Бірінші кіші тобына арналған сурет салудан технологиялық карталар.

  • Разработки уроков
  • docx
  • 02.05.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Бірінші кіші тобына арналған конспект үлгісі. Сурет салу әдемі гүл. Дәстүрден тыс технология қолданылады. Балалармен бірге ұжымдық сурет салынады. Дидактикалық ойындар ойналады. Билингвальды компонентпен жұмыс жүргізіледі. Уақыт ұзақтығы 15-минут. Үлгі суретпен жұмыс жүргізіледі. Сергіту сәті орындалады. Саусақ жаттығуы сонымен қатар.Бірінші кіші тобының сурет салудан конспект үлгілері.
Иконка файла материала сурет салу.docx
№ 23 Бірінші кіші «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің  конспектісі. Өткізу күні: 23.02.18ж Тәрбиеші: Байбусынова С.Ж. «Шығармашылық» білім  беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі. Сурет  салу. Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі». Тақырыбы: «Әдемі гүл». Мақсаты: 1.Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, әдемілікке  тәрбиелеу.    2. Дамытушылық: Балаларды гүлдердің түрлерімен таныстыруды үйрету. 3. Оқыту: Белгілі  бір  ережелерді  орындау дағдыларын  дамыту. Педагогикалық технологиялар: ИКТ Ресурстармен қамтамасыз ету:көрсету, түсіндіру,үлгі сурет, сұрақ­жауап әдісі,  дидактикалық ойын. Билингвалдық компонент:гүл­цветок, әдемі­красивый. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1.Ұйымдастырушылық  кезеңі: ­Балалар көңіл ­күйлерін қалай? ­Сурет салғанды жақсы көресіндер ма? ­Біз бүгін сендермен гүлдің суретін саламыз. 2.Негізгі бөлімі: Гүлдердің суретіне балалардың назарын аудару арқылы сұрақ­жауап алу. ­Гүлдердің бейнесін түрлі түсті ақ қағазға салу арқылы үлгісін көрсету. Көрсету тәсілі ­Алдымен балалар мен көрсетемін, сендер мұқият қараңдар Келістікпе балалар? 1­тапсырма: Саусақ гимнастикасы Саусақтарыңызды жұдырыққа бүгіп, қолыңыздың буынымен оңға қарай, кейін солға қарай  айналма қозғалыс жасаңыз.  Қолыңызды үстелдің үстіне қойыңыз да әр саусағыңызды кезекпен көтеріңіз. Бір саусақты  көтергенде, басқа саусақтарыңыз қозғалыссыз жатуын қадағалаңыз. 2­тапсырма: Сергіту сәті: (Мультизарядка) 3­тапсырма:  Ойын: «Гүлді  құрастыру» Мақсаты: Әр түрлі бөліктерден гүл құрап шығу,шапшандыққа,ойлау қабілетін жетілдіру  мақсатында. 3.Қорытынды: ­Балалар біз бүгін ненің суретін салдық? ­Гүлдердің түстері қандай?­Жақсы қатысқан балаларды мақтап­мадақтау? № 25 Бірінші кіші «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің  конспектісі. Өткізу күні: 09.02.18ж Тәрбиеші: Байбусынова С.Ж. «Шығармашылық» білім  беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі. Сурет  салу. Өтпелі тақырып: «Салттар мен фольклор». Тақырыбы: Аналарға арналған моншақ. Мақсаты: 1.Тәрбиелік: Аналарын  құрметтей  білуге  тәрбиелеу.    2. Дамытушылық: Түстерді  атауға  және  ажырата  білуге  дағдыларын  дамыту. 3. Оқыту: Балаларға эскизбен  жұмыс  жасауды үйрету. Әр түрлі өрнек салуды үйрету  (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш). Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы Ресурстармен қамтамасыз ету:көрсету, түсіндіру,үлгі сурет, сұрақ­жауап әдісі,  дидактикалық ойын. Билингвалдық компонент: ана­мама, алқа­ожерелье. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1.Ұйымдастырушылық  кезеңі: ­Балалар бүгін бізге қонаққа Тоғжан келді,Сәлеметсіңбе, Тоғжан! Тоғжан: Сәлеметсіздерме балалар, менің анам өз алқасын жоғалтып алды, сендер оны  көрген жоқсындар ма? ­Енді мен не істеймін. ­Балалар Тоғжанға көмектесеміз бе, анасына моншақ салып берейік. ­Тамаша! 2.Негізгі бөлімі: ­Үлгімен жұмыс. ­Жұмыстарын бастайды. Саусақтарын бояуға батыра отырып, парақ бетіне моншақтарды  тізе бастайды. 1­тапсырма: Д/о: «Отбасы мүшелерін ата». 2­тапсырма: Сергіту сәті: Қоян шықты далаға, Жан­жаққа қарады. Секіріп, жүгірді, Орнына кеп отырды. Тоғжан:­Бәрекелді балалар! 3.Қорытынды: ­Балалар бізге кім келді? ­ Сендерге ұнадыма? Біз не салдық? ­Тамаша, Жарайсындар! Өте әдемі болып шықты? ­Жақсы қатысқан балаларды мақтап­мадақтау?№  Бірінші кіші «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің  конспектісі. Өткізу күні: 06.04.18ж Тәрбиеші: Байбусынова С.Ж. «Шығармашылық» білім  беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі. Сурет  салу. Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз». Тақырыбы: «Жұмыртқа». Мақсаты: 1.Тәрбиелік: Жұмысты  ұқыпты  орындауға  тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: Ересектермен  бірге  әрекет  етуге  қызығушылықтарын дамыту 3. Оқыту: Балаларды  қағаз  бетін  бағдарлай  білуді  үйрету. Педагогикалық технологиялар:  Ресурстармен қамтамасыз ету:көрсету, түсіндіру,үлгі сурет, сұрақ­жауап әдісі, шұбар  тауық мультфильмы, дидактикалық ойын. Билингвалдық компонент: жұмыртқа­яйцо. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1.Ұйымдастырушылық  кезеңі: ­Балалар шұбар тауық мультфильмің қарағыларын келе ме? ­Ендеше мультфильмды қарайық. ­Балалар атасы мен әжесі жылап жатыр, тауықтары жұмыртқа тауып жұмыртқалары  жарылып, балалар ата мен әжеге көмектесеміз бе,? ­Біз алтын емес, жай жұмыртқаны салып берейік. 2.Негізгі бөлімі: ­Балалар жұмыртқаның түсі қандай болады? ­Жұмыртқаның қандай пайдасы бар? ­Жұмыс ретімен таныстыру: ­Гуашьты аздаған мөлшерін алып,  сумен араластырамыз. Содан соң бояуды керегінше  аламыз. ­Қағаз бетінде доптың жұмыртқанын  бірден қылқаламмен дөңгелете жүргіземіз. Бояймыз. 1­тапсырма: Саусақ жаттығуы: Жұмыртқаны қолда домалату. 2­тапсырма: Ойын: «Түрлі жұмырқалар». Балалар өздерінің салған жұмыртқаларын сипаттайды. 3.Қорытынды: ­Балалар бізг қандай мультфильм қарадық? ­ Сендерге ұнадыма? Біз не салдық?­Тамаша, Жарайсындар! Өте әдемі болып шықты? ­Жақсы қатысқан балаларды мақтап­мадақтау? № 27 Бірінші кіші «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің  конспектісі. Өткізу күні: 23.03.18ж Тәрбиеші: Байбусынова С.Ж. «Шығармашылық» білім  беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі. Сурет  салу. Өтпелі тақырып: «Наурыз-жыл басы». Тақырыбы: «Тәрелкеде құрт». Мақсаты: 1.Тәрбиелік: Жұмысты  ұқыпты  орындауға  тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: Ересектермен  бірге  әрекет  етуге  қызығушылықтарын дамыту. 3. Оқыту: Балаларды  қағаз  бетін  бағдарлай  білуді  үйрету. Педагогикалық технологиялар: ИКТ. Ресурстармен қамтамасыз ету:көрсету, түсіндіру,үлгі сурет, сұрақ­жауап әдісі, ,  дидактикалық ойын. Билингвалдық компонент: тәрелке­тарелка, құрт­курт. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1.Ұйымдастырушылық  кезеңі: ­Балаларды дөңгелек үстелдің жан­жағына отырғызу.  ­Наурыз мерекесінің көріністері бейнеленген суреттерді көрсету. ­Суреттерге қысқаша сипаттама беру. ­Қазақтың үлттық тағамдарына назар аударту.(айран, қымыз, құрт, бауырсақ,жент, наурыз  көже) 2.Негізгі бөлімі: ­Балалар біз де бүгін дастарханымыздың сәнің келтірейік. ­Балалар біз бүгін қазақтың ұлттық тағамының бірі құрттың суретін саламыз. ­Балаларды жұмысты орындаудың реттілігімен таныстыру. 1­тапсырма: Саусақ жаттығуы: Бас бармақ – ата Сұқ саусақ – әже Ортан терек – әке Шылдыр шүмек – ана Кішкене бөбек – мен. 2­тапсырма: Ойын: Мынау не? Ол не үшін керек?(ыдыс­аяқтардың дұрыс қолдану реттілігімен таныстыру )3­тапсырма: Ойын: «Түрлі тағамдар». Балалар суреттерге қарай отырып қазақтың ұлттық тағамдарын  атайды. 3.Қорытынды: ­ Сендерге ұнадыма? Біз не салдық? ­Тамаша, Жарайсындар! Өте әдемі болып шықты? ­Жақсы қатысқан балаларды мақтап­мадақтау? № 32 Бірінші кіші «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің  конспектісі. Өткізу күні: 20.04.18ж Тәрбиеші: Байбусынова С.Ж. «Шығармашылық» білім  беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі. Сурет  салу. Өтпелі тақырып: «Аспан әлемінің планеталары». Тақырыбы: «Жұлдыздар». Мақсаты: 1.Тәрбиелік: Жұмысты  ұқыпты  орындауға  тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: Ересектермен бірге әрекет етуге қызығушылықтарын дамыту. 3. Оқыту: Балаларға  қағаз бетін бағдарлай білге үйрету. Педагогикалық технологиялар: ИКТ. Ресурстармен қамтамасыз ету:көрсету, түсіндіру,үлгі сурет, сұрақ­жауап әдісі,  дидактикалық ойын. Билингвалдық компонент: жұлдыздар­звезды, небо­аспан. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1.Ұйымдастырушылық  кезеңі: ­Балалар біз бүгін сендермен сиқыршы боламыз. ­Біз сендермен көңілді әуенге жұлдыздарды саламыз. ­Суреттермен жұмыс. 2.Негізгі бөлімі: ­Балалар кешке қараңғы аспанда бізде нелер болады? ­Дұрыс, әрине жұлдыздар. ­Балалар аспандағы жұлдыздарды кімдер көрді. ­Жарайсындар, балалар. ­Жұлдыздар әр түрлі: үлкен­кіші,жарық болады. ­ Жұлдызды түнде жарқырап көкте нүктедей болып көрінеді. 1­тапсырма: Саусақ жаттығуы: Бір ,екі ,үш ,төрт ,бес –саусақтар  қыдыруға  шықты (саусақтарды  жұмады)                            Мынау  саусақ  орманға  барды ,мынау  саусақ  саңырауқұлақ  тапты, мынау  саусақ   тазалады, мынау  қайырымды ,мынау  жаман.2­тапсырма: Ойын: «Жұлдыздарды түстеріне сәйкес бөлу». 3­тапсырма: Қимылды ойын: «Күн мен түн». Балалар күн дегенде ойнап билеп жүреді. Түн дегенде  тоқтаған орындарында тып­тыныш отыра қалулары керек. 3.Қорытынды: ­ Сендерге ұнадыма? Біз не салдық? ­Тамаша, Жарайсындар! Өте әдемі болып шықты? ­Жақсы қатысқан балаларды мақтап­мадақтау?