Технологиялық карта
Білім беру саласы: таным, шығармашылық.
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: «Таңертең, күндіз, кеш, түн. Сол жақта – оң жақта. Дайын пішіндерді
жапсыру».
Мақсаты: таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру.
Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында
қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен кіші) және санына қарай (бір көп)
салыстыруды үйрету; қоршаған ортаданбір және көп затты таба білуді дамыту.
Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: жұмбақтар мен тәулік мезгілдері
бейнеленген суреттер салынған сандық. Әр балаға жұмыс дәптері, жай қарындаштар,
бағдаршамға арналған жапсырмалар: дөңгелек шамдар (қызыл, сары, жасыл).
Сөздік жұмыс: оң жақта, сол жақта.
Билингвальді компонент: сол жақта – слева, оң жақта – справа.
Оқу іс
әрекетінің
кезеңдері
қ
ы
л
ы
ш
у
а
ғ
з
о
қ
қ
ы
л
я
и
ц
а
в
и
т
о
М
Педагогтің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Ғажайып сәт.
Балабақшаға келе жатып жолда
пошташыны кездестіргенін айтады. Ол
біздің топтың балаларына сандық
әкеліпті.
Балалар, сандықты ашып, ішінде не бар
екенін көрейік.
Сандықтың ішінде суреттер бар, бірақ
оларды білімнің арасында алуға болады
екен.
«Сөйлемді аяқта» ойыны.
Жұмыс дәптеріндегі 6оқу ісәрекеті, 1
тапсырма.
Педагог балаларға сөйлемді аяқтауды
ұсынады:
Біз таңертең жаттығу жасамыз, ал түскі
аста ... ішеміз.
Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты ...
ішеміз.
Күн күндіз жарқырап тұрады,ал ай ...
Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды ...
жасаймыз.
Қызығушылық танытады.
Күндіз.
Кешке.
Түнде.
Таңертең. к
і
т
с
і
н
е
д
з
і
–
қ
ы
л
ы
ш
у
р
ы
т
с
а
д
м
ы
й
Ұ
«Айырмашылығын тап» ойыны.
(6 – оқу іс – әрекеті, 2 – тапсырма.)
Педагог балалардан суретке мұқият
қарауларын сұрайды.
Балалар, бұл сандықтар бірбіріне өте
ұқсас. Олардың айырмашылығын таба
аласыңдар ма?
Айырмашылықты тапқаннан кейін
ортадағы тік төрт бұрышқа қанша
айырмашылық тапса, сонша шеңбер салу
керектігін түсіндіреді.
Кәне, балалар, қандай айырмашылық
таптыңдар?
Жекелеген балаларға көмек көрсетеді.
«Апельсин»
Саусақтарымызды жаттықтырамыз.
Бір апельсинді бірнеше бөлікке бөлеміз,
өйткені біз көппіз.
Бір бөлігі – кірпіге.
Бір бөлігі – қоянға.
Бір бөлігі – үйрекке.
Бір бөлігі – мысыққа.
Бір бөлігі – тышқанға.
Ал қабығы – қасқырға.
«Шамдарды жақ» оййыны.
(6оқу ісәрекеті,3тапсырма).
Педагог өлең оқып береді:
Бас көшеде қырағы,
Үш көзді дәу тұрады.
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп біл үш сөзін.
Тоқта!
Сақтан!
Жол ашық!
Жүрме жолға таласып,
Қызыл көзін ашқанда,
Сабыр сақта, баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл кзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба.
(Ә. Табылдиев)
Педагог балаларға сұрақ қояды:
Бұл өлең не туралы?
Балалар, дәптердегі бағдаршамның
суретіне қараңдар.
суретте неше бағдаршам бар?
Балалар суретке мұқият
қарады. Сандықтардың бір
бірінен айырмашылығын
табады.
–Оң жақтағы сандықта
құлып жоқ, ал сол
жақтағыда бар.
Сол жақтағы сандық
оюланған, ал оң жақтағы
сандықта ою жоқ. Оң
жақтағы сандықтың аяғы
бар, сол жақтағысында жоқ.
Балалар тақпақтың мәтініне
қарай саусақтарын кезек –
кезек бүгеді.
Балалар өлеңді мұқият
тыңдайды.
Бағдаршам туралы.
Балалар суретті
қарастырады.
бір. Педагог:
Балалар, бағдаршамның көздері сөніп
қалыпты. Енді оны түрлі түсті
жапсырмалардың көмегімен жағуымыз
керек.
Бағдаршамға көздерін жағуға
көмектесеміз бе?
Онда тәрелкедегі дөңгелектерді (сары,
қызыл, жасыл) алып, бағдаршамның
төменгі көзінен бастап жағамыз.
Педагог:
Сендер тәуліктің қандай бөліктерін
білесіңдер?
Педагог балалардан алдымен солға
бұрылып сол жақтағы көршісін, содан
соң оңға қарап, оң жақтағы көршісінің
Балалар жапсырмаларды
бағдаршамның көздеріне
жапсырады.
Иә.
Балалар бағдаршамның
көздерін жапсырады.
Сұраққа жауап береді:
Таңертең, күндіз, кеш, түн.
Балалар басын алдымен
солға бұрып, сол жақтағы
көршісін атайды, содан соң
оңға бұрылып, оң жақтағы
көршісінің атын айтады.
қ
ы
л
ы
ш
у
р
ы
т
с
а
д
м
ы
й
Ұ
қ
ы
л
я
и
с
к
е
л
ф
е
Р
к
і
л
і
ш
у
т
е
з
ү
т
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: Таңертең, күндіз, кеш, түн мезгілдерін;
Түсінеді: қағаз бетінде оң жақты, сол жақты бағдарлауды;
Қолданады: дайын пішіндерді дұрыс жапсыруды.
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.