Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету
Оценка 4.9

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Оценка 4.9
Научно-исследовательская работа
docx
английский язык
Взрослым
31.03.2017
Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету
Болашақ маманды кәсіби даярлау мақсатында жаратылыстану багытындагы сыныптарға қолданылатын мәтінмен жұмыс жасаудың теориялық және практикалық әдістерінің негіздері. Арнайы мақсаттағы ағылшын тілін үйрену оны дамытудан тұрады. КӘСІБИ дағды мен тилдик емес оқу орындарында ағылшын тілінің оқыту ерекшеліктері: өзгешеліктері мен жетістік терін салыстыру.
практиканын ерекшелігі.docx
А.Б.Сансызбаева,  2 курс магистранты  e­mail: [email protected]  ғылыми жетекші.: М.Ш.Жұмағұлова, ф.ғ.к., доцент Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйретудің теориялық  негіздері мен жаратылыстану бағытындағы сыныптардағы ағылшын  тіліндегі мәтінді оқыту практикасының ерекшелігі Болашақ мамандардың кәсіби өзара қатынас тілі ретінде 60 жылдардан қазіргі кезге дейін ағылшын тілін оқытудың бірнеше бағыты бар: 1) тұрмыстық қарым­қатынас үшін (General English), 2) кәсіби бағыттағы ағылшын тілі (Business English), 3) ғылыми техникалық сала үшін (English for Science and Technology), 4 академиялық мақсаттағы ағылшын тілі (English for Academic Purposes), 5) кәсіби салаға   арналған   ағылшын   тілі  (English for  Specific Purposes).  Соңғы   бағыттың (English for  Specific Purposes)   бастауларында  Джон  Уэллс, Джек  Ивер,  Питер Стревенс   сияқты   лингвисттер   тұрды.   Кәсіби   саладағы   ағылшын   тілінің   туған жылы   1962­ші   жыл   деп   санауға   болады,   бұл   жылы   ағылшын   тілі,   берілетін мәлеметтің   мазмұнына   байланысты   өзгереді   деген   теория   ұсынылды.   Яғни ағылшын   тілінің   әртүрлі   кәсіби   сала   үшін   ерекшеленетін   негізгі   ресми сипаттамаларын бөліп көрсетуге болады. Жоғарғы мектептегі әртүрлі салада ағылшын тілін үйрететін оқытушылар мен әдіскерлер   үшін   кәсіби   салаға   арналған   ағылшын   тілінің   (English   for   Specific Purposes) мәні зор. «арнайы мақсаттағы ағылшын тілі» ұғымына дәл қазір айқын анықтама жоқ. Көптеген зерттеушілердің бұл туралы ойлары үйлесуде: арнайы тілді жалпы тілден бөлек қарауға болмайды, ол оның бір құраушы бөлігі және онымен әрқашанда өзара әрекетте болады. Әдістеме  саласында  ағылшын  тілінің арнайы  мақсатта оқытылуының  зерттелуі 1960­шы   жылдары   басталады.   Ағылшын   тілін   кәсіби   бағытта   оқыту   процесін үйлесімдеу   жолдарын   іздестіру   мақсатында,   әдіскерлер   білімгерлердің қажеттіліктерін,   сабақты   оқуды   бастағанда   олар   өз   алдына   қандай   мақсат қоятындарын   зерттеуге   көшті.   1980­ші   жылдардың   басында   Т.Хатчинсон ағылшын тілін кәсіби оқытуда «үйрену процесіндегі шоғырлану» тәсілін ұсынды [1; 128]. «Арнайы мақсаттағы ағылшын тілін үйрену» оны дамыту, әдістерді жетілдіріп оны дамытудан тұрады. Кәсіби дағды мен тілдік емес оқу орындарында ағылшын тілін   оқытудың   өзіндік   ерекшеліктері   бар.   Шетел   тілдерін   оқытудың   кәсіби бағыттағы   ерекшелігі;   өзгешеліктері   мен   жетістіктерін   салыстыру.   1990­шы жылдары ағылшын тілін арнайы мақсатта оқытудың теориялық және тәжірибелік зерттелуі   жалғасты,   ал   әртүрлі   профильді   мамандықтарға   ұсыныстың   түсуіне байланысты бұл бағытты тұтынушы елдер көбие бастады. Ағылшын тілінің жалпы бағдарламасын   құру   барысындағы   қарым   қатынас   параметрлерін   жетілдіруге арналған ең негізгі міндеттері: сауаттылық, шапшаңдық, тиімділік  Ғылыми методологияда лингвистикалық емес бағыттағы факультеттерде педагогикалық анализ жасауда сансыз бағыттарда қарастырылады. Қазіргі таңда шетел   тілін   меңгерту   қарым­қатынас   жасауға   ғана   емес   таңдалып   отырған мамандықты   жетілдіру,   кәсіби   тілде   сөйлеу   талап   етілуде.   Гершунский   Б.С., Маркова   А.К.,   Матяш   Н.В.,   Павлютенкова   Е.М.,   Шелтиестің   ғылыми жұмыстарында кәсіби бейіндік жүйеде дәстүрлі оқыту әдістемесінің мазмұны мен міндеттері аса маңыздылыққа ие еместігі айтылып, олардың тәжірибесінде кәсіби құзыреттіліктің мәнін түсіну. Сондай­ақ, лингвистикалық емес мамандықтардағы оқушылардыңн   сауалнама   алу   барысындағы   қорытындыдан,   психологиялық­ педагогикалық әдебиеттерге талдау жасағанда, шет тілін игерту мәдени мансапты көтеріп, білім бірліктерін арттырады деп шешім қабылдады. Шетел тілінің оқу материалдарының   ауқымын   кеңейту,   ақпараттық   іс­шаралар   ұйымдастыруға, кәсіби   білім   мен   кәсіби   қарым­қатынасты   жүйелі   толықтырумен   қатар, практикалық дағдыларды, құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпалы зор.  Мамандандырып оқыту – кәсіби тілге машықтандыра оқыту, кәсіби тілге машықтандыру­маманданған  тұлға  болып  есептеледі.  Кәсіби  бейіндеп   оқытуда маңызды мәселе 167 институттың оқу үдересін күшейту. Жоғарғы оқу орындары мен   мектеп   сыныптары   практика   жүзінде   қолданып,   жоғарыда   айтылған обьективті   қайшылықтар   шешілуде.   Ғылым   мен   өнеркәсіп   және   тілдік   емес мамандықтарда   кәсіби   тілдік   оқытуды   жетілдіру   қажеттілігі   айтылды.   Шетел тілін меңгеруде тілдік емес мамандықтардағы оқушылардың ғылыми­әдістемелік қолдауы мен деңгейлік құралдардың қажеттілігі айтылды [2].  (грамматикалық   құрылым; Шетел   тілін   кәсіби   деңгейлеп   оқыту   бірнеше   критериялардан   тұрады:   кәсіби лингвистикалық   кәсіби   білімнің   лексикалогиялық тақырыптар) барлық түріне ие болу, кәсіби сөйлеуге өзара іс­ қимылдар   (кәсіби   бағытталған   тілді   негізделген   барлық   сөйлеу)   түрлерін; көмегімен жүзеге асыру қабілетіне ие болу; Шет тіліннің мүмкіндіктерін түсіну кәсіби   қарым­қатынаста   түрлі   лингвистикалық   ресурстардың   көптүрлілігінде; білім   алушылардың   шығармашылық   кәсіби   (мотивация,   ойлау   және   танымдық қызметке)   дайындау;   [3].   Жоғары   оқу   орнында   соның   ішінде   тілдік   емес   оқу орнындарында   ағылшын   тілін   оқытудың   ерекшелігі,   маманның   қажеттіліктерін бағдарландыру   болып   табылады,   өйткені   болашақ   мамандардың   кәсібі   мен маңызды ақпарт құралы бола алатын мағұлматтар, құжаттармен жұмыс, шетелдік әріптестермен ағылшын тілінде кәсіби тілде ақпарат алмасу маңызды. Болашақ маманның   болашақта   мәнге   ие   оқыту   бағдарламалар   мен   кәсіби   бағытталған дағдыларды   есепке   ала   отырып,   бөлінген   уақыттың   аздығын   ескеріп   ағылшын тілін жетілдіру барысы  кәсіби мәтіндерді оқытуға арналады.  Білім   алушылардың   бұл   оқу   бағдарламасы   ұйымдастыруда:   шет   тілін меңгеру, қарым­қатынас,   бағдарлау және тәжірибелік деңгейде қатар дамиды. Бұндай   бағдарламаның   таңдалуына   алдымен   бұл   материалдың   сыни   мәнін түсінуге, оқушылардың кәсіби ерекшелігіне және тіл құзырының деңгейі жатады.  Жоғарғы   оқу   орнының   оқытушысының   кәсіби   бағдарлайтын қызыметтері оқушыларға  кәсіби қажеттілік, олардың белсенділігінің көзі болып, пайда   болған   қажеттілікті   қанағаттандыру   үшін   бағытталған   іс­әрекеттерді жасауға мәжбүр ететін оқу ақпаратын ұйымдастыру кіреді [4; 325]. Біз   шет   тілі   сабақтарындағы   үш   түрлі   әрекет   түрін   қарастырамыз. Әрекеттің бірінші түрі – бұл оқытушының тәжірибесімен оқушыларды мақсатты түрде   таныстыру.   Ол   үшін   оқытушы   сабақ   барасында   тілді   оқыту,   әсіресе оқылымға үйрету тәсілдері мен әдістерін көрсетеді. Оқушылардың әрекеттерінің екінші түрі – бұл кешенді әдістемелік­бағытталған тапсырмалар және меншікті оқу   қызыметінің   орындалу   әсерлерін   ұғыну.   Үшіншісі   –   оқушылардың   табиғи немесе   әдейі   құрылған   оқу   жағдайларында,   оларға   кеңейтілген   түрде,   шет тіліндегі белсенділігін арттырып әрекет етуі. Нәтижесінде ұсынған материалды оқушылар жақсы меңгереді. Оқытушының педагогикалық қарым­қатынасы және оқушылардың   кәсіби   бағытталған   оқу   процесінде   «жаңғырту»   сипатына   ие болады.  Оқылымды   оқытудағы   педагогикалық   қарым­қатынастың   ерекшелігі   өзара әрекеттесу   сипатымен   өзгешеленеді:   оқылымды   оқыту   барысында   байланысу жазбаша және ауызша мәтіналды тапсырмалар барысында іске асырылады. Бұл тапсырмалар, нұсқаулар, тесттер және кілттер өзін­өзі бақылау үшін оқытушымен нақтылы мақсатта жасалады. Оқытушы олардың көмегімен оқушылардың мәтінді түсінуін басқарып, оған баға қойып, оның мазмұны және мағынасын тиісті түрде түсіндіріп береді. Дегенмен бұл оқылымды оқыту мәтіннің негізіндегі айтылымға үйретумен   сай   келеді,   демек,   оқылымды   оқыту   процесіндегі   педагогикалық қарым­қатынасы оқылымға және айтылымға тән формаларын қосу қажет [5; 35]. Шет тілі мұғалімінің оқыту қызыметінің табыстылығы тек қана педагогикалық қарым­қатынастың   сабақта   дұрыс   ұйымдастырылу   шартында   ғана   бола   алады. Оқылымды кәсіби коммуникативті форманың  бір түрі деп қарастыру, мәтіндерде таңдауда   ерекше   талаптарды   қажет   етеді,   оларда   ең   бірінші   орында ақпараттылықты   қамтамасыз   ететін   өлшемдер,   мәтіннің   негізгі   идеясының көрсетілуі, түпкі ой, оларды түсіну кәсіби мағыналы оқылымның мақсаттарын құрайды.  Елімізде халықаралық қатынастардың нығайуына және шет тілін жетік меңгерген мамандарға сұраныстың жоғарылауына байланысты, бұл тілдік емес оқу орындарындағы шетел тілінің әдістерін қайта қарауға себепші болып және шет тілін нәтижелі түрде меңгеруге көмектесетін жаңа оқыту системаларын және тәсілдерін іздеуді керек етті. Негізінен   шетел   тілдерінің   оқыту   процесін   қарқындату   үш   бағыттар   бойынша өтеді:   қалыптасып   алған   дәстүрлі   жүйенің   жетілу   жолымен   (саналы­ салыстырмалы,   саналы­тәжірибелі   әдіс),   жаңа   оқыту   әдістері   (қарқынды)   мен дәстүрлі   әдістердің   үйлесу   жолымен   және   дәстүрлі   әдістерді   жаңа   әдістерге ауыстыру арқылы [6; 14]. Қалыптасқан дәстүрлі оқыту жүйесі техникалық оқыту құралдарын, бағдарлау оқу   телевидениясы   сонымен   қатар   оқыту   процесін   ғылыми   ұйымдастыру, ситуация арқылы және проблеммалық оқыту есебі арқылы жетіліп жатыр. Шет тілдерін   оқытудың   дәстүрлі   және   жаңа   әдістерінің   үйлесуін,   мысалы: релаксопедиилерді   қолдану   (Шварц   1977),   ретмопедиилер   (Бурденюк   1977), суггестопедиилер (Лозанов 1979) көрсетуге болады. Жаңа қарқынды әдістердің арасында   адамның   резервтегі   мүмкіндіктерін   активтеу   әдісін   (Китайгородская 1977), эмоционалды­мағыналы әдісін (Шехтер 1977), ересек адамның шет тілді үйрену әдісін (Гегечорки 1977) ерекшелеуге болады.  Г.Н.Аксенованың   жоғарғы   оқу   орнындарында   шет   тілдерін   оқыту   әдісінің тәжірибелік   талдаудан   өткізуі   бұл   тезистің   дәлелі   болды.   Сауалнама   әдісімен 1978­1985   жылдар   аралығында   200   ден   астам   перефериялық   жоғарғы   оқу орындары   зерттелді.   Сауалнаманың   нәтижесі   жоғарғы   оқу   орындарының түлектері кәсіби әдебиеттерді сөздікпен оқып, аударып, жаттап алған тұрмыстық тақырыптарды   айтып,   бірақ   түсінгендерін   жазбаша   түрде   баяндауға қиналатындықтарын көрсетті. Олар ауызша қарым­қатынасқа түсе алмай: ауызша сөйлеуді қабылдауға және шет тілінде өз ойын тұжырымдауға қиналды. Сонымен бірге   айтылым   дағдылары   тексерілгенде   өте   төмен   нәтиже   алынған.   Өз мамандығы   туралы   әңгімелеп   беруге   қиналып,   оқытушының   сұрағына   басым көпшілігі   жауап   бере   алмай,   тек   оқушылардың   10­20%   ғана   тапсырмаларды орындай алды [7; 316].  Кәсіби қажеттілікті зерттеу кезінде шет тілдеріндегі білім көздері пайдаланғанда көздейтін мақсаттар:  1. Белгіленген мәселелер бойынша жаряилармен танысу; 2.Әр   саладағы   шет   елдік   зерттеулердің   негізгі   тенденцияларын   (бағыттарын) анықтауда;  3. Ғылыми жұмыстарға материал дайындауда;  4. Патенттік ізденісте,  5. Жаңа құрал, ережелермен танысқанда;  6. Берілген мәтін бойынша библиография құрастыруда;  7.   Шетелдік   құралдардың   түсіндірме   (сүйемелдеу)   құжаттарымен   қатысқанда қолданылады.  Екінші жай ол оқытудың түрлерінің атауы. Әдістемелік әдебиеттерде әр түрлі көптеген   атауларды   кездестіруге   болады.   Олардың   барлығын   оқыту   ісіне байланысты,   оқу   дағдысына   байланысты   қарастыруға   болады. (дайындықпен/дайындықсыз,   сыныпта/сыныптан   тыс,   дәрісханада/дәрісханадан тыс)   немесе   кейбір   оқудың   жеке   жақтары.   (аналетикалық/синтетикалық, аударылатын/аударылмайтын) оқытудың мақсатын анықтауда ескерілуге тиіс.  Жоғарыдағы мақсаттарға сай шетелдік әдебиеттерді оқитын мамандар оқытудың мына 4 түрін көрсетеді:  1) Таныстыру 2) Іздестіру 3) Қарап шығу 4) Аналетика­синтетикалық талдамалар Зерттеушілердің   айтуынша   бұл   оқудың   4   түрі   қарым­қатынастық танудың эстетикалық қажеттіліктің басқа көздерінен барлық сұрақтарына жауап таба алады. Сондықтан шетел тілінің бағдарламасында орын алуы әбден орынды. Оқытудың жетістігі ол – түсіну. Үйрене оқу – оқудың бұл түрі мәтіндегі толық және нақты, барлық негізгі және жанама деректің нәтижесі. Мәтінді оқығанда өзіне керекті ақпаратты немесе кәсіби қызықтаратын тұсын ғана барынша түсініп, сын   көзбен   оқып   үйренеді.   Әдетте,   кейін   қолдану   үшін   ғана   оқып,   есте   ұзақ сақтауға   әрекеттенеді.   Сондықтан   оны   жұй   оқып,   тоқтап,   кейбір   жекеленген жерлерін   қайта   оқып,   іштей   қайталап   оқып  кейде   жазып   алады.  Түсіне   оқу  – автордың дәлелдерін танып, түсіну. Мәтіндегі дәлелдемелердің негізгісін, нақты жанамасын да 70­75­100% дұрыс түсіну керек, себебі бұл тіл бірліктерін үйреніп, ақпарат  алу үшін тиімді оқу. Оқу тәжіребиесінде түсініп  оқу әдісімен жұмыс жасаған Л.М.Шварц, Т.Г.Егоров көрсетті.  Іздестіре оқу әдісі – мәтінді оқу барысында өзіне керекті нақты ереже, анықтама, сан­есептерді жазып, оқи отырып, мәтіннен жеке сөздерді, тіркестерді, фразаларды, үзінділерді тауып белгілейді.  Қарап   шығу   мен   іздестіре   оқудың   нормативтерінің   деңгейінің толықтығы   мен   нақтылығы   нәтижеге   байланысты,   терминдер   мен   мәтіндегі элементтерді дұрыс түсіну нәтижеге байланысты айқындалады.  Оқу   дамуының   деңгейі   –   бұл   жүргізіліп   отырған   оқу   процесінің жетістікке   жету,  еркін   меңгеру   барысында   болады.  Оқу   түрлерінің   мақсатына қарай әртүрлі және де беретін сипаты да өзгеше. Оқу дамуының деңгейі – маманға керек оқытудың деңгейі әр оқушы жетілудің белгілі сатысына жетпесе, нәтиже бермейді   де   оны   тәжірибеде   қолдана   алмайды.   Танысып   оқу   –   бұл   сипаты бойынша   «тұтас»   оқылым.   Мәтін   тұтастай   жылдам   екпінде   оқылады.   Қарап шығып   оқудың   танысып   оқудан   айырмашылығы,  ол  сөйлеу   әрекеті   сипатымен ерекшеленеді.  Бұл  оқылымның   түрінде   мәтіннің   тақырыбын,  тақырыпшаларын, бөлек азат жолдарын және мағынлық бөлшектерін оқып шықса жеткілікті. Қарап шығып   оқу   іріктелген   оқылымға   сәйкес   айқындалады.   Оның   өту   жылдамдығы танысып оқудың жылдамдығынан анағұрлым жоғары болады. Зер салып оқуда мәтіннің   барлық   мәлеметті   толықтай   түсіну   жүреді.   Оқылымның   осы   түрінде бірінші   оқылымнан   айтарлықтай   ерекшелік   болады.   Бұл   оқылымда   баяу   темп болуы мүмкін және жеке орындарды қайта оқып шығу, мазмұнын іштей қайталау болады.   Іштей   оқу   танымдық   мақсатты   көздейді,   сондықтан   үлкен   көлемдегі мәтіндерге іске асады және ақпараттық сипатта болады. Көрсетілген оқылымның түрлерін кешенді қолдану оқытудың басты мақсаты – тілді тәжірибеде меңгеруге септігін тигізеді. Оқылымның психлологиялық табиғатына сүйене аналитикалық және синтетикалық деп бөлеміз.  Синтетикалық оқылым мәтіннің мағынасын тікелей талдаусыз немесе сөздіксіз   түсінілуін   болжайды.   Ол   толық   игерілген   тіл   материалының жиынтығымен ескертілмейді. Бұл мәтіндер бастапқы кезеңде ғана оқушылардың алдын­ала   игерген   тіл   материалдарын   қамтиды.   Келесі   кезеңдерінде   тіл материалының   ұлғайуына   байланысты,   синтетикалық   оқылымға   арналған мәтіндердің   мазмұнына   әсер   ететін   мүмкін   болатын   комбинациялардың   саны өседі.   Бұл   мәтіндердің   мазмұны   кеңірек   кәсіби   проблематикамен   байланысты әртүрлі   ситуацияларды   көбірек   қамтиды.   Синтетикалық   оқылым   процесінде оқушылар белгісіз тілдік материалды кездестіреді, бұл материал мәтінді түсінуге кедергі жасамау қажет, өйткені алдын ала сәйкес түсіну алғышарттары жасалады; мәтінді талдау барысында оларда эврестикалық стратегия қалыптасады.   ­   белсенді   тіл   минимумын   мықты   меңгеру,   нәтижесінде   бейтаныс сөздер таныс ортада шығады;    ­   бейтаныс   сөздерді   бөліп   көрсете   білу   және   оларды   контекстің негізінде түсіне білу немесе сөзжасалым негізінде талдау;  ­ оқылып жатқанды түсіне алу үшін маңызсыз элементті жібере алу.  Оқушылар   аутентивті   мәтінді   оқығанда   сөздікке   жүгінбей   мағынасын   ұғынған жөн. Мәтінмен жұмыс істеуді үйрету кезінде оның мағыналық құрылымына ену оқушылардың ойлау қызыметіне қосылғанын білдіреді. Ал аналетикалық оқылым қиынырақ   мәтіндермен   жұмыс   істеуге   дайындайды,   сондай­ақ   аналетикалық мәтінде бейтаныс материалдың көлемі көбірек болып келеді. Синтетикалық және аналетикалық   оқылымның   өзара   келісімділігі   аналетикалық   оылымның   барлық кезеңдерінде байқалады. Жаңа мәтінді оқи отырып оның ортақ мағынасын, белгілі тіл материалдарына арқа сүйей отырып оның мағынасын айқындайтындығынан, аналетикалық   кезеңнің   бірінші   кезеңі   синтетикалқ   болып   келеді.   Ал   талдауға келгенде аналетикалық кезеңнің қорытынды бөлімі синтетикалық болып келеді, себебі мәтін бастапқы негізге сүйене отырып күрделенеді. Талдау кезеңінде тіл білімінде қолданылған   лексика­грамматикалық  материал  меңгерілуі  керек. Тіл білімдері   қалыптасқан,   сөйлемде   қолданылатын,   икемділікпен   толықтырылуы керек.   Бұл   кезеңде   мәтіннің   лексика­грамматикалық   жаттығулар   орындалады. Тілдік   емес   оқу   орындарында   білім   алушыға   оқытудың   төменгі   деңгейі белгіленеді. Яғни мектепте оқытудың төменгі деңгейі жүргізілсе, жоғарғы оқу орындарында   қарастыра   мен   іздестіре   оқу   жүргізілуі   тиіс.   Қалыптасқан   оқу дегеніміз   техникалық   жағынан   автоматтанған   дәрежесі   оқудың   таныстырылуы бойынша   бағаланады.   Оқу   жылдамдығының   төменгі   диапазоны   ағылшынғ­ француз   тілдері   үшін   минутына   180­190   сөз.   Бұл   оқытудың   жетістігі   және нәтижесі болуы тиіс. Қиын мәтін жағдайында минутына 50­60 сөзден кем болмау қажет.  Үйрене оқу кезеңінде 100% түсіну негізгі немесе жанама ақпаратты нақты түсіну., оқу жылдамдығы минутына 50­60 сөз болуы керек.  Қарап шығу (тексере оқу) кезінде тақырып белгілеу, негізгі сұрақтарды қарау, жұмыс жылдамдығы минутына 1­1,5 бет болу қажет. Іздеу оқу кезінде нәтижеде іздеген ақпаратты табу минутына 1­1,5 бет болу талап етіледі.  Біліктілік – қызыметкердің кәсіби даярлығының дәрежесі және түрі, онда белгілі бір қызметті орындауға керекті білімнің, іскерліктердің және дағдылардың бар болуы. Кәстік  білім, іскерліктер  және дағдылар,  сонымен қатар  мамандықтың белгілі   тобындағы   қызыметті   орындауға   керекті   қабілеттіліктері   мен   жеке тұлғалық қасиеттер, Психологтардың   профессиографиялық   зерттеулеріне   сүйене   отырып,   Э.Ф.Зеер бес басты біліктілікті бөліп алады [8].  ­   әлеуметтік   –   кәсіби   бағыттылық,   ол   басым   қажеттіліктерді, себептерді, құндылықтарды және бағдарларды сипаттайды;  ­ кәсіптік құзіреттілік, ол материалтану бойынша жалпы кәсіптік және политехникалық   білім   мен     тезнологиялық   процестерді қйымдастыру   мен   жоспарлауды,   мәселелерді   шешудің   жалпылау   әдістері   мен алгоритмдерін   анықтау,   ақпараттық,   қатынастық   технологиялар   саласындағы білім мен іскерліктерді өз құрамына енгізеді; іскерліктерді, ­   когнитивтік   қабілеттіліктер   (зейінділік,   байқағыштық,   дивергентті ойлау, креативтілік); ­ жеке тұлғалық қасиеттері (дербестік, жауапкершілік, сенімділік); ­   кәсіби   маңызды   психофизиологиялық   қасиеттер   (жалпы   кәсіби сенсомоторлық қабілеттіліктер);  Қазіргі   ағылшын   тілі   терминологиясының   синхронды   сипаты   оның қалыптасуының дереккөздері, жеке терминдер мен терминологиялық жүйелердің жасалу уақыты, аталым әдіс­тәсілдері оның қаншалықты күрделі және сан алуан түрлі ерекшелігін көрсетеді. Кез келген ұлттық тілдің терминологиясы сол ұлт өкілінің   танымдық   және   практикалық   іс­әрекетінің   нәтижесі,   қоғамның   кәсіби қызметінің барлық салаларындағы арнаулы ұғымдар атауларынан көрініс береді. Осы орайда, зерттеуіміздің негізгі нысаны­ғылым мен техниканың алуан түрлері салаларында   қолданылатын   арнаулы   сөздер­терминдерді   біріздендіру,   реттеу, жүйелеу мәселелері. Г.В.Степанов терминдерді біріздендіру, стандарттау реттеу мәселелерінің   өзектілігіне   тоқталып,   бұл   ұғымдарға   төмендегідей   анықтама береді:   «Реттеу­терминдерінің   белгілейтін   ұғымдарына   мүмкіндігінше   толық сәйкес келуін іздеуге бағытталған мамандардың бірлескен жұмысы. Стандарттау –   әр   ұғым   үшін   бір   ғана   терминдер   таңдап,   оны   арнайы   құжаттарда   бекіту. Біріздендіру   әртүрлі   ұлттық   тілдердегі   терминдермен   аталатын   ғылыми   және техникалық ұғымдармен сәйкес келуі» [9, 57 б.]. А.В.Суперанская,   Н.В.Подольская,   Н.В.Васильевалардың   пікірінше   «Нормалау термині   мейлінше   дәйекті   әрі   оның   ауқымы   кең,   олар   халықаралық   термин болғандықтан,   оны   аудару   қажет   еместігін   және   бұл   терминнен   нормаланған, нормалау керек, нормалау қызметі тәрізді туынды терминдер қатары өрбиді», ­ дейді [10, 189 б.].  Жалпы   терминдерді   ономасиологиялық   тұрғыдан   талдау   үлгісі   төмендегідей сатылардан тұрады: 1. Атаудың негізіне алынған ұғымды талдау: ­ техника саласындағы немесе ғылым жүйесіндегі ұғымның орнын анықтау; ­ терминологияның жасалу, құрылу принципін белгілеу; ­ терминмен белгіленген ұғымның мазмұнын айқындау; 2. Ономасиологиялық категорияны анықтау: ­ ономасиологиялық негіздің сиаптын анықтау; ­ ономасиологиялық белгінің сөзжасамдық уәждемемен арақатынасын айқындау; 3. Техникалық терминдерді сөзжасамдық тұрғыдан талдау: ­ туынды сөзге негіз болған тілдік бірлікті айқындау; ­ сөзжасам үлгісін белгілеу; ­ үлгінің өнімділігін анықтау; 4. Техникалық терминнің морфемдік талдануы: ­ бөлшектерге бөлінуі; ­ құрылымдық бөлшектердің сипаты; ­ морфонология құбылыстарын айқындау; 5. Сөздің этимологиялық талдануы: ­ алғашқы уәждеме мен пайда болу уақытын белгілеу; ­ сөздің семантикасындағы өзгерістерді анықтау; ­ сөздің құрылымындағы өзгерісті анықтау; ­ терминдену себептері мен уақытын айқындау; 6. Терминдерге қойылатын талаптарға сәйкес келуі: ­ жүйелілік; ­ мәтіндегі мәннің тәуелсіздігі; ­ нақтылық, дәлдік; Осындай мәселелерді шешуде алдымен лингвистикалық критерийлердің ара жігін ажыратып алу қажет: 1. Сөз таптарына қатысты; 2. Кірме, диалект, кәсіби жарогон сөздердің стандартта термин ретінде алынуы; 3. Стандарттағы сөздердің сөзжасамдық үлгілерге сәйкестігі; 4. Граматикалық категориялардың терминологияда қолдану ерекшелігі; 5.   Стандарттағы   термин   сөздердің   құрылымдарын   қысқартуға   қойылатын талаптар; 6. Терминдердің орфографиясы; Стандартта термин мәселесі күрделі де, даулы мәселе. Бұл мәселеге біржақты жауап беру мүмкін емес. Мысалы алатын болсақ терминдер негізінен зат есімнен және сөз тіркесінен тұрса, кейбір ғылыми салаларда (спорт, музыка) үстеулер мен етістіктер   жалғайтын   жағдайларда   кездеседі.   Сонымен   қатар   сын   есімді үстеулердің   де   назардан   тыс   қалдыруға   болмайды.   Мысалы:  hydromechanical equipments,   hydrobiology,   environmental   damage,   high­voltage   air   networks, pollution   abatement,   agrobiology, avtomehanohoriya  etc.  Техникалық   терминдермен   жұмыс   жасағанда   сөздіктен бөлек түрленеді және тек зат есім тұлғасында тұру мүмкін емес.  2. Стандарттарда берілген сөздерден бөлек кірме, диалект және кәсіби жаргон сөздерде   кездеседі.   Мұндай   жағдайда   арнай   сөздіктермен   немесе   мамандарға жүгіну   қажет.   Техникалық   мәтінмен   жұмыс   жасағанда   синонимдердің терминологияда қолданудың өзіндік тиымдары бар. 3. Техникалық мәтінмен жұмыс жасау барысында білім алушылар мәтінді толық түсіну   үшін   қысқарған   сөздердің   жалпы   анықтамасы,   ұғымы,   қай   тілден   acetylmethylcarbinol,   biochemical, ə ə ə ə ə енгендігіне   назарын   аударылуы   қажет.   Мысалы:  ACTH   (initialism   of adrenocorticoticotropic hormone),  DNA (abbreviation of deoxyribonucleic acid),V – Day(Victory Day), UNESCO (United National Educational, Scientific and Cultural Organization), ABD (doctoral student), IQ (intelligence Quotient), BSE (Bachelor of Science in Engineering).  Қазіргі ағылшын тілінде сөздер мынандай топтарға бөлінеді: 1. жай жəне күрделі; қарапайым, сөз тудырмайтын (жай, түбір сөздер) сөздер – жай сөздердің бір түрі болып табылады – red, leg, ask; Қарапайым туынды сөздер ­   helpless,   disorder,outwit;   қарапайым   толықнегізді   сөздер–back,   room,   take; қарапайым аббревиатуралар – doc, prof, ref. Күрделі сөздер. Бұл топ құрамына мыналар жатады: күрделі туынды емес сөздер (күрделі түбір сөздер) ­ to blacklist (қара тізімге енгізу),air sick,home ­ made; 2. туынды емес (түбір) ж не туынды;  жай туынды емес сөздер сөздік ұясының орталығы   (яғни,   туыс   сөздер   тобы)   болып   есептеледі   ж не   жаңа   сөздердің қалыптасуына негіз болады. Нөлдік флекцияға ие болған бұл сөздердің формасы – негіз бен түбірге сай келеді. Құрамды ж не күрделі сөздерге қарағанда, бұл сөздердің   лексикалық   мағыналары   лдеқайда   көп,   сондықтан   да   олар конверсияға оңай ұшырайды. Туынды сөздер жай ж не күрделі болып топтасады. Құрамында   сөзтудырушы   аффикстер   бар.   Мысалы:   aimless,   spoonful,   disbelief (жай туынды сөздер); broad shouldered, footballer, old ­ ladyish (күрделі, туынды сөздер).  Туыстық   паронимдер   дегеніміз   –   тек   суффикстерімен   өзгешеленетін, категориалық   бірдей   туысқан   сөздер:   economic   –   экономикамен   байланысты, экономикалық   (economic   crisis);   economical   –   ақшаға   мұқият,   үнемді   адам (economical woman).  ə 3. толық негізді ж не аббревиатуралар;  Толық негізді сөз – күрделі құрамалас сөздер, ал қысқартылған негізді сөз дегеніміз – күрделі аббревиатурлар (күрделі, қысқартылған сөздер). Қазіргі ағылшын тіліндегі толықнегізді сын есімдер көмегі арқылы   іске   асырылады:   World­famous   (week­long);   Dark­brown   (light­green); Radio­transmitted (flood­affected, nuclear­powered, Oxford­educated).   Сөздер, сөз тіркестері морфемалардан басқа ағылшын тілінде тағы бір өзіндік, нейтральды туындылар бар. Нейтральды туындылар – сөз немесе сөз тіркестері ретінде   қабылданатын,   сөз   немесе   түбірге   т н   қасиеттері   жоқ   компоненттер, жүйелік бірліктер. Нейтральды туындыларға мыналар жатады:  1) екі субстантивті компоненттердің үйлесімі (space vehicle, pain killer) ж не ə 2) сочетания с компонентом на – ing компонетті бар тіркестер – sleeping pills, sewing   machine,   sound   recording.   Шетел   тілінен   практикалық   сабақтар   оқу дағдыларының   мақсаттары   әртүрлі   деңгейдегі   оқушылардың   дағдылары   мен қабілеттеріне   сай   оқып   түсінуін   дамыту   қажет.   Осыған   байланысты, эксперименттер, сынау және зерттеу таңдалынады [11;]. Ағылшын тіліндегі кейбір маңызды терминдер: сөз мағынасы – аталмыш тілдік коллективке   берілген,   белгілі   дыбыстық   формаға   тіркелген,   арнайы   бір   тілге ə тиесілі мағыналы құрам. Мағына ауқымы немесе өлшемі – бір типтік заттардың өзара   байланысы.   Мағына   мазмұны   –   белгілі   бір   зат   пен   оның   эмоциональды бағалау қарым­қатынасының сипаттамасы ж не аталмыш объектінің басқа типті заттармен   байланысы   жайлы   білім.   Сөздік   мағына   –   белгілі   бір   типтің   түрлі объектілерін атау реализациясы. Контексті (комбинаторлы) мағына – бір сөздік мағыналы сөздің түрліше қолдану реализациясы.  ə Әдебиеттер тізімі 1. Hutchinson T. Project English. Teacher’s Book   3rd  edition. – Oxford University Press, 2008, p. 128.  2. Common European Framework of Reference for Languages: Learning, teaching, assessment, Cambridge: Cambridge University Press, 2001. 3. Dudley­Evans, T. & St John, M. J., Developments in English for Specific Purposes. Cambridge: Cambridge University Press, 1998. 4. Астафурова Т.Н. Стратегия коммуникативного поведения в профессионально­ значимых ситуациях межкультурного общения (лингвистические и дидактические аспекты). Дисс.доктора пед наук. – Москва., 1997­325с. 5. Фоломкина С.К. Обучение чтению на иностранном языке в неязыковом вузе: Уче­метод.пос.для вузов. – М.: русс.яз.,1991. С.35. 6. Аксенова А.К.Методика обучения иностранным языкам. – М.: Просвещение, 1969. – 14 стр. 7. Аксенова А.К. Обучения чтению. – М.: Гумаитар.изд.центр Владос, 2004. – 316стр. 8.   Зеер   Э.Ф.   Ключевые   квалификации   и   компетенции   в   личностно ориентированном   профессиональном   образовании   //   Образаование   и   наука: Известия Уральского научно – образовательного центра РАО. – Екатеринбург: УГПУ, 2000. ­ №3 (5). – С.90 – 102 9.   Степаонв   Г.Б.   Современная   научно­техническая   терминология   на   языках народов   СССР   и   проблемы   ее   унификации   //   Проблемы   разработки   и упрядочения терминологии в Академиях наук союзных Республик. – М., 1983.­ с. 57­73. 10.   Супранская   А.В.,   Подольская   Н.В.,   Васильева   Н.В.   Общая   терминология. Терминологическая деятельность. – М., 1993. – 246 с. 11.   Комарова   Е.   В.   Этапы   процесса   обучения   чтению   и   виды   чтения   на иностранном языке [Текст] / Е. В. Комарова // Молодой ученый. — 2015. — №4. — С. 570­572.

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету

Шет тіліндегі кәсіби бағытталған оқылымды үйрету
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.03.2017