"Бидай масағы" аппликация
Оценка 4.6

"Бидай масағы" аппликация

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
изобразительное искусство
Детсад
06.11.2019
"Бидай масағы" аппликация
1.Тәрбиелік – воспитательная: басталған істі аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу. 2.Дамытушылық – развивающая: Қайшыны қауіпсіз пайдалану ережелерін есте сақтау; ұқыпты желімдеу тәсілдерін бекіту. 3.Оқыту – обучающая: Балаларды бидай құрылысының ерекшеліктерімен таныстыру; Тікбұрыштың бұрыштарын кесу арқылы сопақша алуға үйретуді жалғастыру. Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, ӨТТШТ технологиясы. Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: «Нан, бидай» тақырыбында иллюстрациялық суреттер, әр балаға сары түсті тіктөртбұрыштар, сары түсті жолақтар, қайшы, желім. Көптілділік/Полиязичие: бидай – пшеница-wheat
14.10.19 бидай масағы аппликация.docx
Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе Өткізу күні/Дата проведения: Тәрбиеші/Воспитатель:  Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество. Пән/Предмет: Аппликация Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Нан қайдан келеді» Тақырыбы/Тема: «Бидай масағы» Мақсаттары/Цели:  1.Тәрбиелік – воспитательная: басталған істі аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу. 2.Дамытушылық – развивающая: Қайшыны қауіпсіз пайдалану ережелерін есте сақтау;  ұқыпты желімдеу тәсілдерін бекіту.  3.Оқыту – обучающая: Балаларды бидай құрылысының ерекшеліктерімен таныстыру; Тікбұрыштың бұрыштарын кесу арқылы сопақша алуға үйретуді жалғастыру. Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын  технологиясы,  ӨТТШТ технологиясы. Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: «Нан, бидай» тақырыбында  иллюстрациялық суреттер, әр балаға сары түсті тіктөртбұрыштар, сары түсті жолақтар,  қайшы, желім.  Көптілділік/Полиязичие: бидай – пшеница­wheat  Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы 1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:  Балаларға бидай туралы өлең оқу.  Нан анасы бидаймын, Елге астық сыйлаймын. Дәнім толып піскенде Қауызыма сыймаймын. Балалар бұл өлең не туралы? Бидай қайда өседі?  Бидайдан не жасауға болады?  2.Негізгі бөлім/оснавная часть: Балалар бізде бидай аз болса біз көп өнім ала аламызба?  Бір масақта дәндер аз, сондықтан аз ұн алынады.  Тәрбиеші: Балалар біздің өніміміз көп болу үшін біз бүгін сендермен көп бидай масақтарын жасаймыз.  Сурет бойынша түсіндіру.  Балалар бидай дәндеріне назар аударайық.  Дәндердің пішіні сопақ, түсі – сары, бірінен кейін бірі орналасқан.   Көптілділік: бидай – пшеница­wheat Қайшымен жұмыс істеу ережелерін еске түсірейік. Қайшымен ойнауға болмайды, егер қайшы қажет болмаса, онда үстелде жабық жату керек,  қажет болған жағдайда бір­біріне қайшыларды жүзінен ұстап, жабық түрде беру керек.  Көрсету және түсіндіру.  Балалар бидай дәні сопақша пішінді.  Бәріміз бірге ауада сопақша салайық.  Сопақшаны тікбұрыштан қалай қиып алу керектігін еске саламын: оң қолымызға қайшыны  ұстаймыз. Сол қолымызға тікбұрышты  ұстап, айналдыра отырып, бұрыштарын  қиямыз.  Қайшылардың ұштары тек өзінен бағытталуы тиіс.  Біз дәндерді кестік, ал енді біз мұртты кесуіміз керек. Бұл үшін біз белгіленген  сызықтармен 2 жолақ кесеміз.   Тәрбиеші: енді бізде бәрі дайын және біз келесі ретпен желімдеуді бастаймыз: ­ Қағаздың ортасына, ұзын жолақты желімдейміз – бұл сабақ. Біз жолақты желімдеп,  салфеткамен басамыз. ­Шамамен сабақтың ортасында біздің дәндерді желімдеуді бастаймыз. Оларды шахмат  ретімен орналастырамыз (бірінші дәнді бір жағынан жапсырамыз, ал екінші дәнді екінші  жағынан сәл жоғары,т. б.)  Сергіту сәті:  Жайқалады ақ бидай, Басын иіп аққудай. Трактор мен комбайн, Жүргізуге мен дайын.  Балалардың өзіндік жұмыстары.  Жеке жұмыс: Омарға тікбұрыштан сопақша қиюды үйрету.  3.Қорытынды/итоговая часть:  Балалар біздің жасаған жұмысымызды көрейік. Балалар, өте керемет бидай масақтары  болды.  Біз бүгін не жабыстырдық? Бидайдың құрылысы қандай екен?  Қазір жұмыс орындарын ретке келтіреміз. Балаларды жақсы жұмыстары үшін мадақтау.

"Бидай масағы" аппликация

"Бидай масағы" аппликация

"Бидай масағы" аппликация

"Бидай масағы" аппликация
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.11.2019