Сауат ашу бөлім

  • Разработки уроков
  • 30.10.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Бөлім «Тыңдалым және айтылым» Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну» Оқу мақсаты: 1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну. Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі: Қолдану Бағалау критерийі: Білім алушы • Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады. • Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды қолданады. • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады. Тапсырма Жұмбақтарды мұқият тыңдаңыз. Аяғы бар, жүрмейді, Аузы бар, күлмейді. Айнымайды бөпемнен, Тек сөйлеуді білмейді. Бұл не? Шешуі: ( ) Ұшып-қонып тынбайды, Қанша ұрсаң да сынбайды. Суға салсаң батпайды, Түскен жерде жатпайды. Бұл не? Шешуі: ( ) Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді. Ұшырсаң көк теңбіл, Бұлтқа да жетеді. Бұл не? Шешуі: ( ) • Жұмбақтың шешуін қандай сөздер/сөйлемдер арқылы табуға болады? Түсіндіріңіз. • Жұмбақтардың шешуін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз. Дескриптор: Білім алушы - жұмбақтардың шешуін табады; - жұмбақтың шешуін табуға қатысты сөздер мен сөйлемдерді атайды; - жұмбақтардың шешуін қатыстырып, сөйлем құрастырады.

Публикация состоит из частей: