Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға берілген координатасы бойынша жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын үйрету және есептер шығарғанда пайдалана білуге дағдыландыру;
2. Дамытушылық: Оқушыларды тікбұрышты координата жүйесінде екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын пайдалана білуге үйрету және білім дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілік: Оқушыларды алғырлыққа, ұқыптылыққа, формулаларды пайдалану арқылы жүйелілікке, нақтылыққа, жетістігін бағалай білуге тәрбиелеу.Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға берілген координатасы бойынша жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын үйрету және есептер шығарғанда пайдалана білуге дағдыландыру;
2. Дамытушылық: Оқушыларды тікбұрышты координата жүйесінде екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын пайдалана білуге үйрету және білім дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілік: Оқушыларды алғырлыққа, ұқыптылыққа, формулаларды пайдалану арқылы жүйелілікке, нақтылыққа, жетістігін бағалай білуге тәрбиелеу.
екі нүктенің арақашықтығы.docx
Күні: 30.01.2018
Пәні: Геометрия
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: «Екі нүктенің арақашықтығы»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға берілген координатасы бойынша жазықтықтағы екі нүктенің
арақашықтығын табу формуласын үйрету және есептер шығарғанда пайдалана білуге
дағдыландыру;
2. Дамытушылық: Оқушыларды тікбұрышты координата жүйесінде екі нүктенің арақашықтығын
табу формуласын пайдалана білуге үйрету және білім дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту.
3. Тәрбиелілік: Оқушыларды алғырлыққа, ұқыптылыққа, формулаларды пайдалану арқылы
жүйелілікке, нақтылыққа, жетістігін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Демонстрациялық баяндау, сұрақ жауап, дамыта деңгейлеп оқыту.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың түрі: Танымдық теориялық білім беру..
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қайталау сұрақтары:
1) Пифагор теоремасын жатқа айт жәнеформуласын жаз;
(Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына
тең, с2 =а2 +в2)
2) Кесінді ортасының координатасын табу формуласын айт;
(х=, у=)
3) Тікбүрышты декарттық координаталар деген не?
(Өзара перпендикуляр екі түзу)
4) Абсцисса осі деген қай осі және оны калай белгілейміз?
(Горизонталь ось абсцисса осьті Хпен белгілейміз )
5) Ордината осі деген қай осі және оны калай белгілейміз?
(Вертикаль ось ордината осьті Упен белгілейміз)
6) Координаталық осьтер жазықтықты неше бөлікке бөледі.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Координаталық түзу салып, А(3), В(9) нүктелерін белгілеп, АВ кесіндісінің
ұзындығын табамыз: ІАВІ= 9 3= 6
Яғни, А(х1), В(х2) болса ІАВІ =Іх2 х1І
Координаталық жазықтықта А(х1;у1) және В(х2;у2) нүктелері берілсін.
Берілген координаталары бойынша олардың арақашықтығын анықтайық. Ол үшін А және В
нүктелерінен координаталық осьтерге перпендикулярлар жүргізіп,
Олардың қиылысуында С нүктесін аламыз.Шыққан АВС үшбұрышы тікбұрышты үшбұрыш.
Пифагор теоремасы бойынша:
АВ2=АС2+СВ2
Бірақ АС=А1В1= Іх2 х1І,
С В=А 2В2= Іу2 у1І.
Сондықтан АВ2=(х2х1)2+(у2у1)2
Осылайша,А(х 1; у 1) және В(х 2; у 2) нүктелерінің арақашықтығы
АВ= (х2х1)2+(у2у1)2 формуласымен өрнектеледі.
Іс – әрекет:
А (1; 2), В ( 2; 2) болса, А және В нүктелерінің арақашықтығын табайық:
АВ2 = ( 2 1) 2+ ( 2 2) 2= 9+16 = 25,
АВ = 5
Санаға сіңіру:
1) Егер координаталар басы О (0; 0) нүктесі мен М (х; у) нүктесіне дейінгі қашықтықты табу керек
болса:
ОМ2 = х2+у2
2) Егер екі нүктеде абсцисса осінде жатса: d=Ix2 x1I
3) Егер екі нүктеде ордината осінде жатса: d=Iy2 y1I
Нәтиже: Жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығы олардың сәйкес координаталарының
айырымдарын квадраттап
қосып, одан квадраттық түбір тапқанға тең.
Екі нүктенің арақашықтығының формуласы:
АВ2=(х2х1)2+(у2у1)2
Ұғындыру мысалдары:
1 мысал: А (2; 5), В ( 1; 3).
Шешуі: АВ=
2 мысал:
Х осінің бойынан (1; 2) және (2; 3) нүктелерінен бірдей қашықтықтағы нүктені табу керек.
Шешуі: (х: 0) нүктесі ізделінді нүкте болсын, сонда:
(х1)2+(02)2=(х2)2+(03)2
Бұдан х=4, ізделінді нүкте: (4;0)
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Әр оқушыға екі нүктенің координатасы жазылған, арақашықтығын табуға кесте
парақша берем, жауабын тақтаға жазады.
V. Есептер шығарту.
Оқулықтан №408 (тақтары) №409(1 –шісі)
№408 1.А(2;1) В(1;2) АВ= √(1−2)2+(2−(−1))2
3. A(3;1) B(1;2) AB= √(1−(−3))2+(−2−1)2
= √1+9 = √10
= √16+9 =5
№409
A(0;1) B(1;4) C(5;2)
AB= √(1−0)2+(−4−1)2
BC= √(5−1)2+(2−(−4))2
AC= √(5−0)2+(2−1)2
= √1+25 = √26
= √16+36 = √52 = √4∗13 =2 √13
= √25+1 = √26
Қорытындылау. Рефлексия (оқушылар берілген парақтардағы сөйлемдерді жалғастыруы керек)
1. Мен таңғалдым .................
2. Мен ойланып қалдым ..............
3. Менде сұрақ бар
VII. Үйге тапсырма: Оқулық 100 бет оқу, Формула жаттау. №408 (жұптары),
VIII. Бағалау
Сабақтың басында тақтаға оқушылардың атыжөні және сабақтың бөлімдері жазлған плакат ілінді.
Оқушыларға таныстырылды. Әрбәр бөлім бойынша жауап берген оқушыға смайликтер жапсырылып
отырылды. Бір смайлик 5 балл,. Және жинаған балл бойынша шектік деңгей көрсетіліп қойылды.
Карточкадағы тапсырмалар:
1.A(2,1) және B(5,5) нүктелері берілген. AB арақашықтығын табыңыз.
2.А(1;1) және В(5;5) нүктелері берілген.АВ ұзындығын тап.
3.А(2;1), В(6;0) және С(0;0) нүктелері берілген.АВС үшбұрышының периметрін тап.
4. А (2; 5), В ( 1; 3). А және В нүктелерінің арақашықтығын тап
5.А(1;4) және В(5;4) нүктелердің арақашықтығын тап.
6.С(3;8) және D(1;5) нүктелерінің арақашықтығын тап.
7. К(5;3) және L(1;0) нүктелерінің арақашықтығын тап.
8. Координаталар басынан мына нүктеге дейінгі қашықтықты табыңдар: M(4;3)
9. Координаталар басынан мына нүктеге дейінгі қашықтықты табыңдар: N(3;1)
10. Координаталар басынан мына нүктеге дейінгі қашықтықты табыңдар: K(4;4) 11. Үшбұрыштың А(2;1) В(6;7) және С(2;2) төбелері берілген. Үшбұрыштың периметрін
табыңдар
12. Координаталар басынан мына нүктеге дейінгі қашықтықты табыңдар: M(4;3)
13.Координаталар басынан мына нүктеге дейінгі қашықтықты табыңдар: N(3;1)
14.A(2,1) және B(5,5) нүктелері берілген. AB арақашықтығын табыңыз.
15. А(1;1) және В(5;5) нүктелері берілген.АВ ұзындығын тап.
Екі нүктенің арақашықтығы 8сынып геометрия
Екі нүктенің арақашықтығы 8сынып геометрия
Екі нүктенің арақашықтығы 8сынып геометрия
Екі нүктенің арақашықтығы 8сынып геометрия
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.