Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.
Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.
Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.
Химия, биология және физика пән бірлестігі жаңа оқу жылын «Жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып физика, химия, биология сабақтарында оқушы біліктілігін дамыту» тақырыбымен бастады. Мақсаты: оқушылардың физика, химия, биология сабақтарына деген қызығушылығын ояту, сабақта жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып, оқушының біліктілігін дамыту.
Пән бірлестігінде 4 мұғалім оқушыларға білім беруде. Барлығы да жоғары білімді, І санатты мұғалімдер. Тамыз айының 31 жұлдызында пән бірестігінің №1 отырысы болды. Отырысқа оқу ісінің меңгерушісі: А.Қ.Қалиева және бірлестік мұғалімдері түгел қатысты. Мәжілісте, 2016-2017 оқу жылындағы жасалған жұмыстарға талдау жасап, бірлестіктің жұмыс жоспарын бекіттік, мұғалімдердің күнтізбелік жоспарын талданып және бекітуге ұсынылды. Сондай-ақ, пәндерді оқыту туралы әдістемелік нұсқау хатпен бірлестік мұғалімдерін таныстырып, бейіндік оқыту бағытындағы пәндер бойынша қолданбалы және таңдау курстары мен факультатив жоспарларын жасақтап, талқылап, педогогикалық кеңесте бекітуіне ұсындық. 9,11 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің ОЖСБ, ҰБТ-ға және мектеп бітіру емтиханына дайындық іс-шара жоспары және бірлестік мұғалімдерінің дарынды оқушылармен жұмыс, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарлары жасалып, бекітілді.Сыныптан тыс үйірме жұмыстары химия пәнінен «Изотоп», биология пәнінен «Жас натуралистер» үйірме жұмысының жұмыс жоспары жасалған. Кабинеттер жасақталған. Кабинеттердің төлқұжаты, оқу кабинетін пайдалану ережесі, кабинеттің қауіпсіздік ережелері талапқа сай жасақталған. Бірлестік кабинеттер тазалығы талапқа сай, барлық техникалық құралдар жұмыс істеп тұр. Мұғалімдердің сапалық құрамы төмендегіше:
№ |
Аты-жөні |
Туған жылы |
Білі мі |
Бітір ген оқу орны |
Маман дығы |
Сағат жүкт |
Пед. сатажы |
Алған награда. |
Курстан өтуі |
|
1 |
Есенғалиқызы Н |
1964 |
жоғ |
ГПИ |
Биоло. |
12 |
27 |
- |
2017 |
|
2 |
Орынғалиева С |
1964 |
жоғ |
ГПИ |
Хим. Био |
17,5 |
32 |
- |
2017 |
|
3 |
Саржанова М |
1966 |
жоғ |
АМУ |
Биоло. |
|
28 |
- |
2017 |
|
4 |
Жанабаева З |
1974 |
жоғ |
АМУ |
Биолог. |
11,5 |
13 |
- |
2017 |
|
2016-2017 оқу жылының №3 педагогикалық кеңесінде біздің бірлестіктің ғылымы шығармашылық жұмысын жандандыруға қаулы қабылданған және мемлекеттік аттестаттау кезінде де ғылыми жұмысқа оқушыларды дайындау керектігі жөнінде ұсыныс берілген болатын. Осы олқылықтарымыздың орнын толтыру мақсатында бірлестік мұғалімдері төмендегідей тақырыпта оқушылармен жұмыс жүргізуде.
№ |
Оқушының аты-жөні |
Сынып |
Пән |
Тақырып |
Мұғалім |
1 |
Мүсенова А |
8 «Б» |
химия |
«Күкірттің адам ағзасына әсері» |
Орынғалиева С |
2 |
Есенаманов Е |
7 |
биология |
«Жайық өзені суының сапасы» |
Есенғалиқызы Н |
3 |
Қисметова З |
6 |
биология |
«Жылан терісінің емдік қасиеттері» |
Жанабаева З |
4 |
Сисенбаева Г |
8 «Б» |
физика |
«Біздің айналамыздағы диффузия» |
Саржанова М |
Бірлестік мұғалімдері І тоқсанды төмендегідей сапамен аяқтап отыр:
№ |
Мұғалімнің аты-жөні |
І тоқсан |
7- сынып |
||
Оқушы саны |
Сапа |
Оқушы саны |
Сапа |
||
|
Химия |
||||
1 |
Орынғалиева С |
110 |
50,9 % |
18 |
66,6 % |
|
Биология |
||||
2 |
Есенғалиқызы Н |
64 |
60,9 % |
18 |
66,6 % |
3 |
Жанабаева З |
- |
- |
- |
- |
|
Физика |
||||
4 |
Саржанова М |
110 |
56,3 % |
18 |
66,6 % |
2017-2018 оқу жылының І тоқсанының сапасын 2016-2017 оқу жылының І тоқсанымен салыстырғанда:
№ |
Мұғалімнің аты-жөні |
І тоқсан, 2016-2017 о/ж |
І тоқсан, 2017-2018 о/ж |
Айырма |
||
Оқушы саны |
Сапа |
Оқушы саны |
Сапа |
|||
|
Химия |
|||||
1 |
Орынғалиева С |
91 |
51,6 % |
110 |
50,9 % |
-0,7 |
|
Биология |
|||||
2 |
Есенғалиқызы Н |
61 |
59 % |
64 |
60,9 % |
+1,9 |
3 |
Жанабаева З |
45 |
60 % |
67 |
62,6 % |
+2,6 |
|
Физика |
|||||
4 |
Саржанова М |
118 |
50,8 % |
110 |
56,3 % |
+ 5,5 |
Қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен ерекшеліктер – оқушыларды тек біліммен қаруландырып қана қоймай, оқушы, мұғалім, ата-ана қажеттілігін басты назарға ала отырып, білім мазмұнын жаңартуға негізделген. Заман талабына сай қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесін технологияландыру үрдісі, әр ұстаздан үздіксіз ізденімпаздық пен шығармашылықты, кәсіби шеберлікті, құзырлылыққа жету жолындағы инновациялық технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді.
Өздеріңізге мәлім биылғы оқу жылын жаңартылған оқу бағдарламасымен бастадық. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс - тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Жаңартылған оқу бағдарламасы курсынан бірлестік мұғалімдері түгелдей өтті. Қазіргі таңда біздің бірлестіктен үш мұғалім 7-сыныпқа жаңартылған бағдарлама бойынша дәріс беруде. Жаңартылған бағдарлама өз жаңалықтарымен қатар қиыншылықтарын да ала келді. Сонда да, оған қарамастан бірлестік мұғалімдерінің тынбай еңбек етуінің арқасында, 7-сынып оқушылары І тоқсанды төмендегідей нәтижемен аяқтап отыр:
Физика: 7-сынып. Оқушы саны – 18. Пән мұғалімі: Саржанова М |
|||||||||||
Ж/Б. 1 |
Ж/Б. 2 |
Ж/Б. 2 |
І ТБ Ж/Б |
Ж/Б% |
Ж/Б% |
сумма% |
Баға |
Сапа %
|
|||
11 |
14 |
12 |
20 |
«5» |
«4» |
«3» |
|||||
8,5 |
10,3 |
8,3 |
14 |
36,7 |
34,8 |
71,5 |
5 |
7 |
6 |
66,6 |
|
Химия: 7-сынып. Оқушы саны – 18. Пән мұғалімі: Орынғалиева С
|
|
||||||||||
Ж/Б. 1 |
Ж/Б. 2 |
Ж/Б. 3 |
І ТБ Ж/Б |
Ж/Б% |
Ж/Б% |
|
Баға |
Сапа %
|
|||
«5» |
«4» |
«3» |
|||||||||
13 |
13 |
- |
20 |
||||||||
9,6 |
9,3 |
- |
12,6 |
36,1 |
31,7 |
68,1 |
5 |
7 |
6 |
66,6 |
|
Биология: 7-сынып. Оқушы саны – 18. Пән мұғалімі: Есенғалиқызы Н
|
|
||||||||||
Ж/Б. 1 |
Ж/Б. 2 |
Ж/Б. 3 |
І ТБ Ж/Б |
Ж/Б% |
Ж/Б% |
|
Баға |
Сапа %
|
|||
«5» |
«4» |
«3» |
|||||||||
12 |
8 |
8 |
30 |
||||||||
8,3 |
5,7 |
5,6 |
17,7 |
26,5 |
29,5 |
64,8 |
5 |
7 |
6 |
66,6 |
|
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебі
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында химия, биология,
физика пәндері бойынша білім берудің ерекшеліктері
Баяндамашы: Химия, биология,
физика пәндері бірлестігінің
жетекшісі З.А.Жанабаева
2017-2018 оқу жылы
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.