Поурочный план по казахскому языку
Оценка 5

Поурочный план по казахскому языку

Оценка 5
Разработки уроков
docx
чтение
7 кл
05.05.2017
Поурочный план по казахскому языку
Сабақтың тақырыбы: Етістікті талдау. Сабақтың мақсаты: Етістіктен алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау,жинақтап, қайталау. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Етістік оның түрленуі, шақтары, рай түрлері жайлы түсініктерін қалыптастыру. Етістік түрлерін ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: Етістік жайлы білімдерін жүйелеу, сөйлеу тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту. Тәрбиелік: Ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту, өз ойын қалыптастыруға алдына мақсат қоя білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Білімді жүйелеу,жинақтау сабағы. Сайыс сабақ.. Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыс,практикалық әдіс.
етистик.docx
7­сынып.  Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Етістікті талдау. Сабақтың мақсаты: Етістіктен алған теориялық білімдерінің деңгейін  бақылау,жинақтап, қайталау. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Етістік оның түрленуі, шақтары, рай түрлері жайлы түсініктерін  қалыптастыру. Етістік түрлерін ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: Етістік жайлы білімдерін жүйелеу, сөйлеу тілдерін  жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту. Тәрбиелік: Ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту, өз ойын қалыптастыруға  алдына мақсат қоя білуге тәрбиелеу.   Сабақтың типі: Білімді жүйелеу,жинақтау сабағы.   Сайыс сабақ.. Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, талдау, сұрақ­жауап,шығармашылық  жұмыс,практикалық әдіс. Сабақтың көрнекілігі:Призентация,электронды оқулық. Сабақтың жабдығы:ТҚЖ,компьютер,проектор. Пәнаралық байланыс: Әдебиет Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Сабақтың тақырыбын таныстыру. Сабақтың құрылымы: І.Ақыл сыны. ІІ.Ақыл тереңдігі. ІІІ.Ақыл еркіндігі. ІҮ.Ақыл шапшаңдығы. Ү.Ақыл айқындығы. Кіріспе. Мұғалім: Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан жолдауынан:Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш  тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс.Олар:қазақ тілі­ мемлекеттік тіл,орыс тілі­ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі­ жақандық экономикаға кірігу тілі. «Болашақ бүгіннен басталады»дейміз,яғни сіздер болашақ өмірлдің  «тұтқасын»ұстайтын азаматсыздар.Олай болса жаңа ғасыр азаматы  саналы,білімді,жауапкершілігі мықты, ақылды болуы керек. Абай атамыз«ақыл,қайрат,жүрек үшеуің басыңды қос,бәрін жүрекке билет»  деген болатын.Сол «Болашақтың қаласына» жету үшін ақыл сынына  түсесіздер. Сабақ ақылдың түрлері бойынша жалғасады.Сынып«Талап»және«Дарын» екі  топқа бөлініп,сайысқа түседі.   І кезең ақылды сынау. Екі топқа«Жүйрік»сұрақтар беріледі. Топ басшысы белгіленеді.   «Талап» тобына 1.Етістіктің құрамына,мағынасына,тұлғасына қарай қандай түрлері бар? 2.Есімше,көсемше дегеніміз етістіктің қандай түрі?Олар қалай жасалады? 3.Тұйық етістік дегеніміз не?Жасалуы қандай? 4.Етістіктің шақтары дегеніміз не?Түрлерін ата. 5.Тұйық етістік қалай түрленеді?Тәуелдеп бер.   «Дарын» тобына 1.Етістік нені білдіреді?Қандай сұраққа жауап береді? 2.Етіс дегеніміз не?Етіс түрлерін ата. 3.Тұйық етістіктің емлесі қандай?Мысал келтір. 4.Етістіктің райлары дегеніміз не?Рай түрлерін ата. 5.Көсемшенің түрленуі қалай?Көсемшені жікте.   ІІ кезең.Ақыл тереңдігін сынау. Екі топқа әдебиет пәнінен оқыған шығармалардан үзінділер беріледі.Үзінді  қай шығармадан алынғанын,авторын табу.Мәтіннен етістіктерді тапқызу.   «Талап» тобына Жігіттер ауылдан шыға шұбала жөнеліп кетті.Ішінің қорқылдағы бар шабдар  байталмен соңынан мен келе жатырмын.Барар жеріміз алты­ақ шақырым  екен,тез жетіп қалдық. Кәдуілгі,ағаш арсына ықтай қыстаған ауыл.Бір үйден жарық  көрінбейді.Бораннан иттері де қораға тығылып,бұйығып жатса керек,біреуі  үрген жоқ. Жігіттер екі топқа бөлініп.Бекбергеннің үйіне екі жақтан жаяу бармақ  болды.Бір топтың аттарын ұстап тұруға бір ересек жігіт пен мен  қалдым.Қайсар бастаған топ ауылдың екінші жағына шығып кетті.   «Дарын» тобына Арада бірнеше күн өтті.Осы сайдан шыққан жоқ.Ашығып бұралуға  айналды.Бірақ аяғы ептеп басуға келеді.Бір­екі қырқадан асты.Бір сайда үш­ төрт ат жайылып жүр.Бұғып қасына келді.Шетте арықтау бір көк шолақ ат тұр.Тап беріп қуып отырып,қалың омбыға әкеліп қамады.Осқырып,қорқып  тұрған атты алқымынан алып,бауыздап түсті.Санын жұлды,қоңын ойды.Омбы  қардан шығармай тұрып жығып алды.Тоя жеп алып,сайына қайтты.   ІІІ кезең.Ақылдың еркіндігін сынау. Тақырып бойынша берілген етістіктерді қатыстырып,шағын мәтін құрастыру.   «Талап» тобына                                                       «Дарын» тобына Аққу.                                                                  Қайырымды түлкі. Ұшып келеді,тіккенбіз,тыңдадым,                         Жібергім келмеді,тұзақ  құрдым,жауды, қонды,ояндым,шықтым,жүгірдім,                          білмейді,ерте тұрдым,жолға  шықтым, кеткенбіз,ұша алмай жүр,кіріп кетіпті,                  қалай келеді,жылт­жылт  етеді, жүзіп жеттім,босаттым,саңқ етті,                           түскен екен,жүр,қорқып  қашты, барып қосылды,көтерілді.                                        қашып барады,қиып  тастапты,қойдым.   ІҮ кезең.Ақылдың шапшаңдығын сынау. Оқушыларға электронды оқулық бойынша тапсырмалар беру.   «Талап» тобына Келер шақ есімше жұрнағын жазыңыз. 1.Мен ақындар айтысына билет болса,бар­…..едім. 2.Ал мен барма­….едім,себебі«Тамашаға»билет алып қойдым. 3.Дәулеткерейдің айтысын тыңда­….едім. 4.Асылбек те айтысты көр­….едім,­деген. 5.Күзде айтыскер ақындар біздің қалаға да кел­…… Жұрнақтар:­р,­ар,­ер,­с.   «Дарын» тобына Қалау рай немесе басқа сөйлемекенін анықта. 1.Немересі батырлар жырын тыңдағысы келетінін айтты. 2.Шетелдік қонақтар қазақ халқының ауыз әдебиетімен танысқысы келді. 3.Қазіргі жастар шешендік өнерді үйренгісі келеді. 4.Жас ақын айтысқа қатысып көргісі келді. 5.Мектеп оқушылары Мұхаметжан ақынмен кездескісі келді.     Ү.Ақылдың айқындығын сынау. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды.Етістікті талдау. 238­жаттығу   Графикалық диктант. Мысалдар оқылады,оқушылар график арқылы белгілейді. «Талап» тобына                                       «Дарын» тобына 1.Мен барғанмын.                                     1.Ол түсінген жоқ. 2.Сен келерсің.                                           2.Күнде ерте тұратын. 3.Ол жазды.                                                3.Ауылға қайтқалы жүр. 4.Біз күнде демаламыз.                             4.Жел күшейді. 5.Ол жазып отыр.                                      5.Көктем шықты. 6.Ол көлге шомылатын.                            6.Ол келмей жүр. 7.Қыс суық болды.                                     7.Сұрақ қиын болмады. 8.Қар жауып тұр.                                        8.Ол кешіккен емес. 9.Түсте той болады.                                    9.Біз осында қалармыз 10.Ауылға кетпекшіміз.                             10.Жауын жауып тұр. Қорытынды. Міне балалар біз ақыл сыны арқылы көздеген мақсатымыз,алған  бағытымыз«Болашақтың қаласына»да келіп жеттік.   Үй тапсырмасын беру. Етістікті қатыстырып«Болашаққа үмітпен» тақырыбында эссе жазу. Топ басшыларының бағалау парағын ескеріп,оқушы білімін бағалау.   Оқысаң ғылым қорын,білімің асар, Көңілдің кіршік басқан көзін ашар, Сенетін біліміне кейбір жастар, Жерлерге аяқ жетпес,аяқ басар.­деген өлең шумғымен сабақты аяқтау.

Поурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.05.2017