарауға,
кітап оқуға болмайды
Таңертеңгі ас міндетті түрде ыстық болуы керек
Кешкі ас ұйқыдан кемдегенде 23
сағат бұрын ішілген дұрыс
5. бөлім. Мақал –мәтелдердерді жалғастыру, оқу, мағынасын түсіндіріңдер.
Орыс тілінде ұқсас мақалдар бар ма?
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Күріштің мәнін май келтіреді.
Ас қадірін тоқ білмейді.
Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.
Жаманнан жарты қасық ас қалар.
6. Бөлім.Берілген қазақтың ұлттық тағамдарын неден жасалатынына қарай
үш бағанға бөліп жазыңдар.
Қымыз, тары, қуырдақ, айран, ірімшік, жал, бауырсақ, қаймақ, май, сорпа,
жент, құрт. шұбат.
Сүттен жасалатын тағамдар Дәнді дақылдан жасалатын
Еттен жасалатын тағамдар
тағамдар
7.бөлім Қорытынды
Тамақтануды тиімді ұйымдастыру туралы қандай мәліметтер білдіңдер?
8.бөлім Үй жұмысы
Жазылым. 94 бет 4 тапсырма
Сабақтың тақырыбы: Тамақтануды тиімді ұйымдастыру.
Сабақтың тақырыбы: Тамақтануды тиімді ұйымдастыру.
Сабақтың тақырыбы: Тамақтануды тиімді ұйымдастыру.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.