Открытый урок на тему "Айтшы, әжетай" (2 класс, литературное чтение)
Оценка 4.9

Открытый урок на тему "Айтшы, әжетай" (2 класс, литературное чтение)

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
чтение
2 кл
25.03.2017
Открытый урок на тему "Айтшы, әжетай" (2 класс, литературное чтение)
Этот урок про родственные отношения в семье.Например:дедушка, бабушка,отец,мать,сын, дочь, внук, внучка,правнук,правнучка.Главной темой урока является привитие детям уважения к старшим в семье, а также знать традиции и обычаи своего народа.Кроме этого, дети должны знать историю своего рода, т.е 7 поколений.На уроке учащиеся рассказывали о профессиях своих близких родственников.Они научились не только называть профессии, но и о том, что любая профессия почетна и нужна.Этот урок про родственные отношения в семье.Например:дедушка, бабушка,отец,мать,сын, дочь, внук, внучка,правнук,правнучка.Главной темой урока является привитие детям уважения к старшим в семье, а также знать традиции и обычаи своего народа.
ашық сабақ.docx

Алматы облысы , Балқаш ауданы

«№1 Бақанас орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

Бастауыш сынып мұғалімі

Нурекеева Альфия Канатовна

 

Пәннің аты: әдебиеттік оқу

Уақыты:

Кабинет:№4

Мұғалім: Нурекеева А.К

Сабақтың тақырыбы

Ж.Смақов. Айтшы, әжетай 

Мақсаты

Ж. Смақовтың «Айтшы, әжетай» өлеңімен таныстыру, мазмұнын меңгерту, мән- мағынасын ашу.

Сілтеме

2 сынып әдебиеттік оқу оқулығы

Күтілетін нәтиже

Оқушылар туыстық қарым — қатынастар, туыстық атаулар мен мамандық түрлері жайлы мағлұмат ала отырып, олардың маңыздылығын түсінеді. Оқушылардың мамандық иелері  туралы саналы түсінік қалыптасып, туысқандарға деген мейірімділік, үлкенді сыйлау, құрметтеу, сыйластыққ қайырымдылық, бауырмалдық қасиеттері арта түседі.

 

Әдіс-тәсілдері:

Психологиялық тренинг, топқа жұмыс,  миға шабуыл, эссе жазу,диалогқа түсу, СТО, сахналау, пікірталас

 

Негізгі ресурстар:

Стикерлер, проектор, маркерлер, плакаттар, топтың аты жазылған қағаздар, үнтаспа

 

Түйінді идея:

Сыни көзқарасын қалыптастыру.

Қамтылған модульдер

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер,білім беруде АКТ-ны пайдалану, білім берудегі  басқару көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Психологиялық ахуал

Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік,- дегім келеді.

Топқа бөлу: Суреттерді таңдау арқылы топқа бөлу                   (Тәрбиеші, құрылысшы, егінші, қойшы )

Топ ұстанымын еске түсіру.

·         Тыңдай білейік

·         Бірлескен жұмысты актерлер мен көрермендер жоқ-бәрі де қатысушылар!

·         Әрбір қатысушы өз пікірін келтіруі керек!

·         Біреу сөйлегенде оның сөзін бөлмейік!

·         Жеке бастың қасиеттері сыналмай, тек пікірлер ғана сыналады!

·         Мәселе жеңіске жетуде емес, басқалардың пікірін біліп, шешімнің ең тиімді жолын табуда!

·         Басқалардың пікірлерін сыйлайық!

·         Бірлесе жұмыс жасауға ұмтылайық

·         Бір мәмілеге келуге атсалысайық!

·         Жанжалды болдырмауға атсалысайық!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Күн көзін бұлттан құтқару» (Үй жұмысын пысықтап, жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру)

Бұлттың астындағы тапсырмаларды орындайды.

1-тапсырма. Ж.Смақов туралы, шығармалары туралы не білесіңдер?

2-тапсырма. «Мысық пен тышқандар»Ертегінің мазмұнын айту

3-тапсырма. Ертегіні сахналау

4-тапсырма. Ертегінің негізгі идеясы не? Үлкенді сыйлау, әдептілік туралы нақыл сөздер айту

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Интерактивті тақтаға назар аудару.

Бейнеролик көру 

 а) Балалар, жаңағы көрген бейнеролик не туралы екен? (мамандық)

Олай болса бүгін біз Ж.Смақовтың тағы бір өлеңімен танысамыз. Ол әрине мамандық түрлері және туыстық атаулары туралы болмақ.

ә) Нақыл сөзді оқып, мағынасын түсіндіру.
Ата - асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.

Осы нақыл сөзді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар өз ойларын айтады)
Оқулықпен  жұмыс. Тізбектей оқыту. (Өлеңде мамандық иелері туралы және туыстық атаулары туралы сөз болғандығы туралы балалармен диалогқа түсіп анықтау)
Түсініксіз сөздердің астын сызғызу. Түртіп алу стратегиясын пайдалану арқылы сөздік жұмысын жүргізу. Сөздерді оқушыларға оқытып, мағынасын ашу.

Топтық жұмыс. Әр тапсырманы орындап біткен сайын бағалау.

«Тәрбиеші» тобына тәрбиеші мамандығы туралы постер құрау.

 (Бағалау. «Бас бармақ»)

«Құрылысшы» тобына ребус құрау. (Бағалау. «Бағдаршам»)

«Егінші» тобына «бес жолды өлең құрастыру» (Смайлик арқылы бағалау)

«Қойшы» тобына   сөзжұмбақ құрастыру. (Мақтау, мадақтау арқылы. Мысалы: Жарайсың! Керемет! Тек қана алға! т.с.с)

Сергіту сәті

Интербелсенді тақтадан «Қой мен ешкі» видеосын көріп, жаттығу жұмысын орындау           

 

Ой толғаныс

Балалар, қазіргі кезде осы мамандықтың ішінде қай мамандықтың маңызы зор?»  Қалай ойлайсыңдар ?

(Пікірталас. Өз ойларын дәлелдеу.)

Оқушылар өз топтарын ауыстырып, кім қай мамандықты жақтайды, сол тоқа барып қарсы топпен пікірталасқа түседі. Яғни топта ақылдаса отырып, әрбір топ өз топтарының атынан сөйлейтін спикерді таңдап, дәлелдерін ортаға салып, топқа ортақ әр көзқарасты жақтайтын кем дегенде үш дәлелді құрып, әр топ спикерлері өз  дәлелдерін айтып шығады. Спикер сөйлеп болған соң қарсы жақтан сұрақ қоюға болады.(Пікірталастың ережесі жеңу емес, ақиқатына жету. Әркімнің өз ойы құнды.)

Эссе жазу. Балалар, бүгінгі сабақ бойынша қысқаша ғана эссе жазып беріңдер.

Үйге тапсырма

Олай болса өз ұстанымдарыңды эссе түрінде жазып беріңдер.

 «Кім болам?» тақырыбында эссе жазу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Топта бағалау, өз-өздерін бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Не білдім?  Не түсініксіз болды?  Нені білгім келеді?

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Алматы облысы , Ба лқаш ауданы «№1

Алматы облысы , Ба лқаш ауданы «№1

Біреу сөйлегенде оның сөзін бөлмейік! ·

Біреу сөйлегенде оның сөзін бөлмейік! ·

Мағынаны тану Интерактивті тақтаға назар аудару

Мағынаны тану Интерактивті тақтаға назар аудару
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.03.2017