Разработка уроков по казахскому языку на тему "Уақыт өлшемдері" (5 класс)
Оценка 4.9

Разработка уроков по казахскому языку на тему "Уақыт өлшемдері" (5 класс)

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
чтение
5 кл
19.04.2017
Разработка уроков по казахскому языку на тему "Уақыт өлшемдері" (5 класс)
Бұл сабақ жоспары орыс тілде оқытылатын мектептердің 5 класына арналған. Сабақ жоспарында уақыт өлшемдері туралы балаларға түсінік бере отырып, уақыт бірліктерінің арақатынасындағы қатынасты анықтауға, күнделікті өмірде уақыттың әр түрлі өлшем бірліктерінің қолданылуын түсінуіне жағдай тудыру. Күнделікті өмірде уақытты дұрыс пайдалана білуге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа топта жұмыс істеуге, өз ойын еркін айтуға, тәрбиелеу.
Спортшылар.docx
5«Б» 04.04. 2017 ж.                    5«В» 04.04. 2017 ж.     5 «А» 06.04. 2017 ж.     Сабақтың тақырыбы: Уақыт өлшемдері.  Сабақтың мақсаты: Білімділік:  Уақыт бірліктерінің арақатынасындағы қатынасты анықтауға, күнделікті өмірде  уақыттың әр түрлі өлшем бірліктерінің қолданылуын түсінуіне жағдай тудыру. Дамытушылық: Балаларды ойланту, ізденіске салу, ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына  ықпал ету. Тәрбиелік: Күнделікті өмірде уақытты дұрыс пайдалана білуге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа  топта жұмыс істеуге, өз ойын еркін айтуға, тәрбиелеу.  Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. –         Амандасу –         Назарларын сабаққа аудару Үй тапсырмасын сұрау. 5 сөйлем жазу, сан есім ережесін жаттау  Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатын, барысын айту. Ал, балалар, күн тәртібі не екенін, сан есім дегеніміз не екенін есімізге түсірдік, енді ауқыт  дегеніміз не, соны айтайықшы..  Ассоциация.  Уақыт деген сөзді естігенде сендердің ойларына не түседі? (оқушылар сызбаны  толтырады) Мәтінмен жұмыс.  Ал, уақыттың не екенін білдік, енді уақыт өлшемдері туралы мәтінді оқиық.(оқушылар кезекпен  оқиды) Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, реттік, жинақтық сан есімдерге айналдырыңыз.  Келесі тапсырма.  Сәйкестендіру. (тақтада) Сағат              тәулік Қыс                 қаңтар Жыл               жаз Ай                   қазан Апта               қаңтар Мақал – мәтелдерді сан есімдерді тауып, құрамына, мағынасына қарай талдау.   Жаңбыр бір жауса, Терек екі жауады. Алпыс күн тасыған су, Алты күнде қайтар. Елу жылда ел жаңа, Жүз жылда жер жаңа. Ал, балалар, біз уақыт өлшемдерін, сан есімдерді айтып жатырмыз. Ал, уақыт өлшемінің бірі –  сағатты білеміз бе? Сағат неше болды? Сұраққа жауап беру. (тақтада белгілі бір уақыт көрсетілген 5 сағат  беріледі) Қорытынды. Балалар, сонымен уақыт дегеніміз не екен? Уақытты үнемдеу үшін не керек екен? Уақытты өлшеу үшін бізге не керек екен? Сонда сан есім дегеніміз не екен? Үйге тапсырма. Мақал­мәтелдерді жаттау.  Бағалау. Қай топта «5» деген баға көп болса, сол топ жеңімпаз болады. 5 «А» 05.04. 2017 ж.     5«Б» 03.04. 2017 ж.                    5«В» 03.04. 2017 ж.     Сабақтың тақырыбы: Уақыт. Сабақта Сабақтың мақсаты: Оқушыларға уақытты дұрыс айта білуге. Білімділік: Грамматикалық тақырыпты лексикалық тақырыппен ұштастырып меңгерту. Уақытты қазақша  дұрыс айта білуге үйрету. Тәрбиелік: Уақытты дұрыс пайдалануға, уақытпен жұмыс жасауға, әр уақытты тиімді пайдалануға, тілді  құрметтеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту. Сабақтың түрі: аралас сабақ Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу, жазбаша жұмыс Көрнекілігі: жұмбақ, суреттер, сағат, кесте, жаңа сөздер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Негізгі бөлім. 1. Жұмбақ шешу (Қызығушылығын ояту). Бір жылда неше ай бар?Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Бір тәулікте неше сағат бар? Бір сағатта неше минут бар? Бұрасаң тетігін, Соғады жүрегі. Өлшемін түн мен күн, Әркім­ақ біледі    (Сағат) (Тақтаға сағаттын суреті ілінеді.) Сұрақ­жауап әдісі  ой қозғау. Бір жылда неше күн бар? Бір аптада неше күн бар? Бір минутта неше секунд бар? Сөздік жұмысы. Сағат – часы                                                     Таңертең – утром Қол сағат –наручные часы                              Түсте – в полдень  Қабырға сағат – настенные часы                  Кешке – вечером Қалта сағат – карманные часы                     Ертең – завтра Сағат неше? – Который час?                        Бүгін – сегодня Кеше – вчера Уақыт қанша, айтыңызшы? – скажите, пожалуйста, который час? Қазір уақыт қанша? – Сколько сейчас времени? Көрсетеді – показывает (о времени) 1. Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың санын білдіреді. Оларды сан есімдер деп  атайды. Мыс: бес, он, жиырма, алпыс, жүз, төртінші, алтыншы При указании времени (даты) на вопрос Қашан? (когда? ) к числительным прибавляются окончания – да, ­де,  ­та, ­те. Мыс. алтыда, екіде, бесте. 2. Ойын «Кім жылдам?» Берілген уақыттарды сағатпен ата 1) Таңертең – 2) Түс – 3) Кеш – 4) Түн – 2.Суретпен жұмыс. Тақтадағы сағаттың суретімен таңысып , сағатпен жұмыс істеу. Сағат неше? Сұраққа жауап беруге үйрету. 3. Дәптермен жұмыс. Сағат, уақыт  сөздермен сөйлем құрастыру, жазу. Сергіту сәті Сабақ қашан басталады? Қазір сағат қанша? Сағат нешеде үйге қайтасың? 4. Тілдесу. Жауап беріңдер? Сабақ неше минут болады? Сабақ қашан бітеді? 5. Ой қозғау. Дүйсенбіден кейін – Қаңтардан кейін – Сабақты қорытындылау. Сұрақтар беру Үйге тапсырма беру. Ережені жаттау, сөздіктегі сөздермен сөйлемдер құрап жазу.  Бағалау Жаздан кейін – Бүгіннен кейін – Жексенбіден кейін – Төртінші сыныптан кейін – 03.04.2017 жыл   : оқушыларды спортқа баулу, салауатты өмір салтын, жүргізуге үгіттеу. Қазақстанның белгілі   :  тақырып бойынша достарымен спорттың түрлері мен сүйікті спортшылары  туралы пікір алысу  6 «А» класс  Еліміздің белгілі спортшылары Сабақтыңмақсаты:  Білімділік:  Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну, арқылы коммуникативтік  сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық   білуге дағдыландыру.  Тәрбиелік   спортшыларының данқын көтеру,үлгі алуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, жеке дара жұмыс, сұрақ­жауап, ой қозғау. Сабақ көрнекілігі: оқулық, сурет, кесте, дидактикалық материал І. Ұйымдастырукезені а. Амандасу, сабаққа ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Өткен сабақтар бойынша қайталау, ережелерді еске түсіру.  ІІІ. Жаңа сабақ а. Ой қозғау. Сұрақ­жауап Қазақстанда спорттың қандай түрлері жақсы дамыған? Қандай қазақ спортшыларын білесіңдер ? Қай жылы Лондонда олимпиада өтті? Біздің қалада спортпен айналысу үшін қандай жағдайлар жасалған? Сен қандай спорт тұрлерін жақсы көресің? ә.Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. б. Топпен жұмыс: І топ  «Дәулет Тұрлыханов» Сөздік: Күрес – борьба   Бапкер – тренер Жеңімпаз – победитель Демеу бере білу – уметь поддержать Зор табыстар – большие успехи Ықпалы зор –большое влияние Сайыс – соревнования Жету – достичь Ғұмыр – жизнь Шәкірт – ученик Дәулет   Тұрлыханов   Қазақстанның   еңбек   сіңірген   спорт   шебері.  Ол   1987   жылы   Европа  кубоктарының жеңімпазы. 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері. 1992 жылғы  XXV Олимпиаданың қола жүлдегері. Дәулет   Тұрлыхановтың   грек­римдік   күресіне   ынтасын   оятқан   әрі   бапкер,   әрі   тәрбиешісі   әкесі   Болат Тұрлыханов   болған.   Өзінің   спортпен   айналысқан   ғұмырында,   Дәулет   әлем   жеңімпаздарымен     сайысқа   түсіп, көптеген жеңістерге ие болған. Үш Олимпиадаға қатысты. Атлантадағы Олимпиада да Дәулет Тұрлыханов жарысқа да қатысты, бапкер де болды. Оның шәкірті Юрий Мельниченко Олимпиаданың жүлдегері болды. Тапсырмалары: Мәтінді оқу, түсіну.Мәтін бойынша  түсінігін айту; Мәтінде берілген сан есімдерді тауып, сөзбен көшіріп жаз.  Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.  ІІ топ «Жақсылық Үшкемпіров» Сөздік Күрес–борьба Женімпаз – победитель Жалауын көтерген – поднял флаг Күміс женімпаз – серебрянный призер Дүниежүзі  чемпионы – чемпион мира Еңбек сінірген  жаттықтырушы – заслуженный тренер 1. 2. 3. 4. 5. 1. 2. 3. Жақсылық  Үшкемпіров 1951 жылы  туған. Бірінші қазақ  спортшысы, Олимпиада чемпионы. 1980 ж. XXII Олимпиада ойындарында  Мәскеуде  жеңіске  ие  болды. Бірнеше  рет  грек – рим  күресінің жеңімпазы,  1981жылы Дүниежүзі чемпионы, 1982 жылы  Дүниежүзі кубогінің күміс жеңімпазы. 1984 жылы Красноярск қаласында 33 жастағы  Жақсылық  Үшкемпіровты  үлкен  спорттан  рәсми  түрінде  шығарып салды.  1984   жылдан   бастап   республикалық   кәсіподақ   комитетінің   спорт   мектебінің   директоры.   1993   жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры. Спорттағы   жетістіктері   үшін   «Құрмет   белгісі»   орденімен,   бірнеше   медальдар,   «Қазақ   еңбек   сіңірген жаттықтырушысы » атағы берілді. Тапсырмалары: 1. 2. 3. Мәтінді оқу, түсіну. Жоба қорғау. Мәтіннен сан есімдерді теріп, мағынасын ажырат, сөзбен көшіріп жаз.  Берілген сөздерді сөз құрамына талда. Күресінде, комитетінің, ордендерімен ІV. Бекіту: спорт туралы 5 жол өлең жазу V.  Үй жұмысы: Белгілі спортшылар туралы қысқаша шығарма жазу VII. Қорытынды.Бағалау І топ  «Дәулет Тұрлыханов» Сөздік: Күрес – борьба   Бапкер – тренер Жеңімпаз – победитель Демеу бере білу – уметь поддержать Зор табыстар – большие успехи Ықпалы зор –большое влияние Сайыс – соревнования Жету – достичь Ғұмыр – жизнь Шәкірт – ученик Дәулет   Тұрлыханов   Қазақстанның   еңбек   сіңірген   спорт   шебері.  Ол   1987   жылы   Европа  кубоктарының жеңімпазы. 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері. 1992 жылғы  XXV Олимпиаданың қола жүлдегері. Дәулет   Тұрлыхановтың   грек­римдік   күресіне   ынтасын   оятқан   әрі   бапкер,   әрі   тәрбиешісі   әкесі   Болат Тұрлыханов   болған.   Өзінің   спортпен   айналысқан   ғұмырында,   Дәулет   әлем   жеңімпаздарымен     сайысқа   түсіп, көптеген жеңістерге ие болған. Үш Олимпиадаға қатысты. Атлантадағы Олимпиада да Дәулет Тұрлыханов жарысқа да қатысты, бапкер де болды. Оның шәкірті Юрий Мельниченко Олимпиаданың жүлдегері болды. Тапсырмалары: 1. Мәтінді оқу, түсіну.Мәтін бойынша  түсінігін айту; 2. Мәтінде берілген сан есімдерді тауып, сөзбен көшіріп жаз.  3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.  ІІ топ «Жақсылық Үшкемпіров» Сөздік Күрес–борьба Женімпаз – победитель Жалауын көтерген – поднял флаг   Күміс женімпаз – серебрянный призер Дүниежүзі  чемпионы – чемпион мира Еңбек сінірген  жаттықтырушы – заслуженный тренер Жақсылық  Үшкемпіров 1951 жылы  туған. Бірінші қазақ  спортшысы, Олимпиада чемпионы. 1980 ж. XXII Олимпиада ойындарында  Мәскеуде  жеңіске  ие  болды. Бірнеше  рет  грек – рим  күресінің жеңімпазы,  1981жылы Дүниежүзі чемпионы, 1982 жылы  Дүниежүзі кубогінің күміс жеңімпазы. 1984 жылы Красноярск қаласында 33 жастағы  Жақсылық  Үшкемпіровты  үлкен  спорттан  рәсми  түрінде  шығарып салды.  1984   жылдан   бастап   республикалық   кәсіподақ   комитетінің   спорт   мектебінің   директоры.   1993   жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры. Спорттағы   жетістіктері   үшін   «Құрмет   белгісі»   орденімен,   бірнеше   медальдар,   «Қазақ   еңбек   сіңірген жаттықтырушысы » атағы берілді. Тапсырмалары: 1. Мәтінді оқу, түсіну. Жоба қорғау. 2. Мәтіннен сан есімдерді теріп, мағынасын ажырат, сөзбен көшіріп жаз.  3. Берілген сөздерді сөз құрамына талда. Күресінде, комитетінің, ордендерімен

Разработка уроков по казахскому языку на тему "Уақыт өлшемдері" (5 класс)

Разработка уроков по казахскому языку на тему "Уақыт өлшемдері" (5 класс)

Разработка уроков по казахскому языку на тему "Уақыт өлшемдері" (5 класс)

Разработка уроков по казахскому языку на тему "Уақыт өлшемдері" (5 класс)

Разработка уроков по казахскому языку на тему "Уақыт өлшемдері" (5 класс)

Разработка уроков по казахскому языку на тему "Уақыт өлшемдері" (5 класс)

Разработка уроков по казахскому языку на тему "Уақыт өлшемдері" (5 класс)

Разработка уроков по казахскому языку на тему "Уақыт өлшемдері" (5 класс)

Разработка уроков по казахскому языку на тему "Уақыт өлшемдері" (5 класс)

Разработка уроков по казахскому языку на тему "Уақыт өлшемдері" (5 класс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.04.2017