Қонақ күте білесің бе? (Рухани- ізгілік сабак)
Оценка 4.8

Қонақ күте білесің бе? (Рухани- ізгілік сабак)

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
психологическая работа +1
3 кл—5 кл
09.02.2017
Қонақ  күте білесің бе? (Рухани- ізгілік сабак)
Казахский народ очень гостеприимен. Гостей всегда встречали радушно и обязательно усаживали за дастархан. Гости – это специально приглашаемые друзья, родственники, соседи. Усаживая, на самое почетное место в доме "төр", гостям предоставлялась пища. В моей разработке мы с детьми разбираем какие традиции казахов в ожидании гостей. Ведь это традиции укреплфют отношения между людьми. Не зря казахи говорят “Қазақ қонақсыз болмайды” т.е “нет казаха без гостей”. Моя цель познакомить ребят с обыячами казахов встречи гостей была достигнута.
қонақ күте білесің бе.docx
Тақырыбы: «Қонақ күте білесің бе?» Мақсаты: Ұжымдық,  жанұялық ынтымақтастақты қалыптастыру. Барысы: Отаға кез­ келген ата­ ана мен балалар жұптастырып тұрады.  Пікірлесуге екі минут беріледі. Өз ара әңгімелеседі. Ойынға қатынасушылар   әңгімелесу барысында  бір ­бірінің бойынан  жанұялық ұқсастықты табу  керек.  «Қонақжайлылық» ­ қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін»   халқымыздың қанына сіңген дәстүрлік әдебі. Қонаққа үйдің төрін, астың  дәмдісін ұсынып, соған бір рақатанып қалу ­ ежелден келе жатқан ескі  салтымыз.   Қыдыр мырза ­ Әлі өлеңінде өрілгендей, халқымыздың осынау бір асыл  қасиеті қонақжайлығы қазақтың өзіндік бір ерекшілігі, ежелгі ата салты.  Біз  қонақжай халықпыз.  Қонақжай халық ұрпағымыз. Қонаққа барғанды  ұнатамыз. Қонақ күтуді жақсы көреміз. Қонақ келсе, бар тәттімізді, жылы ­  жұмсағымызды оң қабағымызды тарту етеміз. Ал сол қонақ дегеніміз кім өзі? Ол қандай адам? Қонақ дегенде нені  түсінеміз?  1. Екі топ қонақ туралы өз ұғымдарын топтастырады. (уақыт 1минут). Мысалы: Қонақ мейман, біріншіден ол адам. Кез келген адам қонақ бола алады. Барыңды ұсынасың. Төрге жайғастырамыз. Батасын береді. Аз  отырып көп сынайды. Шақырусыз да келеді. Өз ырыздығы болады.  Түрлері болады. Сыйлап, құрмет көрсетеміз и т.б. 2. Мен қонаққа барғанда әркім өз басынан кеткен қызықты оқиғаларын  әңгімелеп береді. 3. «Қонақ күте білесің бе?»   Қазақ сыншыл халық, қонақ бола отырып, оған ғасырлар бойы баға беріп  тастаған. Біздің халқымыздың ерекшелегі  қонақжайлығыда. Оқушылар бір кубикті алып, бір санды таңдайды да, сол сан бойынша шыққан  қонақтың түрі сіздің ауылыңызға барып түскен болып саналады. Қонақтар  суреті мультимедиалық экраннан көрініп тұрады. Осы қонақтарды күтіп алу,  қарсы алудағы іс әрекеттер. Әр топқа кішкене табақшаға кескелер салынады. Онда түрлі мүшелер,  жіліктер атауы жазылған , мысалы: кәрі жілік, асық жілік, тоқпан жілік,  жауырын, омыртқа, бел омыртқа, бас, бөтеке, бауыр, өкпе, жамбас, құйымшақ, төс, ішек­ қарын, т.б. Тпасырма: І топқа: Нағашың, тұрмыстағы әпкең, кішкене баласымен қыдырып келіп  жатыр. Оның үстіне 40­45 тердегі құдайы қонақ кеп қалды. Қандай табақ  тартар  едіңдер? ІІ топқа: Алыстағы құда құдағайлардың, жездең сәлемдескелі қыдырып келіп  қалды. Осы қонақтармен бірге болып, әңгіме дүкен құрсын деп, көрші әжені  шақырып алып, қандай табақ тартар едіңдер. 5. Мақал­ мәтелдер жазып, мәнің ашу. Уақыт аяқталысымен көш басшылар  ортаға шығып, парақшаларына жазылған мақалдардың мәнін ашуға әрекет  жасайды.  Мақсатым оқушылар  осындай үлгі – өнеге алып өмірімізге үлгі салт­  дәстурімізді сақтап, ата ­бабамыздың айтулы ұрпағы саналсын деген тілекпен  көріністі ұсынамын. 1. Арнайы қонақ – арнайы шақырылған, сыйлы қонақ. 2. Сыйлы қонақ – әлдеқайдан жолы түсіп келе қалған, шақыртсаң келтіре  алмайтын, аса қадірлі қонақ.  3. Құдайы қонақ – жолаушы өзінің ат басын кездейсоқ  ауылға қонуға  рұқсат сурай отырып, тірейтін болған. Танымайтын, білмейтін  адамдардың қонақ болуы «құдайы қонақ» 4. Қыдырма қонақ – екі күннің бірінде тәтті тамақты  аңсап, үй аралап,  жөнсіз қыдыратын адам 5. Қылқима қонақ – әрі үйдің түтінін аңдып, осы түтіннің өзінен қандай  дәм пісіріп жатқанын тап басын танып жоқтан өзгені сылтауратын жетіп баратын адам.  Оқушылар бул көріністі жақсы көрсетті. Қорытынды: оқушылар қонақжайлылықты «Қонақ келсе – құт» дегендей  жақсы түсініп, келген қонақты жақсы қарсы алып, қолға су құйып, төрге  шығарып, қазақтың салт дәстүрін көрсете білді.

Қонақ күте білесің бе? (Рухани- ізгілік сабак)

Қонақ  күте білесің бе? (Рухани- ізгілік сабак)

Қонақ күте білесің бе? (Рухани- ізгілік сабак)

Қонақ  күте білесің бе? (Рухани- ізгілік сабак)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.02.2017