"Еңбек түбі береке" тақырыбындағы тәрбие сабағы материалы мектеп оқушыларына арналған. Әрбір бала мектеп жасынан бастап еңбекке үйреніп, оның жемісі береке болатынын осы тәрбие сабағында үйренетіні белгілі. Сондықтан осы тәрбие сабағы оқушыларға көп нәрсені үйренуге мүмкіндік береді. Оқушылар сабақта еңбек жайлы үйренеді.Еңбек түбі береке
Еңбек түбі береке.docx
Бекітемін:
Сынып сағаты.
Тақырыбы: «Еңбек
түбі береке»
Күні:
Сабақтың
мақсаты:
Міндеттері:
Мектеп: №
Мұғалімнің атыжөні:
Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту.
Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын
түсіндіру;еңбек жасай білу дағдыларын
дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру;
еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Сыныбы:
Қатысқандар
саны:
Нақыл сөздер,
мақал
мәтелдер,сла
йд
Ұйымдасты
ру кезеңі:
Сабақтың
басы:
Сабақтың
ортасы:
«Мақал
сөздің
мәйегі»
Оқушылармен амандасу
Мұғалімнің кіріспе сөзі: сәлематсыздарма оқушылар! Абай
атамыз «Еңбекқуаныш, жалқаулықайырылмас азап»,
деген екен. Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны
тәтті, деп халық даналары айтып кеткендей, еңбек етіп,
маңдай тіріңмен тапқан асың да тәтті болады екен. Адам
сәби болып дүние есігін ашқаннан кейін оны атаанасы
тамақтандырып, киіндіріп, ер жетіп үлкейгенше еңбек
етіп бағып қағады. Сондықтан адам баласы өзі үшін,
отбасы үшін еңбек етуі тиіс.
Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады.
«Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер
емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің
маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның
өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін,
басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге,
адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы
басқа өмір сүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең
мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар да
табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, қоғамның
материалдық негіздерін қалыптастырады.
Мұғалім: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі
– мақал», – дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр
түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді,
ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі –
мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес,
сонымен бірге халық өмірінің шежіресі. Бүгінгі өткізгелі
отырған сынып сағаты «Еңбек түбі – береке» деп аталады.
Еңбек туралы айтылған нақыл сөздер немесе мақал мәтелдердің мағыналарына мән берейік.
1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке
жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек
етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің
еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді
қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып
жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.
2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын
бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған
қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін
білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса
жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір
адам жылусыз сөнген көмір сияқты.
4. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі
елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады.
Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп еңбектеніп аты
елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің
арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болмақ.
Енді балалар өздерің еңбек туралы мақалмәтелдер
білемізба? Кім айтады?
Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кетірер
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық.
Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін тапқан.
Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
Ерінбесең, еңбегің өнеді.
Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық.
Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.
Еңбек етпеген азады.
Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
Бейнетің қатты болса, тапқаның тәтті болар.
Кезек
оқушыларда
Еңбекті сүй құрметте Береке болар еңбекте
Еңбек етсең емерсің
Жақын болшы еңбекке.
Майда бол жігіт болсаң тал жібектей
Жарамайды қатты болу тікенектей
Білімің болсадағы ұшан – теңіз
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей
«Бір тойған – шала байлық» деген қазақ
Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей
Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей.
Қорытынды
:
Еңбек – өлім жан қанатын қиятын
Еңбек – өлім жанды ашудан тыятын.
Еңбек деген – еңбектеген мылқауды тыю
Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
Сонымен, балалар, мақалдың орны мен қолданылу аясының
кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен
мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына
беретіндігінде. Осымен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Ерінбей әліміз келетін жұмыстардан қашпайық , әрқашан
өзіміз еңбектенейік
Сөз соңында
өз
тұжырымда
рын шығару № 17 орта мектеп
Тақырыбы: «Еңбек түбі береке» Сыныбы: 7 «Б»
С/ж: Абдыжалова М
20172018 оқу жылы
Тэрбие сабак: Енбек
Тэрбие сабак: Енбек
Тэрбие сабак: Енбек
Тэрбие сабак: Енбек
Тэрбие сабак: Енбек
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.