Ересек «Гүлім» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 19.03.19ж
Тәрбиеші: Торина С.А
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: «Сауат ашу»
Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»
Тақырыбы: ««Ө» дыбысы мен әрпі»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін, топпен жұмыс жасауға, ой - өрісін, тілін дамыту.
3.Оқыту:
Балаларды Ө дыбысы мен әрпіне
таныстыру.
Ө дыбысының сөздегі орнын
ажырату. Сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, Воскобович, АКТ,
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру, көрсету, мадақтау.
Ресурстармен қамтамасыз ету: ноутбук, интерактивті тақта, игровизор, маркер, дәптер, қарындаш, кеспе әріптер, жіп, доп.
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Келген қонақтармен амандасу, балалардың көңіл – күйлерін сұрау, оқу қызметіне дайындықтарын сұрау.
ІІ. Негізі бөлімі:
«Қайталау
– білім анасы»
Дыбыс дегеніміз не?
• Әріп дегеніміз не?
• Дыбыстар неше топқа бөлінеді?
• Қандай дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз?
• Қандай дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз?
• Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (З дыбысы мен
әрпі)
• З дыбысы қандай дыбыс?
• З дыбысы сөздің қай жерінде келеді?
- Қандай дыбыс?
- Ойын:
«Сөз ойла тез ойла» Ойын шарты: Тәрбиеші қандай дыбыс айтса, сол дыбысқа
байланысты сөздер айту керек. (Балалар, шеңберде тұрады. Жіппен,
балаларға жіптерді беру арқылы, өрнек құрады).
-Жарайсыңдар балалар! Ал қараңдаршы, біздің шеңберіміз не нәрсеге ұқсады?
-Өрмекшінің торына.
-Жарайсыңдар! Біз бәріміз де білеміз, көктем келгенде табиғатпен бірге барлық тірі жандар оянады, соның ішінде жәндіктер де оянады екен.
«Жәндіктерді құтқарайық» дидактикалық ойын
Магнитті тақтаға өрмекшінің торы бейнеленген сурет ілінеді. Торға түскен жәндіктер-көбелек,ара,құмырсқа, қаңқыз, шегіртке.
-Балалар, өздерің көріп отырғандай мына жәндіктер өрмекшінің торына түсіп қалған көрінеді. Бұл жәндіктердің барлығы бізге пайдалы. Оларды құтқарғыларың келе ме?(Балалардың жауаптары)
-Ендеше тапсырмаларды орындауға дайындалайық!
-Көбелекті құтқару үшін, өрмекшінің жұмбақтарын шешу керекпіз.
Жұмбақтар:
Тұяқпен тас атқылап,
Таудан түсті шапқылап.
(өзен)
Сарғайып отсыз піседі,
Үзіліп жерге түседі. (өрік)
- өзен, өрік сөздерінде
бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Ө дыбысының артикуляциясын меңгерту, әріпті таныту. Аузымызды
дөңгелек етіп алға созамыз, тіліміз ашық, тілімізді
төмен түсіріп артқа тартамыз.
Ө жіңішке дауысты дыбыс.
Сөздер ойлату. Көбінесе сөздің бірінші буынында кездеседі. Сөздің басында, ортасында болады. Баспа және жазбаша әріп таңбасын салыстырып көрсету.
- Ө әрпі қай әріпке ұқсайды. О әрпіне қандай айырмашылығы бар?
-Жарайсыңдар! Енді араны құтқаруға дайындалайық.
(Воскобович технологиясын қолдану) «Үйлерге орналастыр» дидактикалық ойын.
Ойын шарты: суреттердің бірінші дыбысына қарай дауысты, дауыссыз екендерін ажырату, үйлеріне орналастыру.
-Жарайсыңдар! Ал енді келесі жәндікті құтқару үшін мынадай тапсырманы орындау керекпіз! (Құмырсқа)
Д/о.«Сөздерді буынға бөл» (Игровизор, ноутбук.)
Ойын шарты: берілген суреттерді буынға бөліп, сандарға сәйкестендіру.
Сергіту сәті: (видео)
-Бәрекелді егерде сергіп қалсақ, келесі жәндікті құтқаруға көмектесейік (Қаңқыз)
Дәптермен жұмыс.
1. Оқулықтағы суретті атап, өрік сөзіне
дыбыстық талдау жасау.
2.Ө әрпінің бас және
кіші түрін ауада, тақтада жазу. Үлгі бойынша бастырып жазу.
-Ал енді шегірткені тордан босату үшін мына тапсырманы
орындайық!
(Бұл жерде балаларды екі топқа бөлемін, бір топ сөздерді
оқиды, келесі топ, мнемокесте арқылы сөйлем
құрастырады)
Ойын: « Кім жылдам?»
Ойын шарты: О - Ө дыбысының орнын ауыстырып оқу.
І топ: Соз - сөз тор - төр
Қол – көп от - өт
Жон – жөн он – өн
ІІ топ: мнемокестемен жұмыс.
ІІІ. Қорытынды:
1. Қандай дыбыспен таныстық?
2. Ө қандай дыбыс?
3. Ө дыбысы сөздің
қай жерінде кездеседі?
-Жарайсыңдар Балалар! Сендер барлық жәндіктерді өрмекшіден құтқардыңдар! Ал енді біздің жәндіктеріміз, сендерге өздерінің дайындаған сыйлықтары бар! Бәйшешек гүлдерін сыйлау.
Ересек «Гүлім» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 19.03.19ж
Тәрбиеші: Торина С.А
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»
Пән: «Жаратылыстану», «Мүсіндеу»
Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»
Тақырыбы: «Қызыл кітаппен танысу» «Әдемі гүл»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Жануарларды, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Балалардың танымдық қабілеттерін, білімге белсенділіктерін арттыру, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту.
3.Оқыту: Қызыл кітаппен таныстыру, оған енгізілген өсімдіктер мен жануарларды аялай білу. Адамдар табиғатты жақсы білмегендіктен көптеген өсімдіктерді және жануарларды құртып жібергендігі туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, АКТ
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру, көрсету, мадақтау.
Ресурстармен қамтамасыз ету: ноутбук, интерактивті тақта, игровизор, дәптер, қарындаш, кеспе әріптер, жіп.
Билингвалдық компонент: қызыл кітап-красная книга
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І. Ұйымдастырушылық кезеңі:
|
Жұмбақ жасыру.
Қабат-қабат қаптама
Ақылың болса аттама?
Балалар кітапты біз не істейміз?
Кітап бізге не береді?
Дұрыс балалар,кітаптың түрі көп.
Ертегілер,жұмбақтар,мақалдар,әдеби кітаптар бар.
Сендерге қандай кітап ұнайды?
ІІ. Негізі бөлімі:
Қызыл кітапқа сирек кездесетін,жылдан-жылға азайып ,не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жойылу қаупі төнген (саны сиреп бара жатқан ) түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп , көбейту шаралары қолға алынған.Біздің елімізде жойылып бара жатқан жануарлар мыналар:барыс, ілбіс, қоңыр аю т.б
Орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ластанған өзендер-осының бәрі сирек кездесетін бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Видеоролик «Наурзым қорығы»бойынша
Әліппе-дәптермен жұмыс
Қызыл кітапқа енген жануарлардың аттарын атайды.Қызыл кітапқа енген құстарды тапқызып, оларды бояту.
4. Д/о: «Қызыл кітап»
Шарты: Тақтаға бүркіт, қызғылт қаз, т.б. жануарлардың суреттерін ілу. Балаларға оларды қорғау шараларын айтқызу.
Сергіту сәті:
Тыйым сөздер
Аққуды атпа,
Досыңды сатпа.
Ағашты сындырма.
Көкті жұлма.
ІІІ. Қорытынды:
Оқу қызметінде алған білімдерін пысықтау.
-Туған өлке табиғатында барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Адамды табиғат-тан, табиғатты адамнан бөліп қарауға бол-майды. Табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері адам үшін тіршілік етеді. Сол себепті өлкеміздің табиғатын туған анамыздай ардақтап, күте білуіміз керек. Аяусыз сындырылған ағаш, жұлынған гүлдер, ұясы бұзылған құстар, жазықсыз өлтірілген жәндіктер, қоқыс-қалдық салынған лас сулар көбейіп барады. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау – әрбір адамның тікелей парызы.
Балаларды бағалау, мадақтау.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.