Сұлтан Бейбарыс
Оценка 4.6

Сұлтан Бейбарыс

Оценка 4.6
Разработки уроков
doc
чтение
2 кл
04.05.2017
Сұлтан Бейбарыс
1.Эвристикалық сұрақтар арқылы әңгіменің негізгі идеясын түсіндіру. 2. Мазмұнын айтқызу арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту, яғни әңгімелеуге, суреттеп айту дағдыларын қалыптастыру. 3. Сабақ барысында туған елге, жерге деген, Отанына деген жылы сезімін ояту. Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: оқулық. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Жаңа сабақ. 1. «Сұлтан Бейбарыс» әңгімесі оқылады. Қиын, түсініксіз сөздерді оқушылар түртіп алып отырады.
Күні 10.11.2013..doc
Күні: 02.09.2013ж.       №1 Сабақтың тақырыбы: Сөйлем жене сөз. Сабақтың  мақсаты:  сөйлем   және   сөз   тақырыбы   бойынша   1­сыныпта   алган   білімдерін   еске   түсіру; сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастыра білу дағдыларын арттыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету; сөздік қорларын дамыту. Сабақтың әдісі: сұрак­жауап, қайталау, жаттығу. Сабақтың   көрнекілігі:  сөйлем,   мәтін   құрастыруға   кажетті   сюжетті   суреттер,   сөздер   жазылған карточкалар. Қайталау сабағы. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың барысы: 1. Мектепке бірінші күн келген оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Партада дұрыс отыру ережелерін еске түсіру. Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату. 2. Алғашқы сабак мектеп, білім, сыныптас окушылар, жазғы демалыс тақырыбына арналады. Оқулықта берілген  жаттығулар  да  осы  тақырыптың  мазмұнын  ашуға  жұмыс  істейді.  Мұғалімнің  міндеті  ­ осы тақырып төңірегінде әңгіме жүргізе отырып, сөздің заттың, құбылыстың атауы екенін, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құралатынын ұғындыру. 1­жаттығу бойынша мұғалім алдымен суретте бейнеленген заттардың атауын сұраудан бастауына болады (мұғалім,   гүл,   оқулық,   оқушы,   мектеп,   т.б.).   Содан   соң   сурет   бойынша   сұрақтарға   жауап   алады. Сұрақтарға   жауап   беру   үшін   сөздерден   сөйлем  құрастырғандарына   назарларын   аудару   керек. Балалармен   сұрақ­жауап   түрінде   әңгіме   жүргізілгеннен   кейін   мәтін   құрастырылады.   Осылайша кезеңдермен жұмыс істеу аркылы окушылар 1­сыныпта өткен сейлем және сөз туралы білімдерін еске түсіреді. 2­жаттығуды   орындамас   бұрын   балалармен   жазғы   демалысты   қалай   өткізгендері   туралы   әңгіме жүргізіледі. Сәйлемдердегі сөз санын анықтайды. Өлеңді іштей бірнеше рет кайталап оқығаннан кейін жатқа жазады. 3­жаттығуда берілген сөздерді оқиды. Алдымен осы сөздерді катыстырып жеке сөйлемдер құрастырады. Содан соң бірнеше оқушының осы сөйлемдерді пайдаланып қысқаша құрастырған мәтіндері тыңдалады. 4­жаттығу сөйлемдердің ара жігін ажырата білуге арналған. Бұл жаттығу арқылы балалар сөйлемнің бас әріппен басталып жазылатынын еске түсіреді. 5­жаттығуда мақалдың жалғасын іздеп табады, түгел көшіру міндетті емес. Мақалдар бүгінгі күннің тақырыбына   байланысты   білімнің   адам   өміріндегі   маңызына   арналған.   Осы   макалдардың   мазмұны аркылы білімнің кажеттілігі туралы ой­пікірлерін қорытындылайды. 6­жаттығуда  әр сөйлемге бір сөзден косылып отырады. Оқушылар әр сөз қосылған сайын сөйлемнің мағынасы кеңірек ашыла түсетінін байкайды. Үйге берілетін жаттығуды мұғалім сынып оқушыларының деңгейін ескере отырып, өзі таңдайды. 3. Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау үшін мынадай сұрақтар қоюға болады: ­ Сөйлем дегеніміз не? ­ Сөйлемнің қандай түрлері бар? ­ Сөйлемнің сөзден қандай айырмашылығы бар? ­ Сөйлем неден құралады? ­ Сөз дегеніміз не? ­ Сөз неден құралады? ­ Сөйлемнің алгашқы сөзі кандай әріппен жазылады? ­ Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады? Қазақ тілі      2­сынып   №2 Күні: 03.09.2013ж Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымалды қайталау. Сабақтың мақсаты:  буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алган білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету; буынға дұрыс бөлу, тасымалдай білу дағдыларын дамыту. Сабақтың көрнекілігі: сөз, буын карточкалары, заттық суреттер. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Каникулдан  кейін оқушылардың зейіні шашыраңқы болады, сондықтан оларды  сабаққа ұйымдастыру жұмысына   көңіл   бөлу   керек.   Сондай­ақ   1­сыныпта   өтілген   материалдардың   көпшілігін   ұмытып қалуларына   байланысты,   бұрынғы   алған   білімдерін   қайта   жаңғырту   үшін   мұғалімдер   қайталау сабақтарын өз дәрежесінде өткізуге тырысқаны жөн. Үй тапсырмасын тексеру. 2. Үйге   берілген   жаттығуды   оқушылардың   қалай   орындағандықтарын   тексере   отырып,   білімдеріндегі олқылықтарды   анықтап,соған   байланысты   сөйлем   және   сөзге   қатысты   қайталау   сұрақтары   беріледі. Балалардың   өткен   сабақты   қаншалықты   меңгергендіктерін   анықтауда   үлестірмелі   карточкалардың пайдасы көп. Қайталау сабағы. 3. Бұл   күнгі   сабақтың   жаттығулары   оқу   кұралдары,   оны   күтіп   ұстау   тақырыбына   арналады.   Жаттығу жұмыстары   аркылы   1­сыныпта   өткен   материалдарды   кайталаумен   бірге   мұғалім   окушылардың   оқу құралдарын   күтіп   ұстауы,   оның   білім   берудегі   маңызы   туралы   әңгіме   жүргізе   отырып,   сабақтың тәрбиелік мәнін ашады. Буын   карточкаларымен   жұмыс.   Балалар   буындардан   сөздер   кұрап   жаттығады.   Суреттер   бойынша заттардың   атауын   атап,   ол   сөздерді   буынға   бөледі,   буын   санын   анықтайды,   буын   санының   дауысты дыбыстарға байланысты екенін естеріне түсіреді. Екі, үш, төрт буынды сөздер құрайды. Сөздерді дұрыс тасымалдауды еске түсіру. Ол үшін оқушылар бір сөздің бірнеше тасымалдану үлгісін көрсетеді.   Мысалы:   оқушылардың,   оқушылардың,   оқушылардың.   Жалғыз   әріптен   тұратын   сөздердің тасымалданбайтынына назарларын аудару. Оқулықта   берілген   1­жаттығу   буын,   буындардың   дыбыстардан   кұралатыны   туралы   окушылардың   1­ сыныпта алған білімдерін кайталауға арналған. Әр буынның неше дыбыстан тұратынын санайды. 2­жаттығуда   берілген   өлеңді   іштей   оқып,   мазмүнымен   танысканнан   кейін,   бірнеше   оқушы   өлеңді дауыстап, буынға бөліп оқиды. Буын құрамымен жұмыс жүргізіледі. Бір дауысты дыбыстан ғана тұратын буындарды тауып, оның дауысты дыбыс екенін өздері анықтап айтулары тиіс. 3­жаттығу   бойынша   алдымен   буындар   жазылған   баған   мен   сөздер   жазылған   бағанды   салыстырады. Берілген   буындардан   сөз   кұрауға,   берілген   сөздерден   сөйлем   кұрастыруға   болатынын   айтады. Буындардан сөз құрауды жарыс түрінде ұйымдастыруға болады. 4­жаттығу   үш,   төрт   буынды   сөздерді   әртүрлі   тәсілмен   тасымалдап   үйренуге   дағдыландырады. Тасымалдауға болмайтын сөздердің неге тасымалданбайтын дәлелдейді. 4. Сабақты қорыту. Сабакты корытындылау кезінде оқушылардың білімінде олқылықтар бар тақырыптар бойынша бекіту сұрақтары қойылады. 5. Үйге тапсырма: 5­жаттығу,6,7 бет. Қазақ тілі      2­сынып   №3 Күні: 04.09.2013ж Сабақтың тақырыбы: Дыбыс  және әріп. Сабақтың мақсаты: дыбыс және әріп туралы алған білімдерін еске түсіру, жаттығу; дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білу; сөздердің неше дыбыстан, әріптен тұратынын анықтай алу. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген жаттығуды тексере отырып, оқушылардың  өткен сабақты  қаншалықты меңгергендіктері анықталады. Үш, төрт буынды сөздерді, бір дыбыстан тұратын буындары бар сөздерді дұрыс тасымалдау дағдыларын бекіту. Қайталау сабағы. 3. Дыбыс және әріп туралы 1­сыныпта алған білімдерін еске түсіру. Мынадай сұрақтар қойылады: ­ Дыбыс дегеніміз не? ­ Әріп дегеніміз не? ­ Дыбыстардан не құралады? Суреттермен жұмыс.  Оқушылар суретте бейнеленген заттардың атын атап, олардың неше дыбыстан тұратынын табады. 1­жаттығу  ауызша   орындалады.   Жұмбақтың   шешуін   тауып,   оның   неше   дыбыстан   құралғанын анықтайды. Жұмбақтың  шешуін тақтаға жазғызып, оның қандай әріптермен белгіленгенін көрсетулеріне болады. 2­жаттығу бойынша өлең­жүмбакты оқып, оның жауабын дәптерлеріне жазады: борсық ­ торсық, сазан ­ қазан,   ұшак   —   ошақ.   Өзгерген   дыбыстардың   астын   сызады,   барлық   сөздердің   бірінші   әріптерінің өзгергенін   айтады.   Қатар   тұрған   екі   сөзді   салыстыра   отырып,   бір   әріптің   өзгергенінен   сөздердің мағынасының да өзгергенін байқап, өз беттерінше қорытынды жасаулары керек. жасау асау сау ау 3­жаттығу  бойынша   өлеңнің   мазмұнын   талқылап   алғаннан   кейін   қарамен   жазылған   сөздерді   баған түрінде жазады. ен ден еден неден Әрбір   әріп   қосылған   сайын   немесе   қысқарған   сайын   сөздің   де   мағынасының   өзгергеніне   назарларын аударады. Әр сөздің мағынасын түсіндіреді. Сөздің мағынасының өзгеруінде бір дыбыстың өзінің алатын орны ерекше екенін ұғынады. 4­жаттығу  оқушылардың   сөйлемді   дұрыс  құрастыра  білу  дағдыларын  арттыруға   арналған.  Қарамен жазылған   сөздерге  дыбыстық   талдау  жасау   арқылы   кейбір  әріптердің   дыбысталмайтынын,  ал   кейбір әріптердің косарлы дыбыстан тұратынын еске түсіреді. Мысалы: лагерьде (8 әріп, 7 дыбыс), сарғая (6 әріп, 7 дыбыс), үюге (4 әріп, 5 дыбыс), подъезде (8 әріп, 7 дыбыс). Бұл жаттығу жазбаша орындалады. 5­жаттығу   әріптердің   орналасу   ретін   (әліпбиді)   пысықтау   үшін   берілген.   Сөздерді   әліпби   ретімен орналастыра білудің күнделікті өмірдегі қажеттілігі туралы әңгіме жүргізуге болады. Үйге тапсырма: 5­жаттығу 9­бет. Сөздерді әліпби ретімен жазу. Қазақ тілі      2­сынып   №4 Күні: 05.09.2013ж Сабақтың тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар.  Сабақтың   мақсаты:  дауысты   және   дауыссыз   дыбыстарды   ажырата   білу;   олардың   бір­бірінен ерекшелігін түсіне білу; сөздердің жуан, жіңішке айтылуының дауысты дыбыстарға байланысты екенін ұғыну. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. 1. Дыбыстар мен әріптерді, дыбыстардың айтылуын қайталай отырып, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін еске түсіруге дайындық жұмысын жүргізу. Қайталау сабағы. 2. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы кейбір дыбыстардың еркін созылып, кейбір дыбыстардың кедергіге ұшырап айтылатынына назарларын аудару. Осындай жұмыстардан кейін дауысты, дауыссыз дыбыстар   туралы   1­сыныпта   алған   білімдерін   еске   түсіреді.   Барлык   дауысты   дыбыстарды   хормен дауыстарын   созып   айтып   шығып,   тағы   да   бір   рет   олардың   еркін   созылып   айтылатынына   көздерін жеткізеді.   Дауыссыз   дыбыстарды   да   созып   айту   тапсырылады.   Оларды   айту   кезінде   дыбыстардың кедергіге   ұшырап   шығатынына   көздерін   жеткізеді.   Оқулықта   бұл   сабаққа   берілген   жаттығулардың барлығы   сөз   ішінен   дауысты,   дауыссыз   дыбыстарды   таба   білуге   арналған.   Жуан,   жіңішке   дауысты дыбыстарды бөліп көрсетеді. Жұмыс жүйелі жүрген жағдайда оқушылар 1­сыныпта алған білімдерін ары қарай дамыта алады. Сөздердің   жуан,   жіңішке   айтылатынын   байқату   мақсатында   алдымен   балаларға   тақтаға   жазылган сөздерді   дауыстап   оқу   тапсырылады.   Олардың   қайсысы   жуан,   қайсысы   жіңішке   айтылып   тұрганын ажыратады.   Жуан­жіңішке   жұп   дауыстылары   бар   сөздер   берілген   2­жаттығу   арқылы   оларды салыстырады (а ­ ә, о ­ ө, ұ ­ ү, ы ­ і). Қатар берілген сөздердің ішіндегі дауысты дыбыстарды тауып, оларды   салыстырады,   содан   кейін   жуан   дауысты   дыбыстары   бар   сөздердің   жуан   айтылатынындығы, жіңішке   дауысты   дыбыстары   бар   сөздердің   жіңішке   айтылатындығы   туралы   қорытынды   жасайды. Сондай­ақ жіңішке айтылатын создерге жалғанатын бөлшектердің жіңішке, ал жуан айтылатын сөздерге жалғанатын бөлшектердің жуан болатынын байқайтындай да жаттығулар беріледі. 3.Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау кезінде дауысты, дауыссыз дыбыстарды, жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды сөз ішінен табу сияқты жұмыстар жүргізіледі. 4. Үйге тапсырма:  4­жаттығу 10­бет Қазақ тілі      2­сынып   №5 Күні: 09.09.2013ж Сабақ тақырыбы:  Сөздердің жуан, жіңішке айтылуы. Сабақтың мақсаты:   сөздердің    жуан, жіңішке айтылуының дауысты дыбыстарға байланысты екенін ұғыну. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сабаққа даярлау. Үй тапсырмасын тексеру. ІІ. Дыбыстар мен әріптерді, дыбыстардың айтылуын қайталай отырып, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін еске түсіруге дайындық жұмысын жүргізу. ІІІ.  Қайталау сабағы. 1­жаттығуда суретте берілген  ағаштарды салыстыру.  Айырмашылығын көп нүктенің орнына жазу. Мысалы: Мына ағаш­ жуан, мына ағаш­ жіңішке. 2­жаттығуда берілген сөздерді оқып,салыстыру.Ондағы дауысты дыбыстардың жуан немесе жіңішке  екенін айту. ­Сөздердің жуан немесе  жіңішке айтылуы неге байланысты? ­Қай дыбыстың өзгеруінен сөз мағынасы өзгерді? 3­жаттығуда берілген суретке қарап, әңгіме құрастыру. Әңгімеден  жуан дауысты дыбыстары бар үш сөз, жіңішке дауысты  дыбыстары бар үш сөзді теріп жазу. 4­жаттығуда берілген өлеңді оқып, қарамен  жазылған сөздерді салыстыру. ­ Өлеңдегі қай сөзде жуан және жіңішке дауысты дыбыстар араласып келген? ІҮ.   Үйге тапсырма: 5­жаттығу. Берілген сөздерге  тиісті буындарды жалғап жазу. Қазақ тілі      2­сынып   №6 Күні: 10.09.2013ж Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздерді қайталау. Сабақтың мақсаты: заттың атын білдіретін сөздер туралы бірінші сыныпта алған білімдерін қайталау, пысықтау;   сөйлем   ішінен   заттың   атын   білдіретін   сөздерді   тауып,   сұрақ   қоя   білу;   сауатты   жазуга дағдыландыру. Сабақтың көрнекілігі: заттық суреттер, күз көрінісін бейніелейтін суреттер, карточкалар. Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ­жауап, қайталау, жаттығу. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Жуан, жіңішке айтылатын сөздер жазылған карточкалар үстел бетіне теріс қаратып жайылады. Тақта алдына шақырылған оқушылардың әрқайсысы бір карточкадан алады. Оларға сөздердің жуан, жіңішке айтылуына қарай екі топқа бөлініп тұру тапсырылады. Қай топ дұрыс, тез жинақталса, сол топ жеңеді. Содан соң әр топ сөздердің неге жуан немесе жіңішке айтылып тұрғандығын дәлелдейді. Қайталау сабағы. Бұл күнгі сабақ күз мезгіліне арналган. Сондықтан күз көрінісін бейнелейтін немесе күзгі еңбек туралы суреттермен жұмыс жүргізуге, тіл дамыту жұмыстарын жүргізу үшін әңгіме кұратуға болады. Сурет бойынша әңгіме кұрастырмас бұрын ол жерде кандай заттардың бейнеленгенін айтып, оларға сұрактар кояды. Сөйтіп, осы тақырыпка қатысты берілген ұғымдарды еске түсіреді. Олар заттардың атауларын атай отырып, зат есімнің тіліміздегі ең жиі қолданылатын сөз табы екенін аңғарулары тиіс. Сөйлемдер кұрастырған кезде де олардың ішінде заттың атын білдіретін сөздердің көп екенін байқайды. Оқулықпен жұмыс. 1­жаттығуға   берілген   суретте   әртүрлі   заттар   бейнеленген   және   суреттерге   қарап   ойланып   тұрған балалардың суреті берілген. Балалар бұл суреттерде тек қана заттар бейнеленгенін байқауы тиіс және осы заттардың әрқайсысының өзіне тән атауы бар екенін айтады. Ол атаулардың заттың атын білдіретін сөздер екенін естеріне түсіреді. Әр заттың атын атап, сұрак қойғаннан кейін ол заттардың атын топқа бөліп жазады. Ары қарай тағы қандай топқа бөлуге болатынын ойланады. Балалар әртүрлі нұсқалар ұсынуы мүмкін. Оқушылар өздері кімнің нұсқасы дұрыс екенін анықтайды. Сол арқылы заттың атын білдіретін сөздерге кім? не? сұрақтарының қойылатынын қайталайды. Бұл қайталау сабағында балалар нақты заттардың атын атау арқылы ғана заттың атын білдіретін сөздерді табады.   Құбылыстың,   көңіл   күйдің   т.б.,   яғни   абстарктілі   зат   есімдерді   сөйлем   ішінен   табу   сияқты тапсырмалар берілмейді. 2­жаттығудағы өлең жолдарынан заттың атын білдіретін сөздерді табу қиындық келтіре   коймайды.   Жаттығу   арқылы  не?  деген   сұрақтың   қандай   сөздерге   қойылатыны   тағы   бір   рет анықталады. Сабақтың жаттығулары күз тақырыбына арналған, мұғалім кіріспе бөлімде айтылған күз мезгілінің ерекшеліктері, күзгі еңбек туралы әңгімелерді қорытындылайды. 3­жаттығуды оқушылар өз беттерінше орындай алады. 4­жаттығуда   жұрнақ,   туынды   сөз   туралы   ешнәрсе   айтылмайды,  не?  деген   сұраққа   жауап   беретін сөздердің мағынасына сүйене отырып, кім? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып жазады. 5­жаттығу заттың атын білдіретін сөздердің жекеше, көпше түрлері болатынына назарларын аудару үшін берілген. Жекеше, копше түрде берілген создерге сұрақтардың калай қойылатынын анықтайды. Сабақты қорыту. Тақырыпқа қатысты сұрақтар қою арқылы сабақ қорытындыланады. Мұғалім өз қалауы бойынша үйге тапсырма береді. Қазақ тілі      2­сынып   №7 Күні: 11.09.2013ж Сабақтың тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздерді қайталау.   Сабақтың мақсаты:  жер­су, адам, хайуанаттар аттарының бас әріппен жазылатынын қайталау, еске түсіру; сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Сабақтың әдісі: қайталау, жаттығу, сұрақ­жауап. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа деген көңіл күйлерін арттыру. Үй тапсырмасын тексеру.      Өткен сабақтың материалдары бойынша сұрақтар қою арқылы  балалардың білімдері  анықталады. Білімдеріндегі олқылықтар жаңа сабақта ескеріліп, қайталанып отырады. Қайталау сабағы. Тақтаға бас әріппен және кіші әріппен жазылган сөздер ілінеді. Оқушылар ол сөздерге сұрак қойып, заттың атын білдіретін сөздер екенін анықтап, олардың неге үлкен әріппен немесе кіші әріппен жазылып тұрғанын өз беттерінше түсіндіреді. Тағы қандай сөздердің бас әріппен жазылатынын еске түсіреді. Оқулықпен жұмыс. 1,2­жаттығуларды   орындау   арқылы   балалар   адамның   аты­жөні,   тегі   бас   әріппен   жазылатынын   еске түсіреді.   Сейлемдердің   алғашқы   сөзінің   де   бас   әріппен   жазылғанына   назарларын   аудару   керек.   2­ жаттығуда өлең жолдарының да бас әріптен басталып жазылатынын байқайды. 3­жаттығу окушылардың тілдерін дамытуға, ойын жүйелеп жаза алуды үйретуге бағытталған. Қысқаша әңгіме жазу барысында үй жануарлары мен хайуанаттарының да аты бас әріппен жазылатынын біледі. 4, 5­жаттығулар жер­су аттарының жазылуымен таныстыруға арналған. Берілген жер­су аттарын топтап жазуға үйренеді. 6­жаттығу   ерекше   назар   аударуды   кажет   етеді.   Окушылар   екі   бағандағы   берілген   сөйлемдерді салыстырады. Олар қарамен жазылған  түлкі  сөзінің бірінші бағанда кіші, екінші бағанда бас әріппен жазылғанын бірден байқайды. Оның себебін мүмкіндігінше балалардың өздері анықтағаны дұрыс. Бірінші сөйлемде жалпы түлкі деген аң туралы айтылады, ал екінші сөйлемде Түлкі ертегінің кейіпкері ретінде алынып   түр.   Оқушылар   ертегілерді   көп   оқиды,   олардың   мазмұнын   жазады,   сондықтан   бұл   жөнінде білгені дұрыс. Сабақты қорыту. Оқушылар сөйлем ішінде заттың атын білдіретін қандай сөздердің бас әріппен жазылатынын санамалап айтады. Үйге тапсырма: 5­ жаттығу. Қазақ тілі      2­сынып   №8 Күні: 12.09.2013ж Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздерді қайталау. Сабақтың мақсаты: заттың қимылы туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, толықтыру; сөйлем  ішінен  заттың қимылын  білдіретін  сөздерді  тауып, сұрақ  қоя білу;  сауаттылыққа  тәрбиелеу; жолда өзін дұрыс ұстауға дағдыландыру. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабак бойынша алған білімдерінің деңгейі тексеріледі. Білімінде ­ткен тақырып бойынша  олқылығы бар балалармен жұмыс жүргізіледі. Қайталау сабағы. 1­жаттығуға   берілген   сурет   бойынша   жұмыс   жүргізіледі.   Әркімнің   қандай   қимыл   түрін   атқарып жатқанын айтады. Ол сөздерге сұрақ қояды. Берілген торкөзге әріп саны сөйкес келетін сөзді табады. Мысалы: 1. секірді; 2. ішті; 3. жүгірді; 4. пісірді; 5. тепті; 6. ілді; 7. киді. 2, 3­жаттығулардың мазмұны жолда жүру ережесімен байланыстырылған. Оқу жылының басынан жолда өздерін дұрыс ұстауларын балалардың құлағына қүйып отырған дұрыс. Окушылар мәтіннің мазмұнын талдай отырып, сөйлем ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып отырады. Қимылдың иесі кім немесе не екенін анықтайды.  5­жаттығу қайталауға арналған, оқушылардың өздеріне орындауға тапсыруға болады.  Сабақты қорыту.     Сабақты қорыту кезінде балалар өздері мысалдар келтіре отырып, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін жүйелейді. Үйге тапсырма:  4­ жаттығу, 20­бет Қазақ тілі      2­сынып   №9 Күні: 16.09.2013ж Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздерді қайталау. Сабақтың   мақсаты:  заттың   сынын,   түрін,   түсін   білдіретін   сөздер   туралы   бірінші   сыныпта   алған білімдерін еске түсіру, толықтыру; сөйлем ішінен заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу; бейнелі сөйлеуге үйрету. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру.          Оқушылар   заттың   қимылын   білдіретін   сөздерге   мысалдар   келтіреді.   Ол   сөздерден   сөйлем құрастырады.   Заттың   қимылын   білдіретін   сөздің   қандай   сөзбен   байланысып   тұрғанын   табады.   Үйге берілген тапсырманы қалай орындағандары тексеріледі. Жеке оқушылардың білімін карточкалар аркылы да тексеруге болады. Қайталау сабағы.           Оқушылардың бірінші сыныпта алған білімдері 1­жаттығу арқылы еске түсіріледі. Екі бағандағы берілген сөйлемдерді салыстыру арқылы бірінші бағанға қарағанда екінші бағанда түлкінің толығырақ суреттелгенін   айтады.   Бірінші   бағандағы   сөйлемдерге   екінші   бағанда   қандай   сөздердің   қосылғанын көрсетеді.   Ол   сөздердің   түлкінің   құлағын,   құйрығын,   түсін   суреттеу   үшін   қолданылып   тұрғанын байқайды.  Ол сөздерге  сұрақ қою арқылы  олардың  заттардың  түрін, түсін  білдіріп  тұрғанын  біледі. Заттарды жан­жақты сипаттауда заттың сынын білдіретін сөздердің мәні зор екендігі туралы қорытынды жасайды.       2­жаттығуда заттың түсін білдіретін сөздерді табумен бірге түстерді ажырата білуге үйренеді. Сол түстерді өздерінің сөздік қорларында пайдаланып үйренеді.      3­жаттығу сынды, түр­түсті білдіріп тұрған сөздің қандай затқа қатысты екенін таба білуге арналған. Сын есімді өзі байланысып тұрған зат есіммен қатар атап үйренеді.       .            5­жаттығу өтілген материал бойынша білімдерін бекітуге арналған. Екі рет кездесіп тұрған  ала сөздерінің мағынасын ашуға ерекше көңіл бөлу керек. Оның қай жерде сынды білдіріп тұрғанын анықтау үшін ол сөздерді өздері байланысып тұрған сөзімен бірге қарастырған дұрыс. Мысалы: ала қарбыз; ала бар. Қандай? деген сұрақты қою арқылы заттың сынын білдіріп тұрған қай сез екенін өздері анықтайды. Сабақты қорыту.       Тақтаға бірнеше заттың сынын білдіретін сөздер жазылады. Осы сөздерді сәйкес келетін заттың атын білдіретін сөздермен тіркестіріп айтады. Үйге тапсырма:  4­жаттығу 22­бет. Қазақ тілі      2­сынып   №10 Күні: 17.09.2013ж     Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздерді қайталау. Сабақтың мақсаты:  заттың   санын  білдіретін  сөздер  туралы  бірінші   сыныпта  алған  білімдерін   еске түсіру, толықтыру; сөйлем ішінен заттың санын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру.       Тақтаға бірнеше сөз жазылады: Жирен, шырайлы, компьютер, жасырынды, күлкілі, аспан, коңырау, ағаш, көгілдір, пайдаланды, биіктеді, қысқа, т.б. Үш окушы сөздерді үш топқа бөліп жазады. Қайталау сабағы.        Сыныптағы, партаның үстіндегі заттарды санату арқылы заттардың саны анықталады. Заттың санын білдіріп тұрған сөздерге сұрақтар қояды. Басқа сөз таптарына қарағанда сан есімтақырыбын оқушылар жеңіл меңгереді. Бұл жерде көбінесе оқушылардың өздерінің білімдеріне сүйенген дұрыс.        Оқулықта берілген материалдар олардың білімдерін толықтыра түсуге көмектеседі. Оқушыларға заттың   санын   білдіретін   сөздерді   тауып,   сұрақ   қоюға   үйретумен   бірге   реттік   сан   есімдерді   оқып­ үйренуге дайындық жаттығулары да беріледі.     5­жаттығу ойлануға берілген. Бұл жерде өлеңнің әр жолына мом беріп оқымаса, малшының неше қойы бар екенін дұрыс таба алмай қалады. Жалқы қойы былтырғы жылы егіз қозы туып, олар үшеу болды, биылғы жылы тағы екі қозы туды, онымен бірге былтыр туған екі қозы есейіп, олар да бір­бір қозы туды, сонда барлығы малшының жеті қойы болады (1 + 2 + 2 + 2). Сондай­ақ жалқы (бір), егіз (екі), қос (екі) деген сөздердің орнына қандай сын есім қоюға болатынын табады. Сабақты қорыту.        Бұл сабақ қайталауға берілген 10 сағаттың ең соңғысы болғандықтан барлық тақырыптар бойынша жалпылама сұрақтар қойылады. Үйге тапсырма: 4­жаттығу. 24­бет. Қазақ тілі      2­сынып   №12 Күні: 19.09.2013ж Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу. Сабақтың мақсаты: адамдардың бір­бірімен қарым­қатынас жасауында сөйлеудің маңызын, сөйлеудің тіл арқылы жүзеге асатынын ұғындыру; сөйлеу арқылы көп нәрсені білетіндігін түсіну; дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:  адамның сөйлеу, жазу арқылы хабарлар беру көрінісін бейнелейтін суреттер, хабар тарату құралдары. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Бірінші сыныпта өткен материалдарды қайталау тарауының аяқталуына байланысты алдыңғы сабақтың материалдары бойынша жалпылама сұрақтар қойылады. Балалардың білім деңгейін тест жұмыстарын ұйымдастыру арқылы тексеріп шығуға болады. Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.           Кіріспе әңгімеде адамдардың бірін­бірі калай түсінетіндігі, оларға сөйлесу кезінде тілдің кандай көмегі бар екені жөнінде айтылады. Сұрақ қою арқылы адам бір­бірімен сөйлесу кезінде қандай сәйлеу түрлерін қолданатындығы анықталады. Бұл тақырыпқа екі сағат берілген. Осы сабактарда адамдардың сөйлеуді қай кезде қолданатындығын, сөйлеудің   адамдардың   бір­бірімен   қарым­қатынас   жасау   қажеттілігінен   туындағанын,   адамдардың сөйлеу   арқылы   ақыл­ойының,   санасының   дамығандығын,   үлкен   жетістіктерге   қол   жеткізгендіктерін түсінуі   тиіс.   Окулықта   осы   түсініктердің   бөрін   алуға   мүмкіндік   туғызатын   жаттығулар   жеткілікті берілген. Сол сияқты әртүрлі тілдердің болатындығы, өз ана тілін құрметтеуге, Отанын сүюге, дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу де жүзеге асырылады. Тараудың алғашқы сабағындағы 1­жаттығумен жұмыс істеген кезде балалар сурет бойынша адамдардың сөйлеуді әңгімелесу, хат жазып хабарласу, сұраққа жауап беру, компьютерді қарау, кітаптан оқу арқылы, ауызша түсіндіру, бір­біріне кеңес беру кезінде жүзеге асыратынын айтады. Бұдан басқа да сөйлеуді қай кезде қолданатындықтарына мысалдар келтіреді. Осы суретті жан­жақты талдау арқылы оқушыларға сөйлеудің не үшін қажеттігін ұғындыруға болады. Осы тақырыпқа берілген жаттығулар Отан, туған жер, ана   тілін   құрметтеуге   арналады.   Жаттығулар   арқылы   тәрбиелік   жұмыстар   да   атқарылады.   Кейбір балалардың тілі өз ана тілінде емес басқа тілде шығатындығына байланысты оқушылардың арасында пікірталас ұйымдастыруға болады. Жаттығуларға   берілген   тапсырмалар   сөйлеудің   тіл   арқылы   Жузеге   асатындығын,   сөйлеу   арқылы адамдардың қоршаған дүниені танып­білетіндігін түсінуге, қорытынды шығаруына мүмкіндік туғызады. «Тіл және сөйлеу» тақырыбының екінші сабағында адамдардың басқа тіршілік иелерінен сөйлеу арқылы ерекшеленетінін   (2­жаттығу),   бір­бірін   дұрыс   түсінуде   өз   ойын   дұрыс   жеткізе   білудің   (4­жаттығу) маңызы зор екенін түсінеді. Балалар басынан өткізген қызықты жағдайды немесе өзіне ұнаған фильмін қысқаша әңгімелеу арқылы өз ойларын дұрыс жеткізуге дағдыланады. 5­жаттығу үлкендерді сыйлау, бір­ бірімен   жылы,   сыпайы   қарым­қатынас   жасауға   тәрбиелейді.   Жаттығуды   талқылау   барысында   қазақ халқының   үлкенді   тыңдау,   оны   кұрметтеу,   сөлемдесу,   көмектесу   сияқты   дәстүрлері   кеңінен насихатталады. Оқушылар өздері білетін сыпайы сөздерді  айтады. Жаңа сабақты қорыту. «Егер адамдар сөйлеуді білмесе, не болар еді?» деген сұрақ төңірегінде пікірлері тыңдалады. Үйге тапсырма: 5­ жаттығу, 29­бет. Сабақтың тақырыбы: Ауызша тіл және жазбаша тіл. Сабақтың мақсаты:  ауызша тіл мен жазбаша тілдің бір­бірінен айырмашылығын түсіндіру; жазбаша тілдің пайда болуы туралы түсінік беру; жазбаша хабар беру құралдарымен таныстыру; сауатты жазуға дағдыландыру. Сабақтың   көрнекілігі:  жазбаша   тілдің   пайда   болуына   байланысты   суреттер,   жазбаша   хабар   беру құралдарының суреттері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. Тіл және сөйлеу туралы не білгендерін еске түсіру аркылы жаңа сабақты қабылдауға көпір салынады. Адамдардың сөйлеуді қай кезде қолданатынын айта отырып, олардың ауызша, жазбаша хабарлау арқылы жүзеге   асатынын   қайталайды.   Үйден   орындап   келген   тапсырмалары   арқылы   жаңа   сабақты   меңгеру деңгейлері анықталады. Жаңа сабақты түсіндіру. Бұл   тақырыппен   таныстыруға   екі   сағат   берілген.   Бұл   сабақтарда   оқушылар   ауызша   тілдің   жазбаша тілден бұрын пайда болғандығын байқайды, жазбаша тілдің қандай қажеттіліктерден туындағандығын біледі, алғашқы жазудың қалай пайда болғандығы, жазу болмаған кезде алыстағы адамдарға олардың қалай хабар бергендігі, ертедегі жазулар, «суретті жазулар», қазақ халқының жазуы туралы мәліметтер алады. Қазіргі хабар беру құралдарымен таныстыру арқылы техника саласындағы жетістіктер туралы әңгімеленеді. Тақырыпты оқып­үйренудің алғашқы сабағында ауызша тіл мен жазбаша тілді ажырата білуге үйрету көзделеді. 1­жаттығуға берілген суреттер бойынша қимыл иесінің қандай сөйлеу түрін қолданып тұрғаны анықталады. Ауызша тіл мен жазбаша тілдің кай кезде қолданылатындығын пайымдайды. 2­жаттығуды талдау барысында бала өзінің мектепке білім алу және жазуды үйрену үшін келетіндігін айтады. Жазуды үйренудің өз өміріне қандай жеңілдіктер әкелгенін сезінеді. Осындай жан­жақты талдау жұмыстарынан кейін ауызша тілдің бірін­бірі керіп тұрғанда, ал жазбаша тілдің бір­бірін көруге, естуге мүмкіндік болмаған жағдайда қажет екендігі туралы қорытынды жасайды. 3­жаттығудың   суреті   бойынша   жазба   тіл   пайда   болмай   тұрған   кезде   адамдардың   хабарды   от   жағу, кернеймен дыбыс беру, орамал бұлғау арқылы бергендігін біледі. Тағы қандай тәсілмен хабар   беруге болатындығы   сұралады.     Мұндай   хабар   берудің   тиімсіз   жақтары   сөз   болады,   сол   арқылы   жазудың шығуына   байланысты     адамдардың   алыспен     қарым­қатынас   жасауының   қаншалықты   жеңілдегендігі туралы қорытынды шығарады. Ерте кездегі хабар беру мен қазіргі хабар беру тәсілдерін салыстырады. 4­жаттығуда   алғашқы   жазудың   қалай   шыққандығы   туралы   мәлімет   алады.   Әртүрлі   тасқа   жазылған суреттерді   көрсетіп,   оны   қалай   түсінетіндіктерін   сұрауға   болады.   «Суретті   жазуларды»   оқудың қиындығын байқайды. Осы арқылы жазуды белгілі бір таңба арқылы берудің маңыздылығын ұғынады. 5­жаттығу қазіргі кезде қолданылатын ең қажетті жол белгілері мен шартты белгілерді дұрыс оқи білуге үйретуді көздейді. Жаңа тақырыптың екінші сабағында алғашқы жазудың шығу ТАрихымен танысады, әр тілдің өзінің жазуы бар екендігін біледі. Еқ алғаш сөйлеу түрінің қайсысы пайда болғандығын аныктайды. 2­жаттығуда   берілген   математикалық   жазудың   әртүрлі   оқу   тәсілдері   бар,   оқушылар   өз   қалауынша жазады. Мысалы: төрт плюс бес тең болады тоғызға; төрт пен бестің қосындысы тоғызға тең; төртті беске қосса, тоғыз болады; бірінші қосылғыш төртке тең, екінші қосылғыш беске тең, қосындының мәні тоғыз болады. 4­жаттығуда  әр  сөйлемнің  сөйлеу  түрінің қайсысына  жататынын  анықтайды.  Бірінші, екінші,  үшінші сөйлемдер ауызша тілге, үшінші сөйлем жазбаша тілге жатады. Жаңа сабақты қорыту. Оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілдері туралы алған білімдері қорытындыланады. Жазбаша сөйлеу   тілінің   адам   өміріндегі   маңыздылығы   туралы   өздерінің   қорытынды   ойларын   айтады.   Үйге берілетін тапсырманы мұғалім өз қалауынша таңдайды. Қазақ тілі 2 «А»сынып    №38 сабақ Күні: 13.11.2013ж.     Тақырыбы: Тақырып,тірек сөздер, суреттер бойынша мәтін құру Сабақтың   мақсаты:  оқушыларға   мазмұндама   жұмысын   орындау   барысында   жоспар   құру   мәтінді тереңірек түсінуге, ойлау дағдыларын қалыптастыруға көмектесетіндігін түсіндіру. Сабақтың барысы: Өткен сабақта алған білімдерін тексеру. Ауызша жұмыс. 1­жаттығуда берілген «Алтын тамшылар» мәтіні оқылады. 1) ­ Мазмұндама дегеніміз не? ­ Мазмұндаманың шығармадан айырмашылығы қандай? 2) Бұл жұмыс мұгалімнің тікелей басшылыгымен және сыныптагы оқушыларды толық қатыстыра отырып жүргізіледі. а) ә) Сөздік жұмысы жүргізіледі. б) Сұрақтарға жауап беру. в) Мәтінге жоспар құру. ­ ­ Екінші бөлімі не жайлы? Оған ат қойыңдар. ­ Әр бөлімге қойылған ат мәтіннің несі болып табылады? ­ Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер. г) Мәтіннің мазмүнына сөйкес мақал­мәтелдер айтқызу. 3) 2­жаттығу. Сурет бойынша «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі ауызша мазмұндалады. ­ Балалар, енді жоспар бойынша әңгіме құрастырып, оған ат қойыңдар. Әңгімені дәптерлеріңе жазыңдар. ­ Сендер осы баланың орнында болсаңдар не істер едіңдер? 4) Мұғалім төмендегі «Орман сағаты» әңгімесін дауыстап оқиды. Мәтіннің бірінші бөлімінде не туралы айтылған? Осыбөлімге ат қойыңдар. Өздік жұмыс. Сабақты қорытындылау. Орман сағаты Мен әр демалыс сайын ауылға атама барамын. Менің атам ­орманшы.  Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы көп біледі. Мен атамнан көп нәрсе үйрендім. Бірде атам екеуіміз орман ішін аралап жүріп, алаңқайға шықтық. Алаңқайда әртүрлі гүлдер жайқалып өсіп тұр. Атам бір гүлге қарап, сағаттың бес болғанын айтты. Мен таңғалдым. Атам маған әр гүлдің қай сағатта ашылып, қашан жабылатынын білсең, онда уақытты білу қиын емес екендігін айтты. («Жас натуралистер» кітабынан). 1.Әңгімедегі негізгі ойды тапқызу. 2.Сұрақтарғажауапберу.  3.Жоспарқұру. Мазмұндаматуралыалғанбілімдерінбекітеотырып, олардыңөзіндікбелгілерісараланыпкөрсетіледі. 1)Мәтіннің мазмұнын ауызша әңгімелеп айту. 2)Берілген сұраққа ауызша, жазбаша жауаптар қайтару.  3)Жоспар жасау. 4)Мәтіннің негізгі түйінін табу. 5)Мәтінді қысқартып, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау. 5. Үйге тапсырма. Үйге 3­жаттығу беріледі. Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы. Сабақтың мақсаты:  у дыбысының   қай  кезде дауысты,  қай  кезде  дауыссыз   болатынын  түсіндіру;  у дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету; сауаттылықтарын арттыру. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Тіл және сөйлеу тарауы бойынша алған білімдері тексеріледі. ­ Сөйлеу тілінің түрлерін айт. ­ Қай тіл бірінші пайда болды? ­ Сөйлеу тілдері қай кезде қолданылады? ­ Жазбаша тіл қалай пайда болды? ­ Сөйлеудің адам өміріндегі маңызы қандай? Жаңа сабақты түсіндіру. Алдымен жаңа сабакты қабылдауға дайындык жұмысы жүргізіледі.  У дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіреді.   У   дыбысының   кай   буында   тұрғанын   аныктайды.   Сөздерге   дыбыстык   талдау   жасайды.   У дыбысы   басында   тұрған   сөздерге   мысалдар   келтіреді.   Сөз   ішінде   айтылып   тұрған   у   дыбысының айтылуына назарларын аударып, олардың дауысты немесе дауыссыз дыбыс болып тұрғанын аныктауға талпындыру.   Оқушылар   у   дыбысының   кейде   дауыссыз,   кейде   дауысты   болып   айтылып   тұрғанын байкаулары тиіс. Мұғалім осы сабақтарда у дыбысының кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс болып тұру себебімен танысатындықтарын айтады. У дыбысының дауысты, дауыссыз дыбыс болып айтылуына берілген екі сағаттың алғашқы сабағында у дыбысының   дауысты   болып   айтылуымен   танысады.   1,   2­жаттығулар   жаңа   сабақтың   ережесін   өздері корытындылап айтуға жетелейді. У дыбысы бар сөздерді сөйлем ішінен, өлең жолдарынан тауып, буынға бөледі,   оның   дауысты   дыбыс   болып   тұрғанын   анықтағаннан   кейін,   дауысты   дыбыс   болғанда   үнемі олардың дауыссыз дыбыстан кейін тұрғанын байқауына жағдай туғызу керек. У дыбысы сөздің басында тұрған жағдай жеке  қаралады. Дауыссыз дыбыстың алдында тұрған кезде у дыбысын дауысты дыбыс болатынына көздерін жеткізеді. Осындай жаттығу жұмыстарынан кейін ережені өздері қорытындылап айтады. Көздерін жеткізу арқылы өздерінің қорытынды жасауы баланың есінде жақсы сақталуына мүмкіндік туғызады. У   дыбысы   бар   сөздерді   буынға   бөлуде   оқушылар   көп   шатасады.   Сондықтан   3­жаттығу   сабақта мұғалімнің   көмегімен   талқылануы   тиіс.   Бұл   жаттығуда   берілген   сөздерде   у   дыбысы   екі   буында   да кездеседі:  бірінші буында дауысты,  екінші буында дауыссыз дыбыс. Сөздегі екі буынды дауыстарын созып айту кезінде у дыбысының  әртүрлі айтылатынын байқайды. Сондай­ақ әр сөздің қандай мағына беретінін түсіндіреді. 4­жаттығуды үй тапсырмасы ретінде беруге болады. Бұл сабақтың екінші сағатында у дыбысының дауыссыз болып қай кезде айтылатынымен танысады. 1, 2­ жаттығуларды   орындау   барысында   у   дыбысының   дауыстыдан   кейін   келгенде   және   сөздің   басында дауыстыдан бұрын тұрғанда дауысты болатындығын өз беттерінше анықтай алуына мүмкіндік беріледі. Оқушылар   у   дыбысын   жазуда  ұ,   ү  дыбыстарымен   шатастырады.   3­жаттығу   осы   кемшіліктің   орнын толтыруға арналған. Бұл жаттығуды орындағаннан кейін сөздік диктантын жаздыруға болады. Сөздік диктант. Үй, ұя, сұйык, суық, уылдырық, үйеңкі, уық, сұр, сүр, күлу, құрық, қулық, Ақтау, самұрық, қуырмаш, сүргі. 5­жаттығуға ерекше көңіл бөлінеді. Жуу, суу, буу, сауу, ауу, жауу сөздерінің жазылуына назарларын аударып, әр сөздің мағынасына жеке тоқталу керек. Екі уу әріптері қатар келетін осындай сөздерге мысалдар келтіреді. Жаңа сабақты қорыту. Сабақты   қорытындылау   кезінде   у   дыбысы   дауысты,   дауыссыз   болып   келетін   сөздерге   мысалдар келтіреді, олардың неге дауысты немесе дауыссыз болып тұрғанын түсіндіреді. У дыбысы бар сөздерді буынға бөледі. Сабақтың тақырыбы: У дыбысының жуан, жіңішке айтылуы. Сабақтың мақсаты:  сөздің жуан, жіңішкелігіне қарай у дыбысының жуан және жіңішке айтылатынын түсіндіру;   сөздің   жуан,   жіңішке   айтылуы   құрамындағы   дауысты   дыбыстардың   жуан   немесе   жіңішке болуына байланысты екенін ұғындыру; сауатты жазуға үйрету. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Топтар арасында у дыбысы дауысты болатын сөздер мен дауыссыз болатын сөздерді тауып айтудан жарыс ұйымдастыруға   болады. Соңынан әр топ өздері айтқан сөздерде у дыбысының неге дауысты (дауыссыз) болып тұрғанын дәлелдейді. Үйге берілген тапсырманы тексеру аркылы өткен сабақты қалай меңгергендіктері анықталады. Жаңа сабақты түсіндіру. Алдымен жуан, жіңішке сөздерды салыстыру жұмысы ұйымдастырылады. от – өт тор – төр тоқ – төк ал – өл сан – сөн ақ – әк ұру – үру тұр – түр ұқ – үк ыс – іс тыс – тіс ыстық – істік Бағандағы сөздерді салыстыру арқылы бір әріптің өзгеруінен сөздің мағынасы өзгергенін және дауысты дыбыстың жуан­жіңішкелігіне байланысты сөздердің де жуан­жіңішке айтылатынын қорытындылайды. Тақтаға у дыбысы бар бірнеше сөз жазылады. Сулық, әуе, туырлық, сусын, елігу, күлу, жылауық, қулық, көру, куәлік, сауатты, екеуі, әуре. Балаларды екі топқа бөліп, бір топ у дыбысы жуан айтылатын сөздерді, екіншісі у дыбысы жіңішке айтылатын сөздерді теріп жазады. Содан соң әр топ ол сөздердің жуан (жіңішке) айтылып тұруы неге байланысты екенін айтады. У дыбысы жуан естілетін сөздерде жуан, жіңішке естілетін сөздерде жіңішке айтылатынына көздерін жеткізеді. 1, 2­жаттығулардың ішіндегі у дыбысы бар сөздердің жуан не жіңішке естілетінін анықтай отырып, оның кейде жуан, кейде жіңішке айтылуы сөздің жуан­жіңішкелігіне байланысты деген қорытындыға келеді. 4­жаттығуда   берілген   сөздерді   көшіріп   жазып,  у,  ұ,   ү  әрпі   бар   сөздердің   жазылуын   салыстырады. Сөздердің   мағынасын   түсіндіреді.   Бұл   дыбыстардың   қандай   буында,   қалай   айтылып   тұрғанын ажыратады. 3, 5­жаттығуларды оқушылар өз беттерінше орындауларына болады. Жаңа сабақты қорыту. У дыбысы жуан, жіңішке айтылатын сөздерге мысалдар келтіреді. Олардың жуан, жіңішке айтылуы неге байланысты екенің дәлелдейді. Сабақтың тақырыбы: У әрпінің жазылуы. Сабақтың мақсаты: у дыбысы бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру; ы,  і дыбыстарына аяқталған сөздерге у әрпі жалғанғанда ы, і әріптерінің түсіп қалатынын түсіндіру; сауттылыққа тәрбиелеу. Сабактың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақ материалдары бойынша сұрақтарға жауаптар алынады. Сөздік диктантын жазғызуға болады. Жаңа сабақты түсіндіру. Бұл тақырыпқа бөлінген екі сағаттың біріншісі у дыбысының алдында сөздің жуан, жіңішке болуына байланысты ­ұу, үудыбыстарының естілетіндігіне арналады. I жаттығу бойынша алдымен өлеңнің мазмұны талданады. Өлең ішінен «жу» сөзі белініп алынып, балалар жаймен   бұл   сөздісозып   айтып   көреді,   у­дың   алдында   қандай   дыбыс   естіліп   тұрғанына   назарларын аударады. У дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіреді, оларға дыбыстық талдау жасайды. 2­жаттығу  у  дыбысы бар сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстыру арқылы  ­ұу, ­үу  дыбыстарының жазылмайтындығын қорытындылайды. 3, 4­жаттығулар жаңа сабақ бойынша алған білімдерін бекітуге арналған. 5­жаттығуды орындау арқылы у дыбысынан басталатын сөздерді дұрыс буынға беліп үйренеді. У   әрпінің   жазылуының   екінші   сабағында   ы,   і   әрпіне   аяқталған   сөздерге   у   әрпі   жалғанғанда   ы,   і әріптерінің түсіп қалатынымен танысады. Бұл ережені түсіндіру жұмысы 1­жаттығу арқылы жүзеге асырылады. Екі бағандағы сөздерді салыстыра отырып, у әрпі жалганғанда, ы, і әріптерінің түсіп қалатынын байкайды. Осы жаттығу арқылы өздері қорытынды жасайды. 2, 3, 4­жаттығулар жаңа сабак туралы алған білімдерін бекітуге, жаттығуға арналған. 5­жаттығуды үйге орындауға беруге болады. Жаңа сабақты қорыту. У әрпінің жазылуына байланысты ережелерді оқушылар мысалдар келтіре отырып қорытындылайды. Сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылуы. Сабақтың мақсаты: и  және  й  әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға үйрету; олардың дауысты немесе дауыссыз екенін ажырата білу; сауаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. У  дыбысының  кай кезде дауысты,  қай кезде  дауыссыз  болатынын,  олардың  жуан не жіңішке  болып айтылуы неге бай­анысты екенін сұрау. У дыбысы бар сөздерді буынға дұрыс бөлулеріне ерекше көңіл аудару. Жаңа сабақты түсіндіру. И  және  й  әріптерінің жазылуына үш сағат бөлінген. Алғашқы сабақтың 1­жаттығуында екі қатардағы сөздердің жазылуын салыстыру  арқылы  бірінші бағандагы сөздерде  и  әрпі, екінші бағанда  й  әрпінің жазылғанын байқайды. Оларға осының себебін анықтау тапсырылады. Оқушылар буынға бөлу арқылы и дыбысының созылып  айтылатынын  және дауыссыз дыбыстан кейін тұрғанын, ал  й  дыбысының созып айтуға келмейтінін және дауысты дыбыстан кейін тұрғанын анықтаулары тиіс. 2­жаттығуда берілген «Инелік» өлеңін оқығаннан кейін и дыбысының сөздің басында да жазылатынына көздерін жеткізеді. Осы   жаттығуларды   орындағаннан   кейін   оқушылар  и  мен  й  дыбыстарының   қай   кезде   жазылатынын қорытындылап айтады.  Екінші сабақта  и  дыбысының алдында  ы, і  естілгенімен олардың жазылмайтынығы туралы ережемен танысады.   Бұл   сабақта  үйы,   байы,   кейі,   жері  сөздеріне  и  әрпін   қосып   жазғанда  ы,   іәріптерінің жазылмайтындығы ерекше жағдай ретінде і қаралады (ұйы ­ ұйиды, байы ­ байиды). Үшінші сабакта сый, тый сездерінен тараған сөздерде ыйәрпісол калпында жазылатынымен танысады. Сол   сияқты   й   әрпінің   шетелден   енген   кейбір   сөздерде   басында   жазылатыны   жайында   айтылады. Сондайсөздердіжазып үйренеді. Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау кезінде  и  мен й әрпіне қатысты танысқан жағдайлардың бәрі қайталанады. Өз беттерінше қорытынды пікірлерін айтады. МұҒАЛІМ  өзі бірнеше сөз беріп (мысалы, көбей, икемді, мұхит, айқай,  т.б.), онда и мен й әріптерінің қайсысын, не себепті жазу керектігін сұрайды; и­дің сөздің басында, ортасында, аяғында жазылатынын, ал й­дің сөздің басында жазылмайтынын, бірақ сөздің ортасында,  аяғында  келе  беретінін байкатып,  и мен й­дің ұксастық қасиеттерін (екеуі де ый дыбысының таңбасы, екеуі де сөздің ортасында, аяғында келеді) бір­бірінен ерекшеліктерін (и ­ дауысты дыбыстардан кейін келмейді, й – дауысты дыбыстардан кейін келеді, и буын құрайды, й буын құрай алмайды, и ­ дауысты дыбыс, й ­ дауыссыз дыбыс, и сөздің басында келеді, й сөздің басында келмейді) көрсетеді. Сөйтіп, әр әріптің жеке қасиеттерін аныктау арқылы қорытынды шығарылады. және Қазақ тілі    2 «А» сынып       №13 Күні: 23.09.2013ж  Сабақтың тақырыбы: Я әрпінің жазылуы. Сабақтың  мақсаты: Я әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін, яғни йа дыбыстары естілгенімен я әрпі  жазылатындығын түсіндіру. Көрнекілігі: суреттер. Әдісі: сұрақ­жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын еске түсіру. I. II. III. Жаңа сабақ. 1. Кіріспе бөлім. Жұмбак шешіледі. Қоянда бар, Қайыңда жоқ. Қиярда бар, Қиында жоқ. Жұмбақтың шешуі: я әрпі. Қоян, қияр сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады. Қоян ­ екі буын, 4 әріп, 5 дыбыс. Қ ­ дауыссыз дыбыс, қатаң О ­ жуан дауысты дыбыс. Я ­ дауысты дыбыс. Н ­ дауыссыз дыбыс, үнді Проблемалық сұрақ: ­ болып тұр? Қоян және қияр сездеріндегі я дыбысы екі дыбыстан тұрады, йа естілгенімен я жазылады. ­ Негізгі бөлім 2. Оқулықпен жұмыс 1­жаттығу. Өлең оқылып, мазмұны ашылады. Қарамен жазылған «оянғаны, таянғаны» деген сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады. Бұл сөздердегі я әрпінің қандай дыбыстардан құралганы айтылады. 2­жаттыгу. Мәтін оқылады. Берілген тапсырма бойынша мәтіндегі тиісті сөйлемдер кешіріліп жазылады. Я әрпінің айтылуы мен жазылуы салыстырылады. Я әрпі бар екі­үш сөздің айтылуы мен жазылуын тақтаға жаздырып, салыстыру.  Мысалы: Айтылуы Айан тайау байау Қоян және қияр сөздері төрт әріппен жазылады. Ал осы сөздердің айтылуында неліктен бес дыбыс Жазылуы Аян таяу баяу Оқушылар   осындай   жұмыстардың   арқасында   я   дыбысының   екі   дыбыстан   тұратындығын   өздері түйіндейді. я дыбысының қосарлы дауысты дыбыс екенін, сөзде йа дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылатындығын айтып қорытындылау. Ережені пысықтау мақсатында төмендегідей жұмыс жүргізіледі: 1.Оқушылар я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіреді. 2.Сол сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырады. 3.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.  Оқулықтағы 3­ші және 5­жаттығулар орындатылады.  Шығармашылық тапсырма: Тірек сөздерді пайдаланып, «Ана» тақырыбына өлең немесе шығарма жазғызылады. Тірек сөздер: аяулы ана, ардақты ана, қымбатсың маған, ақ сүтіңді бердің, аялайсың, мәпелейсің. IV. Сабақты қорытындылау. а) Алған білімдерін бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Я дыбысы қандай дыбыс? 2.Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер. 3.Сол сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар. ә)   Сөздік   диктанты   алынады.   Я   әрпі   кездесетін   сөздердің   астын  сызады.   Жазылуы   мен   айтылуын салыстырады. Баспалдақ, баян, шытырман, шаян, сыбызғы, саяз, тобылғы, таяз, жапырақ, жая. V. Үйге тапсырма беру. 4­жаттығу. Үй тапсырмасын тексеру. Сабақтың тақырыбы: Ю әрпінің жазылуы Сабақтың мақсаты: Ю әрпінің косарлы дауысты дыбыс екенін, яғни йу дыбыстары естілгенімен ю әрпі жазылатындығын түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: суреттер. Сабақтың барысы: II. III. Жаңа сабақ 1. Кіріспе бөлім а) Тақтаға аю мен оюдың суреті ілінеді. Оқушылар аю, ою сөздерін дәптерлеріне жазады. Аю мен ою сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады. Аю ­ екі буын, екі әріп, үш дыбыс. А — жуан дауысты дыбыс. Ю ­ дауысты дыбыс. ә) «Артығын тап» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға бірнеше кеспе әріптер батырмамен (кнопкамен) бекітіледі.   Оқушылар   дауыссыз   дыбыстарды   бір   бөлек,   жуан   дауысты   дыбыстарды   бір   бөлек   және жіңішке дауысты дыбыстарды бір бөлек қояды. ­ Қай әріп артық қалды? ­ Ю әрпі. ­ Неліктен? ­ Ю ­ дауысты дыбыс. Бірақ ол екі дыбыстан (йу) түрады. 2. Жаңа сабак бойынша істелетін жұмыс. 1. Апанда алты ай ұйықтайтын, Білесің бе батырды? Ұзын құлақ, қысық көз Орғып­орғып сай кезген. Аю, қоян сөздерін тақтаға бір оқушыға жазғызу. Дұрыс­бұрыстығын тексеру. ­ Аю сөзінде неше дыбыс бар? Неше әріп жаздық? ­ Аю сөзінде «иу» дыбыс естілгенмен, ю әрпін жазамыз. ­ Тағы ю әрпі жазылатын қандай сөздерді білесіңдер? ­ Қоян сөзінде неше дыбыс бар? Неше әріп жаздық? 2. Осы сабақтағы жаттығулар я, ю әріптерінің жазылуына арналады. Оқулықпен жұмыс. Негізгі бөлім. Жұмбақтар шешу. 2. Үлестірмелі қима қағаздары таратылып беріледі. Төмендегі сөздерде неше дыбыс бар? Таяқ, аяқ, қою, баян №1 №2 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой. 1.Апанда... мекендейді. 2. Ұзын құлақ, сұр .... №3 Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрап жаз. 1.Жұмыртқа, жатыр, үяда. 2.Қолына, атам, алды, таяқ. 4. Сурет бойынша жұмыс. Тақтаға бақшада жұмыс істеп жүріп, аяғын жарақаттап алған баланың суреті ілінеді. ­ Сурет бойынша не айтуға болады? ­ Балаға не болды? ­ Бақшадағы құрттарды не деп айтуға болады? (Зиянкес). ­ Аяқ, зиянкес сөздерін кім тақтаға жазып көрсетеді? Сабакты корытындыланып, үйге тапсырма беріледі. Тақырыбы: Б, п әріптерінің жазылуы. Сабақтың мақсаты: түбірдің соңындағы п дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанған жағдайда п дыбысы б дыбысына өзгеретіндігін түсіндіру; басқа тілден енген, соңында б дыбысы келетін сөздердің жазылуын естеріне түсіру. Сабақтың барысы: қалы... ғажайы... Осы сөздер орфографиялық сөздікте қалай жазылады депойлайсыңдар? (Тақтаға оқушылар көп Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабақ. 1) Кіріспе бөлім. «Орфографиялық сөздікте қалай жазылады?» тапсырмасы. Тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылады. кәсі... клу... мекте... шта... ­ нүктенің орнына тиісті әріпті (п, б) жазады). Сөздерді бірнеше балаға дауыстатып оқыту. ­ п, ал кейбір сөздердіңсоңына б әріптерін жаздыңдар? Сөз соңында  б  дыбысы естілгенімен,  п  әрпі және кейбір басқа тілден енген сөздердің соңында  б  әрпі жазылатындығы еске түсіріледі. П мен б дыбысына аякталатын сөздерге мысалдар келтірту. ­ Б дыбысына аяқталатын сөздерді кім атап береді? (Штаб, клуб, араб, куб). ­ Б мен п әріптері туралы не айтуға болады? ­ Б ­ үяң дауыссыз дыбыс, ал п ­ қатаң дауыссыз дыбыс. ­ Олай болса, бүгінгі сабақта «Б, п әріптерінің жазылуын» есімізге түсіреміз. Балалар, осы сөздердің соңында б дыбысы естіліп тұр. Алсендер неліктен кейбір сөздердің соңына Негізгі бөлім. 1  ­жаттығу. Өлең оқылып, мазмұны ашылады. П әрпіне аяқталатың сөздер көшіріліп жазылады. 2­3­4 ­жаттығулар орындатылады. Мектеп, сынып, танып, зерттеп сөздерінде п әрпі, ал араб, клубсөздеріне б әрпі жазылады. Клуб, араб сөздеріне сөздік жұмысын жүргізу. клуб – үйірме араб –ұлт ­ Тағы қандай сөздердің соңына б әрпі жазылады? Неліктен бұл сөздердің соңына б әрпі жазылады? ­ Штаб, куб. Бұлар ­ басқа тілден енген сөздер. Осы сөздердің жазылуын есте сақтауымыз керек. ­ Берілген сөздердің қайсысына ы, қайсысына  і  әрпін жалғаймыз?  Сыныбі  немесе мектебы деп жазуға бола ма? Сабақты қорытындылау. Тақтаға төмендегідей сызба ілінеді.      ОК     ә Е     А Т         С і У Р ы П Сызба бойынша оқушылар сөз (мысалы: торап, кәсіп, теп) құрайды. Ол сөздерге ы, і, у әріптерін жалғап айтады. Сөз соңындағы п әрпінің б әрпіне өзгеру себебін түсіндіреді. ­ Б дыбысына аяқталатын қандай сөздердің жазылуын есте сақтауымыз керек? ­ Сөз соңындағы п дыбысы қай кезде өзгеріске ұшырайды? Себебін түсіндіріңдер. Үйге 5­жаттығуды беруге болады. Тақырыбы: Дауыссыз л, р, н, ң дыбыстары. Сабақтың   мақсаты:  дауыссыз   дыбыс   түрлерімен   таныстыру.   Үнді   дауыссыз   дыбыс   туралы   алған білімдерін пысықтау. Л, р дыбыстарының сөз басында келгенде жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабақ. 1) Кіріспе әңгіме. Қазак   тілінде   дауыссыздар   үннің   катысына   қарай   үшке   бөлінеді.   Окушылардың   осы   жайлы   алған білімдерін   пысықтау   үшін   тактаға   төмендегідей   кесте   ілініп,   оқушылар   оны   толтырады.   (Кестені дәптерге толтыртудың қажеті жок. Жұмыс тақтада орындалады). Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,... Дауыссыз дыбыстар Үнді дауыссыз дыбыстар: б,... Ұяң дауыссыз дыбыстар: л,... 2. Негізгі бөлім. ­ Бүгін   үнді   дауыссыз   дыбыстардың   жазылу   емлесіне   тоқталамыз.   Үнді   дауыссыз   дыбыстар   қалай естілсе, солай жазылады. Бірақ кейбір үнді дауыссыз дыбыстардың жазылуында ерекшелік бар. Ң әрпі сөз басында келе ме? Осыған мысал келтіре аласыңдар ма? (Аң, жаңгақ,...). ­ Ң әрпі сез басында еш уакытта жазылмайды. Сөздің ортасында, соңында келеді. ­ Л, р дыбыстарына сөз ойлаңдар. Бұл дыбыстар сөз басында келетін болсын. (Рұсат, лай,...). ­ Рұқсат, лай сөздерінің жазылуы мен айтылуы бірдей ме? Сөз басында қандай дыбыс естіліп түр? Бұл сөздер естілуі бойынша жазыла ма? Оқушыларга мысалдарды келтіргізе отырып, үнді дауыссыз дыбыстардың жазылуындагы ерекшеліктерді өздеріне айтқыздырту. ­ колданылады. Сондықтанжазуда оны елемейміз. 1­жаттығуда   берілген   сөздерді   оқыту.   Л,  р  әріптерінен   басталып   жазылатын   сөздердің   айтылу ерекшелігіне тоқталу жөн. Л,  р дыбыстары сөз басында келген жағдайда, айтылуындаолардың алдында ы, і, ү, ү дыбыстары 3. Өздік жұмыс. 2­жаттығу бойынша суреттің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшірту. Жаттығу орындалғаннан кейін сурет орнына қойылған сөздердің жазылуы менайтылуы тексеріледі. Жазылуы леп белгісі радио лимон Айтылуы ілепбелгісі ырадио ылимон Л, р дыбыстарының сөз басында келген жағдайдағы жазылу емлесі пысықталады. 3­жаттығу орындатылады. ­ Бұл дыбыстарды қалай жаздындар? (Қалай естілді, солай жаздық). «Кел, ойланайық» айдарымен берілген 4­жаттығудағы  жұмбақшешіледі.  Қарамен жазылған сөздердің (лезде, іліп) жазылады салыстырылады. Дауыссыз н мен ң ­ Енді балалар н, ң дыбыстары кездесетін бірнеше сөз ойлаңдар.  ң  дыбыстары   сөздің   басында,   ортасында   келетіндігі Окушылардың   келтірген   мысалдарынан   н, анықталады. Оқушылардын айтқан сөздерін буынға бөлдіру. Мысалы: каң­бақ, қоңыз. Кейбір окушылар қоң­ыз деп буынға бөлуі мүмкін. Осыған байланысты оқулықтағы «Есіңде болсын» белгісімен берілген ережемен таныстыру. Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген жағдайда сөздерді буынға бөлген кезде, ң дыбысы келесі буынның басында келетіндігі түсіндіріледі. Түсінікті болу үшін бірнеше сөзді тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне тасымалдатып жазғызуға болады. Аңызық  сөзінде  ң  әрпі екі дауысты дыбыстың ортасындакеліп тұр? Осы сөзді ң әрпінен бастап 4. Терме диктант. Тақтаға  бірнеше сөздер жазылады.  Оқушылар  олардың  ішінен  ң әрпі кездесетін сөздерді  ғана теріп, тасымал түрін көрсетіп жазады. Аңызык, карындас, жаңғақ, баспалдақ, таңғы, кеңес, қуаныш, кеңес. ­ тасымалдауға бола ма? Бұл жерде сөздің а­ңы­зықдеп буынға бөлінетіндігі, бірақ а­ңызықдеп тасымалдауға болмайтындығына оқушылардың көзін жеткізу керек. Бір дыбысты буын тасымалдауға келмейтіні, яғни а­ны жалғыз жолға қалдыруға болмайтындығы айтылады. 5)  Сабақты қорытындылау. ­ Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? ­ Үнді дауыссыз дыбыстарды кім атап береді? Л, р дыбыстары сөз басында келген жағдайда, олардың айтылуында қандай дыбыстар қолданылады? ­ Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақ қорытындыланады. Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген сөздерді қалай тасымалдаймыз? Сабақтың тақырыбы: Өткенді бекіту. Сабақтың мақсаты:  дауыссыз дыбыстар туралы алған теориялық білімдерін бекіту: қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Көрнекілігі: кесте. Әдісі: сұрақ­жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын еске түсіру. Терме диктанты. Берілген сөздердің ішінен н мен ң әріптері кездесетін сөздерді теріп жазады. Мәтел, мән, Маңғыстау, майлық, мұнара, Маңғышлақ, марал, машина. Үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Н мен ң дыбыстары дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады? Н мен ң дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер. 2. 3. Мен, мең, кен, кең, сен, сең сөздері пайдаланылып, өлең құрастырылады. Бұл сөздерге сөздік жұмысы жүргізіледі. Мең ­ адам денесінде болатын дақ. Сең ­ өзендегі қатып жатқан мұздың бұзылып жүруі. Кен ­ пайдалы қазба. Үлгі: Мына тұрған ­ мен, Бетім толған ­ мең. Білесің бе, сен? Өзенде жүрді сең. Дала толы ­ кен, Дүние неткен ­ кең. Өткен сабақтарда алған білімдерін бекіту. 3.«Адасқан   дауыссыздар»   дидактикалық   ойыны.   Шарты:   тақтаға   дауыссыз   дыбыстардың   бөлінуі көрсетілген кесте ілінеді. Кестеде қатаң, ұяң, үнді дауыссыздардың орындары ауыстырылып беріледі. Оқушылар дауыссыздардың бөлінуіне қарай дұрыс орналастырады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: Ұяң дауыссыз дабыстар: Үнді дауыссыз дыбыстар: ғ, д, ж, з, (у), ң, р, й. к, қ, п, с, т, ф, х, һ, м, в, б, г, н, л, ш, щ, ц, ч. Дауыссыз дыбыстарды бөлінуіне қарай топтап жазады. Б   дыбысына   аяқталатын   сөздерге   мысал   келтіреді.   Сол   сөздерді   қатыстырып,   бірнеше   сөйлем 5.   Оқулықтағы   жаттығулар   орындатылады.   Жазба   жұмыстары   арқылы   төмендегідей   жұмыстар жүргізіледі: • • құрастырады. •П, қ­ға аяқталған сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап жазады. •5­жаттығуда берілген сөздердің алдына бір әріп косып, басқа сөз құрайды. Мысалы, өрік, көрік, бөрік, есік, тесік, бесік, т.б. •Сөз басында л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, ы мен і жазылмайтындығы еске түсіріліп, 6­ жаттығу орындатылады. Сабақты қорытындылау. Төмендегі үлгідей тест тапсырмаларын алуға болады: 1. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсет. а) ә) б, в, г, ғ, д, ж, з. б) к, қ, п, с, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. л, м, н, ң, р, й, (у). Қатесіз жазылған сөздер катарын корсет. Танғы, түңгі, таншы. 2. а) ә) Таңғы, түнгі, тамшы. б) таңғы, түңгі, таңшы. жауабі 3. Жауап сөзіне ы дыбысын қосып айтқанда шығатын сөздібелгілде. а) ә) жауапы б) жауабы 4. а) Б дыбысы қандай дауыссыз дыбыс? Қатаң ә) Үнді б) Ұяң Қатесіз жазылған сөзді көрсет. а)ілеген ә) ылеген б) леген Үйге тапсырма беру. Мұғалім өзінің қалауы бойынша үйге тапсырма ретінде 4­ші немесе 6­жаттығуды беруіне болады. Тақырыбы: Мәтін құрылымы. Сабақтың мақсаты: мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтімге жоспар құруды үйрету. Сабақтың барысы: I. Тақтаға төмендегідей мәтін жазылған плакат ілінеді. Кірпі. Жаз айы. Ауыл маңында ойнап жүргенбіз. Бір кезде қасымызға Есімбек келді. Танауы  делдиіп кетіпті. Қолында кірпі. Өзен бойынан тауып алыпты. Кірпінің аяғы жаралы екен.  Жібере салуға обалсындық. Аяғы жазылғанша бағуды жөн көрдік. Түс қайта үйге кайттық.  Есімбек кірпіге қағаз қораптан үйшік жасады. Мен сүт бердім. Кірпі бізге үйрене бастады.  Аяғы да жазылды. Аз күнде далаға жібереміз. Мәтінді окымай тұрып, ол не туралы екенін кім айтады? (Кірпі туралы). Оны қайдан білдіңдер? (Такырыбынан). Мәтін неше абзацтан тұр? (Үш абзацтан). ­ ­ ­ Үш абзацты жеке­жеке оқытып, әр абзацқа ат қойдырылады. Оларды тақтаға жазып қою керек. Әртүрлі нұсқалар болуы мүмкін. Жоспар кысқа сөйлемдерден тұратындығы айтылады. Балалардың қамқорлығы. Қолға үйренген кірпі. 1) Жаралы кірпі. 2) 3) ­ Балалар, әр абзацқа ат қоя отырып, біз не құрдық? ­ Мәтінге жоспар құрдық. ­ Жоспар не үшін керек? Жоспар   арқылы   мәтіннің   негізгі   мазмұны   көрсетілетіні,   мәтіннің   мазмұны   ретімен   айтылатыны түсіндіріледі. Оқулықпен жұмыс. 3. Оқулықта берілген жаттыгулар орындатылады. Мәтін туралы алған білімдері пысықталады. 4. Сабақты қорытындылау. 5. Үйге тапсырма беру. Тақырыбы: Мәтін. Сабақтың мақсаты: мәтін және мәтіннің түрлері туралы алған білімдерін пысықтау. Сабақтың барысы: 1. Тақтаға төмендегідей плакат ілінеді. Балықтың   неше   түрі   бар.   Балалар   көл   жағасында ойнап   жұр.   Әлия   ағасының   айтқанын   бұлжытпай орындады. Жидек   шілдеде   піседі.   Дәмі   өте   тәтті!   Өзі бармақтың басындай, түсі бозғылт. Ауыл адамдары жидекті шелектеп жинайды. Жегенінен артылғанын қайнатады. С. Мұқанов 1. Жаздың келуі. 2. Оқушылардың демалысы. 3. Лагерьде. Оркеннің     сүп­сүйкімді     қозысы   бар.   Оның   көзі көмірдей   қап­қара.  Жүні   аппақ,   бұйра.   Бойы кішкентай. Оқушылардың   назары   1­беліктегі   сөйлемдерге   аударылады.   Оларды   оқиды.   Бұлардың   мәтін   емес екендігі   айтылады.   Осылайша   2­3­бөліктегі   мәтіндер   оқытылып,   оларды   салыстырады.   Екі   мәтіннің қайсысы сипаттау, қайсысы әңгімелеу мәтіні екені анықталады. ­ Енді 4­боліктегі берілгенді оқыңдар. Мәтін деуге бола ма? ­ Бұл ­ жоспар. Жоспар бойынша мәтін құрастыруға болады. 4­бөліктегі жоспар бойынша мәтін құрастырту. Құрастырылған мәтін мәтіннің қай түріне жататындығын айтады. Оқулықтагы жаттығулар орындатылып, мәтін туралы алған білімдері пысықталады. Сабақты қорытындылау. 1.Мәтін дегеніміз не? 2.Абзац дегеніміз не? 3.Жоспар қалай құрылады? 4.Мәтіннің түрлерін айтыңдар. Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Сабақтың   мақсаты:  оқушыларға   мәтіннің   жазбаша   немесе   ауызша   ойды   жеткізетіндігін   түсіндіре отырып,   оның   бірнеше   сөйлемнен,   ол   сөйлемдердің   мағына   жағынан   бір­бірімен   байланысып тұратындығын білдіру. Сабақтың көрнекілігі: кесте. Сабақтың әдісі: сұрақ­жауап, түсіндіру, демонстрациялау. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Жаца сабақ. 1. Кіріспе бөлім. Тақтаға төмендегідей кесте ілінеді. Бүгін сыныпта Нұржан кезекші. Асқар атасымен бірге қой бақты.  Жанар бос уақытында кітап оқиды. Мәди, Әли, Әсем, Гүлсім. Бүгін мектепте жүгіруден жарыс болады. Жарысқа Айдын, Ілияс және Сырым қатысады. Жарыска Әсел көрермен болып барады. Үш бағанда берілгендерді бірнеше оқушы дауыстап оқиды. Бірінші бағанда не берілген? Бірінші бағанда үш сөйлем жазылған. ­ Әр сөйлемде қандай ой айтылған? Олар бір­бірімен байланысты ма? ­ Бірінші   сөйлемде   Нұржанның   кезекші   екені   айтылған.   Екінші   сөйлемде   Асқардың   атасымен   қой баққандығы, ал үшінші сөйлемде Жанардың бос уақытында кітап оқитындығы жазылған. Үш сөйлем бір­ бірімен байланыспайды. ­ Екінші бағанда ше? ­ Екінші бағанда сөздер берілген. ­ Үшінші бағанда ше? ­ Үшінші бағанда сөйлемдер жазылған. Бірінші сөйлемде мектепте жарыс өтетіндігі, екінші сөйлемде жарысқа   кімдер   қатысатындығы,   үшінші   сөйлемде   жарысқа   Өселдің   көрермен   болып   баратындығы хабарланып тұр. Бұл сөйлемдер бір­бірімен байланысып тұр. 2. Негізгі бөлім. а) 1­жаттығу орындатылады. Сөйтіп, кестемен жұмыс және 1­жаттығудың тапсырмасын орындау арқылы оқушылар   мәтіннің   ауызша   және   жазбаша   ойды   жеткізетіндігін,   мәтіннің   бірнеше   сөйлемнен құралатындығын және олардың бір­бірімен байланысып тұратындығын түсінеді. ә) Оқулықтағы ережені оқу арқылы өздерінің жауаптарының дұрыстығына көздерін жеткізеді. б) да болады. в) IV. Сабақты қорытындылау Тақтаға темендегі үлгідегідей сұрақтар жазылған плакат ілінеді. Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін құрастырылады. Терек, шырша, қайың нелер? Олар нені тазартады? Сондықтан нелерді кесуге болмайды? Сабақ соңында оқушылардың жауаптары жинақталып, мәтін жайында білімдері пысықталады: 1.Мәтін дегеніміз ­ ойды ауызша және жазбаша жеткізу. 2.Мәтін бірнеше сөйлемнен құралады. 3.Мәтін сөйлемдері бір­бірімен мағына жағынан байланысып тұрады. Оқушыларға ауызша мәтін құрастыруға тапсырма беріледі. Құрастырған мәтіндеріне ат қойғызуға Окулықтағы 2­жаттығу жазбаша, ал 3­жаттығу ауызшаорындатылады. Қазақ тілі «2»сынып  №37 сабақ     12.11.2013ж. Сабақтың тақырыбы: Мәтін түрлерін аңғарту. Сабақтың   мақсаты:  оқушылардың   мәтін   туралы   алған   білімдері   бекітіледі;   тақырып   мәтінде   не айтылатынын корсететінін ұғындыру. Сабақтың көрнекілігі: кесте. Сабақтың әдісі: сұрақ­жауап, түсіндіру, демонстрациялау.  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сабаққа даярлау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  ІІІ. Жаңа сабақ.    Кіріспе әңгіме. Е. Өтетілеуұлының «Футболшылар» өлеңі тыңдатылады. ­ Өлең не туралы? ­ Футбол ойыны туралы. ­ Осы өлеңді калай атауға болады? ­ Футболшылар. ­ Неге? ­ Өйткені өлеңде футбол ойыншылары туралы айтылады. Сондыктан өлең «Футболшылар» деп аталуы тиіс. 2. Негізгі бөлім. 1. Оқулықпен жұмыс. ­ Балалар, 1­жаттығудағы өлеңнің аты қалай аталады? ­ «Боксшы». ­ Өлеңде кім туралы айтылады? ­ Боксшы. ­ Олай болса, өлең шынымен боксшы туралы екеніне көзімізді жеткізу үшін, бәріміз бір рет іштей оқып шығайық. Оқушыларға   1­жаттығудағы   Ш.   Әлдибекұлының   «Боксшы»   өлеңін   іштей   оқуға   тапсырма   беріледі. Өлеңнің мазмұны сұралады. а) Өлеңнің аты аркылы оның мазмұны не туралы екенін білуге болатындығын анықтайды. ә) Окулықтағы ережені оку аркылы мәтін атауы тақырып деп аталатындығын және тақырып аркылы мәтінде не туралы айтылатынын меңгереді. 2­жаттығу орындалады. а)Мәтінді түсініп оқуға тапсырма беріледі. ө) Мәтіннің мазмұны айтылады. б)Мәтіннің такырыбы қойылады. Мәселен, «Айырбас»,«Нағыз дос», т.б. в)Мәтін неше бөліктен тұратындығы табылады (екі бөліктен). ­ Бірінші бөлікте не туралы айтылған? ­ Бірінші бөлікте Мырзабектің шеберлігі, оның қораптан үй жасағандығы және оған құрдасы Иманбектің қатты қызыққаны туралы жазылған. ­ Екінші бөлік не туралы? ­ Екінші бәлікте Иманбек үйді допқа айырбастап алғысы келетіндігі және Иманбектің жауабы берілген. ­ Балалар, мәтіннің екі бөліктен тұратындығын қайдан білдіңдер? ­ Екі бөлікте абзацтан басталады. ­ Дұрыс айтасыңдар. Мәтін бірнеше белімнен тұрады. Әрбір бөлім жаңа жолдан, яғни абзацтан басталып жазылады. 3­жаттығуды орындатуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар: Мәтінді түсініп оқыңдар. а) ө) Мәтін неше абзацтан құралған? Бірінші абзацта не туралы айтылған? (Орман және орманның пайдасы туралы). Екінші абзац ше? (Орман бағбаны туралы). Үшіншісі ше? (Орман бағбанының атқаратын еңбегі туралы). б) в) Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру.         Үйден 4­жаттығуды орындап келу тапсырылады. Мәтінге ат қойыңдар. Мәтіннің бірінші бөлімін көшіріп жазуға тапсырма беріледі. Қазақ тілі 2 «А» сынып    №32 Күні: 28.10.2013ж. Сабақ тақырыбы: Жеке сөйлемдерден мәтіннің өзгешелігі. Сабақ мақсаты: мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінге жоспар құруды үйрету.   Пәндік нәтиже. Жоспар арқылы мәтіннің негізгі мазмұны көрсетілетінін, мәтіннің мазмұны ретімен  айтылатынын түсіндіру.   Тұлғалық нәтиже: мәтінге жоспар құра білуге үйрету; шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.    Жүйелі әрекеттік нәтиже. Есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.    Сабақтың көрнекілігі. Кесте, жұмыс дәптері, суреттер.     Сабақ барысы:     І. Ұйымдастыру кезеңі.   Оқушыларды сабаққа даярлау.         ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.           Үйге берілген тпасырманы тексеру           ІІІ. Жаңа сабақ Тақтаға мәтін жазылған плакат ілінеді.  Кірпі   Жаз айы. Ауыл маңында ойнап жүргенбіз. Бір кезде қасымызға Есімбек келді. Танауы делдиіп кетіпті.  Қолында кірпі. Өзен бойынан тауып алыпты.         Кірпінің аяғы жаралы екен. Жібере салуға обалсындық. Аяғы жазылғанша жөн көрдік.             Түс қайта үйге қайттық. Есімбек кірпіге қағаз қораптан үйшік жасады. Мен сүт бердім. Кірпі  бізге үйрене бастады. Аяғы да жазылды. Аз күнде далаға  жібереміз. ­ Мәтінді оқымай тұрып.ол не туралы екенін кім айтады? (Кірпі туралы) ­Оны қайдан білдіңдер? (Тақырыбынан) ­Мәтін неше абзацтан тұрады?(Үш абзацтан) Үш абзацты жеке­жеке оқытып, әр абзацқа ат қойдыру. Оларды тақтаға жазып қою керек. Әртүрлі  нұсқасы болуы мүмкін. Жоспар қысқа сөйлемдерден тұратындығы айтылады. 1) Есімбектің олжасы. 2) Жаралы кірпі 3) Балалардың қамқорлығы ­ Балалар, әр абзацқа ат қоя отырып, біз не құрдық? ­ Мәтінге жоспар құрдық. ­ Жоспар не үшін керек? ­ Жоспар арқылы  мәтіннің негізгі мазмұны көрсетілетіні,мәтіннің мазмұны ретімен айтылатыны  түсіндіріледі. 1. Оқулықпен жұмыс. 2. Оқулықта берілген жаттығулар ауызша да, жазбаша да орындатылады.Онда мынадай тапсырмаларды орындау арқылы  мәтін туралы  алған білімдері пысықталады: Мәтіннің әр бөлімінің бірінші сөйлемдерін көшіріп жазып, мәтіннің бөліктерін, яғни басын,негізгі бөлімі  және соңын анықтайды.  Жоспар арқылы мәтіннің бөліктерін табады.  Мәтінге ат қояды. Осы үлгідегі жұмыстарды  жүргізу арқылы оқушыларға мәтін, мәтін құрылымы туралы білім, білік дағды  беруге болады. №1 жұмыс дәптерімен жұмыс істеу. Үйге тапсырма беру Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Сабақтың мақсаты: сөйлемнің сөзден құралатыны, белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінік беру;   сөйлемнің   алғашқы   созін   бас   әріппен   бастап   жазып,   соңына   тыныс   белгісін   дұрыс   қоюға дағдыландыру; сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен окуға үйрету. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың   бірінші   сыныпта   алған   білімдері   бойынша   жалпы   тексеру   жұмысы   жүргізіледі.   Оны мұғалім өз қалауынша ұйымдастыра алады. Жаңа сабақты түсіндіру. Бұл тақырыпка арналған жаттығулар алдыңғы сыныпта сөйлем туралы берілген ұғымдарды еске түсіріп, жинактау максатын көздейді. 1­жаттыгудың   тапсырмасын   орындай   отырып,   оқушылар   сез   бен   сөйлемнің   айырмашылығы   туралы қорытынды жасайды. Әр сөйлемде қандай ой айтылып тұрғанын түсіндіреді. Сөйлемдерді ғана көшіріп жаздыртуға болады. 2­жаттығу бойынша окушылар кішкентай Айжанның жазған қағазын оқып керуге тырысады. Оны оқудың неге қиын болғанын, оның қандай ережелерді білмейтіндігін санамалай отырып, сөйлемді дұрыс құрау үшін   қажетті   талаптарды   өздері   айтады.   Содан   кейін   осы   талаптарды   оқулықта   берілген   ережемен салыстырады. 3­жаттығу   бірінші   сыныпта   танысқан   сөйлемнің   соңына   қойылатын   тыныс   белгілерді   еске   түсіруге арналған. Жаттығу жұмысын жан­жақты талдап болғаннан кейін сөйлемнің соңына нүкте, сүрау белгісі, леп белгісі қойылатыны нақтыланады. 4­жаттығу оқушылардың сөйлем туралы алған білімдерін тексеруге берілген. Сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойғаннан кейін тексеріліп, жаңа тақырыпты қалай меңгергендіктері анықталады. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқып, ауызша да сөйлемдердің ара жігін ашып көрсетеді. 5­жаттығу арқылы берілген сездерден байланысын дұрыс сактап сөйлем құрастыруға дағдыланады. Жаңа сабақты қорыту. Сөйлемді жазудың ережелерін өздері құрастырып көреді. 1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. 2.Сөйлем сөзден құралады. 3.Сөйлемдегі сөздер бәлек жазылады. 4.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады. 5.Сөйлемнің соңына тыныс белгісі қойылады. Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем. Сабақтың   мақсаты:  хабарлы   сөйлемнің   айтылу   мақсатымен   таныстыру;   сөйлемдердің   ара   жігін ажыратып, тыныс белгісіндұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Тақтага   сөздер   жазылған   карточкалар   ретсіз   ілініп   қойылады.   Оқушылар   осы   сөздерден   сөйлем құрастырады. Оқушылардың әр сөзді сейлем ішінде дұрыс байланыстырып, орнын дұрыс тауып қоюын бақылау. Сөйлем туралы не білетіндіктері сұрақтар арқылы анықталады. Жаңа сабақты түсіндіру. Жаңа сабақты түсіндіруге  дайындық  жұмысы  1­жаттығу арқылы  жүзеге асырылады.  Сурет бойынша мәтін құрастырғаннан кейін, мәтіннің неше сөйлемнен тұратынын анықтайды. Әр сөйлемнің не жайында хабарлап тұрғанын айтады. Хабарлы сөйлем туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіреді. 2­жаттығу бір нәрсе жайында хабарлай айтылған сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылатынын байқатуды көздейді. Сөйлемді дұрыс ырғақпен оқуға үйренеді. Әр сойлемнен кейін сәл тоқтап тыныс алады.   Осы   екі   жаттығуды   орындап   болғаннан   кейін   хабарлы   сөйлем,   оған   қойылатын   тыныс   белгі туралы қорытынды ережені айтады. 3­жаттығуда   сөздер   жазылған   карточкалар   берілген.   Ол   сөздерді   қатыстырып,   жеке   сөйлемдер құрастырады.   Содан   кейін   осы   сейлемдерден   не   жайында   мәтін   құрастыруға   болатынын   айтқызуға болады. Балалар мәтіндегі әр сөйлемнің не жайында хабарлап тұрғанын айтады. 4, 5­жаттығулар оқушылардың хабарлы сөйлем туралы алған білімдерін тиянақтай түсуіне көмектеседі. Мазмұнына  қарай  мақалдың  жалғасын  табады   және  аяқталған  ойды  білдіріп  тұрған  толық   сөйлемді іздейді. Жаңа сабақты қорыту. Оқушыларға сөйлем және оның түрлері туралы алған білімдерін қорытындылайтын сұрақтар койылады. Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем. Сабақтың   мақсаты:  оқушыларға   сұраулы   сөйлемнің   мағынасын   түсіндіру;   сұраулық   магынаны білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін калыптастыру; сұраулы сейлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығу. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Хабарлы   сөйлемге   байланысты   үйге   берілген   жаттығудың   орындалу   барысы   тексеріледі.   Сұрақтар аркылы сабақ бекітіледі. Жаңа сабақты түсіндіру. Сұраулы сөйлемді саналы меңгерту үшін, әртүрлі сөйлемдер жазылған кестеден сұраулы сөйлемдерді тапқызып, олардың мағынасы мен тұлғасына назарларын аудару керек. Кестедегі сөйлемдерді талдай келіп, сұраулы сөйлем туралы дерек бергеннен кейін, оның мынадай өзіндік белгілері барын айту керек: 1.Сұраулы сейлем сұраулық мағынаны береді. 2.Сұраулы сөйлемде сұраулық мағынаны білдіретін сөз көтеріңкі дауыспен айтылады. 3.Жазғанда, сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады. Сұраулы сөйлемнің негізгі белгісін арқау етіп, оған мынадай анықтама беріледі: Біреу я бірдеме жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем жауап алу мақсатында айтылады. Оқулықта берілген жаттығулар орындалады. Сұраулы сөйлем бойынша алған білімдерін бекіту үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі: 1. Оқушыларға бір­біріне сұрақ қойғызып, жауап бергізу. 2. Берілген әңгімені оқу, ондағы сұраулы сәйлем мен хабарлы сөйлемдердің оқылуын аңғарту. Сұраулы сөйлемдердің қалай жасалып тұрғанын айтқызу. 3.Хабарлы  сөйлемдерді  сұраулы   сөйлемдерге,   керісінше,  сұраулы   сөйлемдерді   хабарлы  сөйлемдерге айналдыру. 4.Тыныс белгісі қойылмай жазылған мәтіндердегі сұраулы сөйлемдердің тыныс белгісін қою, т.б. Осы тәрізді басқа да жұмыстарды орындату арқылы окушылардың бойына сұраулы сөйлемнен мынадай дағдылар қалыптасады: ауызекі сөзде, мәтіндерде кездесетін сұраулы сөйлемдерді таба білу; олардың интонациясын   сақтай   отырып,   оқуға,   айтуға   жаттығу;   тыныс   белгілері   қойылмай   берілген   сұраулы сөйлемдердің тыныс белгісін дұрыстап қою; мазмұндама, шығарма жазған кезде сұраулы сөйлемдерді дұрыс қолдана білу; ойдан сұраулы сөйлемдер құрастыра білу, т.б. Сабақтың тақырыбы: Леп белгісі. Сабақтың мақсаты:  оқушыларга адамның көңіл күйі, куанышы, өкініші, реніші, т.б. сезімдері лепті сөйлемдер арқылы білдіретіндігін меңгерту. Көрнекілігі: кесте, сурет. Әдісі: сұрақ­жауап, түсіндіру, көрнекілік. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру II. III. Жаңа сабақ 1. Кіріспе әңгіме Бастауыш сынып окушылары үшін лепті сөйлемді меңгеру қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан лепті сөйлемді меңгертуге берілген сағаттарда көрнекі құралдарды пайдалану маңызды. Сабақ үнтаспадан төмендегідей сөйлемдерді тыңдатудан басталады. 1.Сүйікті менің Қазақстаным жасасын! 2.Қап, бақшаның есігін жауып қоймаған екенмін! 3.Қане, күнделігіңді берші! 4.Шіркін, Айға самғап ұшсам ғой! Оқушылардан   әр   сөйлем   кандай   мағынаны   білдіріп   тұрғаны   сұралады.   Мұғалім   окушы   жауаптарын пайдалана отырып, төмендегідей кестені толтырады. Лепті сөйлем ұран өкініш бұйыру арман 2. Негізгі бөлім. а) 1­жаттығу. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі.  «Футбол ойыны» такырыбына әңгіме кұрастырады. Құрастырған мәтіннен лепті сөйлемдерді тапкыздырылады. Лепті сөйлемнің соңына койылатын тыныс белгісі еске түсіріледі. Мәселен: 1.Алакай, біз жеңдік! 2.Жарайсың, Марат! ә) Ереже окылып, лепті сөйлемнің өзіндік ерекшеліктері түсіндіріледі: •Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін (куану, ренжу, өкіну, ұран, т.б.) білдіреді. •Лепті сөйлем үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады. •Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) койылады. Окулықтағы жаттығуларды орындату арқылы темендегідей жұмыстар жүргізіледі: 1. 2.Лепті сөйлемнің қандай мағына (қуану, өкініш, реніш, ұран, бұйыру) білдіріп тұрғандығын анықтату. 3.Лепті сөйлемнің тыныс белгісін дұрыс қоя білуге жаттықтыру. 4.Оқушыларға лепті сөйлемдерге мысалдар келтірту. 5.Хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтқызу. Сөйлемді сазына келтіріп оқуға дағдыландыру. Сабақты қорытындылау. IV. Оқушылардың лепті сөйлемді қалай меңгергендігін пысықтау мақсатында қойылатын сұрақтар: 1.Лепті сөйлем дегеніміз не? 2.Лептік сейлем қандай мағынаны білдіреді? 3.Лепті сөйлем қалай оқылады? 4.Лепті сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады? Сондай­ак окушылар лепті сойлемді мәнерлеп оқу, мәтіннен лепті сөйлемді табу, лепті сөйлемдерді дұрыс жазу, лепті сөйлемдерді хабарлы немесе сұраулы сөйлемдерге айналдыру тәрізді тапсырмаларды орындау арқылы білім­білік дағдылары қалыптасады. Сабақта үнтаспаны пайдаланып, лепті сәйлемдерді дауыс интонациясын дұрыстап келтіріп оқуды үйретуге болады. Үйге тапсырма беру. V. 5­жаттығу беріледі. Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы. Сабақтың   барысы:  әр   сөздің   мағынасы   болатындығымен   таныстыру;   сөздердің   мағынасын   дұрыс ажырата білуге дағдыландыру; сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсететін екі түрлі сызба арқылы өткен сабақ қайталанады. Мысалы, Қалың орманның ішінен тәтті жидектің исі аңқиды. Иісі аңқиды ненің?                                          қайдан? жидектің орман ішінде              қайдан?қайдан? тәтті қалың Осы сөйлемдерге синтетикалық сызба жасау. Қалың орман ішінен тәтті жидектің иісі аңқиды Бұл   сызбалардың   екеуінде   де   сөздердің   арасындағы   байланыс   көрсетіледі.   Біріншісінде   сөздердің байланысы сүрактар мен сызықтар арқылы көрсетілген. Ал екіншісінде сұрақсыз сызықтар бағдаршамен керсетіледі. Бірінші сызбада сөздердің байланысы қайсысы қайсысымен байланысып түрганы сұрақтар арқылы көрсетілгенімен, сөздердің сейлемдегі тәртібі бүзылган. Ал екінші сызбада сөздердің сөйлемдегі орындары сол күйінде. Жаңа сабақты түсіндіру. Тақтаға   бірнеше   сурет   ілінеді.   Оқушылар   сол   заттардың   атауларын   айтады.   Осы   заттар   туралы әңгімелейді, осы арқылы әр сөздің магынасы болатынына көздері жетеді. Сөздер жазылған карточкамен жұмыс жүргізуге болады. Сөздерді мағынасына қарай топтау ұсынылады. Мысалы, түсі бойынша; заттың атауын білдіретін сөздер; қимылды білдіретін сөздер; заттың санын білдіретін сөздер, т.б. Оқулықпен жұмыс. 1­жаттығу сөздің мағынасын ашуға арналған. Оқушылар суретте бейнеленген заттардың атауын айтады. Әр   заттың   атауының   мағынасы   болатынына   назарларын   аударады.   Ол   сөздерге   дыбыстық   талдау жасайды.   Сөздердің   дыбыстан   құралатынын   және   ол   сөздердің   мағынасы   болатындығы   туралы қорытынды жасайды. 2­жаттығу сөйлемнің мағынасы болу үшін қандай сөзді таңдау керек екенін анықтауға арналған. Көп нүктенің орнынан неге осы сөзді таңдағанын өздері дәлелдейді. 3­жаттығуға берілген жұмбақтың шешуін тапқаннан кейін оқушылардың күнделікті сөздік қорларында кездесе бермейтін жар, кірді ашады сөздерінің мағынасын түсіндіру тапсырылады. Оқушылар түсіндіре алмаған жағдайда мұғалім мысалдар келтіре отырып, осы сөздердің мағынасын ашуға көмектеседі. Жар ­ түсінік беру. Кірді ашады ­ кірін кетіреді. 4­жаттығуда берілген сөздерді мағынасына қарай топтап жазу арқылы жаңа тақырып бойынша алған білімдері бекі­тіледі. 5­жаттығуда  берілген  сөйлемдерді   көшіріп   жазғаннан   кейін,  қарамен   жазылған   сөздердің   мағынасын оқушылар өздері түсіндіреді. Әр сездің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылар мағынасы жоқ сөздердің болмайтындығын ұғынады. Түсіндірме   сөздік   туралы   алғашқы   түсініктерін   қалыптастыруға   болады.   Сөздікте   барлық   сөздерге түсініктеме берілетіні туралы айтып, сөздікпен жұмыс істеу ретімен таныстыру. Кейбір сөздерді сөздік ішінен   тауып,   олардың   мағынасы   қалай   түсіндірілгенімен   таныстыру.   Осылайша   оқушылардың сөздіктермен жұмыс істеуінің алғашқы дағдыларын қалыптастыру. Жаңа сабақты қорыту. Тақтаға бірнеше сөздер жазылады. Оқушылар ол сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мысалы,  қадірлі, орашолақ, қолапайсыз, сүкімді, ауыл­аймақ, т.б. Сабақтың тақырыбы: Мәндес сездер. Сабақтың   мақсаты:  мағынасы   жағынан   бір­біріне   жақын   сөздер   туралы   алғашқы   түсініктерін қалыптастыру; берілген сөзге мәндес сөздерді таба білуге үйрету; сөздік қорларын дамыту. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру.  Жаңа сабақты түсіндіру. арқылы       жұмысы сабақты   түсіндіру 1­жаттығу Жаңа орындалады. Алдыменекімәтінніңмазмұнынсалыстырады. Мәтіннің мазмұнында айырмашылық жоқ екенін байқайды. Салыстыру жұмысы ары қарай жалғасады. Екі мәтіннің әр сөйлемін салыстыру арқылы өзгерген сөздерді тізіп  жазады:  жақында,  жуырда;  анасы,  шешесі;   бөпені,  нәрестені;  балбырап, рақаттанып.  Осы сөздердің   мағынасын   салыстырып,   ол   сөздердің   қайсысынқолданса   да,   сөйлемнің   мағынасының өзгермегенін айтады. Ол сөздерді бірінің орнына бірін қолдана беруге болатынына назарларын аудару керек. Жаттығу толық талданғаннан кейін мүндай мағынасы  бір­біріне жақын сөздердің мәндес сөздер деп аталатыны айтылады. 2­жаттыру жаңа сабақ бойынша алған білімдерін бекіту үшін берілген. Окушыларға бірден берілген сөзге мәндес   сөз   тауып   жазу   берілмейді.   Жаттығуда   берілген   мәндес   сөздерді   мағынасына   қарай   топтап жазады. Мысалы: абайлау, байқау; ақылды, есті; ағайын, туыс; ақсақал, қария; жүлде, сыйлық. 3­жаттығуға берілген сурет бойынша әңгіме құрастырып жазады. Әңгімені құрастырып жазуға дайындық ретінде алдымен жаңа жыл мерекесі туралы сұрақтарға жауап береді. Әңгімені ауызша құрастыру немесе оны   дәптерге   жазуды   сынып   оқушыларының   деңгейіне   қарай   мұғалім   өзі   таңдап   алады.   Әңгіме құрастыруға қажетті тірек сөздер берілген. Осындай жаттығулар аркылы әңгіме жазғанда мазмұнын ашу үшін мәндес сөздерді дұрыс қолдана білуге үйренеді. 4­жаттығуда мәндес сөздерді теріп жазса, 5­жаттығуда қарамен жазылған сөздерге сәйкес келетін мәндес сөздерді табады. Сабақты қорыту. Тақтаға бірнеше сөздер жазып, ол сөздерге мәндес сөздерді табу тапсырылады. Мысалы, жуырда, сүлу, көп, ізетті, таза, кішкенай, т.б. Сабақтың тақырыбы: Қарама­қарсы мағыналы сөздер. Сабақтың   мақсаты:  карама­қарсы   мағыналы   сөздер   туралы   алғашқы   түсініктерін   калыптастыру; берілген сөздерге карсы мағынадағы сөздерді тауып айта білуге үйрету; сөздік қорларын дамыту. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Сөз және оның мағынасы, мәндес сөздер туралы алған білімдері   тексеріледі.   Үйге   берілген   жаттығу жұмысыныңорындалу барысын тексере отырып, оқушылардың білім деңгейі анықталады. Жаңа сабақты түсіндіру. Үстелдің   үстінде   әртүрлі   үлкен,   кіші,   жуан,   жіңішке,   ұзын,   қысқа,   қалың,   жүқа   заттар   койылады. Окушылардан   заттарды   салыстыра   отырып,   сипаттама   беру   сұралады.   Осылайша   қарама­қарсы мағынадағы сөздердің мағынасы ашылады. 1­жаттығу   бойынша   салыстыру   жұмысын   жүргізеді.   Берілген   қарама­қарсы   мағынадағы   сөздердің суретке сәйкес келетінін табады. Оқулықта   бұл   тақырыпты   меңгеру   үшін   екі   сабак   берілген.   Бұл   сабақтардың   материалдары   жаңа тақырыпты   жан­жақты   меңгеруге   жеткілікті   берілген.   Оқушылар   берілген   сөздерге   қарсы   мағыналы сөздер табады, сөйлемдердің ішіндегі қарсы мағыналы сөздерді теріп жазады, қарсы мағыналы сөздерді пайдаланып, сөйлемдер қүрайды, сурет бойынша қарама­карсы сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырады. Осы жаттығуларды орындау арқылы оқушылар сөз мағынасы туралы білімдерін толықтыра береді. Жаңа сабақты қорыту. Қарама­қарсы мағыналы создерге оқушылар мысалдар келтіру арқылы сабақ корытындыланады. Сабақтың тақырыбы: Бірнеше мағыналы сөздер. Сабақтың мақсаты: сөздерді бірнеше мағынасы бойынша ажырата білуге үйрету; сөйлемдердің ішіндегі сөздердің мағынасын дұрыс анықтай білуге дағдыландыру; сөзді өз орнында қолдана білу дағдыларын арттыру. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Қарама­қарсы мағыналы және мәндес сөздер бойынша алған білімдерін тексеру. Мынадай тапсырмалар беруге болады. 1. Бүлыңғыр күн, кір, алыс, айсыз түн, әдепті, тіршілік, қашық, бүлтты, лас, караңғы, ізетті, өмір. 2. Мағынасы қарама­карсы сөздерді жаз. Мөндес сөздерді тап. жеп­жеңіл — ... білімді — ... сауатсыз ­ ... ақылды — ... ащы — ... тікенді ­ ... Жаңа сабақты түсіндіру. Жаңа   сабақ   1­жаттығу   негізінде   түсіндіріледі.   Оқушылар   суретте   бейнеленген   заттардың   атауларын айтады. Олардың атауларының бірдей айтылатынына назарларын аудару. Содан соң әр сөздің мағынасы жеке түсіндіріледі. Ара — ағаш кесетін құрал. Ара ­ жәндік. Құрт ­ сүттен алынатын тағам түрі. Құрт   ­   жәндік.  Оқушылар   сөздердің   дыбысталуы   бірдей   болғанмен   мағынасының   әртүрлі   екендігі туралы қорытынды пікір айтады. 2­жаттығуда үй сөзінің екі түрлі мағынасы түсіндіріледі.  Үй  ­  адамдардың баспанасы. Үй ­ құмды, топырақты үю. 3­жаттығу түсіндірме сөздікпен жұмыс істеуге үйрету мақсатын көздейді. Алдымен оқулықтың соңында берілген түсіндірме сездіктен баспа, мақта сөздерінің мағыналарын тауып оқиды. Ол сөздердің бірнеше мағыналары  бар екенін  көреді. Осы  сөздерді әртүрлі  мағыналарда  жұмсап,  сөйлемдер  құрастырады. Содан кейін мүмкіндік болса түсіндірме сөздіктің өзімен жұмыс істеуге болады. Оқушылар түсіндірме сөздіктің қызметімен танысады. Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасының бай екеніне көздері жетеді. 4­жаттығу бойынша дыбысталуы бірдей сөздерді тауып, түсіндірме сөздік арқылы немесе өз беттерінше түсіндіреді.  Жеңіл ­ салмағы жоқ. Жеңіл ­ біреуден күресте, т.б. жеңілу. Көрші ­ іргелес қоныс тепкен адамдар. Көрші — бір затты көру. Бұл жерде сөздер екі түрлі мағына берумен бірге бірінің заттың атын, екіншісінің заттың қимылын білдіретінін байқауға жетелеу. 5, 6­жаттығулар да жаңа сабаққа байланысты білімдерін тереңдете түсуге арналған. Осы   тақырыпқа   берілген   екінші   сабақта   да   бірнеше   мағыналы   сөздердің   мән­мағынасын   аша   түсуге арналған жаттығулар беріледі. Екінші сабақта тапсырмалардың көп белігін оқушылардың өз беттерінше орындауына көңіл бөлген дұрыс. Сондай­ақ сөздер тек екі мағынада ғана емес, бірнеше мағынада да қолданылатынына көздерін жеткізу. Жаңа сабақты қорыту. Бұрыш, ою, шоқы, тоқы, ата, жақсөздерінің бірнеше мағыналарын анықтауды тапсыру. Мағыналарын анықтау қиындық келтірсе, түсіндірме сөздікке жүгінген жөн. Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның құрамы. Сабақтың мақсаты:  сөз және оның күрамы туралы алғашқы түсініктерін  қалыптастыру;  сөздің тек дыбыстардан ғана емес, басқа да бөлшектерден кұралатынына көздерін жеткізу; сөздің мағынасы туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Сөз және оның мағынасы туралы түсініктері толық қайталанады. Жаңа сабақты тексеру. 1­жаттығу талданады. Мәтінді оқып, Алматы сөзінің неше рет кездескенін айтады. Осы сөздер тақтаға жазылады:  Алматы,   Алматының,   Алматыға,   Алматыда,   Алматыны,   Алматыдан,   Алматымен. Алдымен   Алматы   сөзіне   дыбыстық   талдау   жасалады,   сөздердің   дыбыстардан   құралатынын   естеріне түсіреді.   Осы   сөздің   өзгерген   бөліктерін   көрсетеді.   Сөздерді   өзгерту   үшін   бұл   бөліктерді   қосудың қажеттілігі қанша екенін өз беттерінше түсіндіріп көреді. 2­жаттығуда енді өздері сөйлемдегі сөздер дұрыс байланысу үшін жақшаның ішіндегі сөздерді өзгертіп жазады. 3­жаттығуда сөздердің өзгерген бөлігін жеке сызык аркылы бөліп көрсетуге үйренеді. Мысалы, көмір­ дің, көмір­мен, көмір­ді. 4, 5­жаттығуларда сөздерді езгертудің не үшін қажет екенін ұғынуға жетелейді. Осылайша сөздердің басқа да бөлшектерден  тұратындығы туралы қорытынды жасайды.  Бұл сабақ окушыларга түбір мен қосымша туралы түсінік беруге дайындайды. Жаңа сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау кезінде сөздердің өзгерген бөлігін табуға тапсырмалар беруге болады. Сабақтың тақырыбы: Түбір және қосымша. Сабақтың мақсаты:  түбір және қосымша туралы алгашқы түсініктерін қалыптастыру; сез құрамына талдай білуге үйрету; сөзге қосымшаны дұрыс жалғай білуге дағдыландыру. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Сөздердің өзгерген бөлігін табуға тапсырмалар  беріледі.  Өткен  сабақты еске  түсіруге  ерекше көңіл бөлінуі тиіс, өйткені бұл жаңа сабақты қабылдауға дайындық болып табылады. Жаңа сабақты түсіндіру. 1­жаттығуда   берілген   мақалдарды   оқып,   мазмұнын   талдағаннан   кейін,   қарамен   жазылған   сөздерді салыстырады.   Еңбек   ­   еңбектің,   таза   ­   тазалық.   Сөздерді   салыстырып,   ерекшелігін   айтады.   Сөздің өзгерген бөлігін табады. Осыдан кейін сөздің ары қарай  бөлшектеуге келмейтін  бөлігі түбір деп, ал түбірге қосылған бөлігі қосымша деп аталатыны айтылады. 2­жаттығуда   екі   бағандағы   сөздерді   салыстыру   арқылы   екінші   бағанда   жаңа   сөздің   пайда   болғанын анықтайды. Бұл сөздердің өзгеруіне себепші болған қосымшаларды айтады. 3­жаттығуда сөздерге жақшаның ішіндегі тиісті қосымшаны жалғап жазады. Осы жерде сөздер жуан болса, жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, жалғанатын қосымша да жіңішке болатынына көңіл аударған дұрыс. 4­жаттығуда түбір сөздерді тауып жаттығады. Түбір сөздің белгісін қойып үйренеді. 5­жаттығуда   бір   сөздің   бірнеше   түрлі   өзгеруімен   таныса   отырып,   қосымшалардың   сөз   бен   сөзді байланыстыру үшін түрленіп жалғанатынын байқаулары тиіс. «Түбір   мен  қосымша»   тақырыбына   берілген   сабақтардың  жоспарын   сынып   окушыларының  деңгейіне қарай мұғалім өз қалауынша құра алады. Жаңа сабақты қорыту. Әртүрлі   қосымшалар   жалғанған   сөздердің   түбірі   мен   қосымшасын   табу   арқылы   жаңа   сабақ қорытындыланады. Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ. Сабақтың   мақсаты:  жұрнақтың   сөздің   мағынасын   өзгертетін   қосымша   екенін   ұғындыру;   сөздерге жұрнақты дұрыс жалғай білуге үйрену; сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырманың орындалу барысын тексеру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықты анықтау. Сабақ бойы осы олқылықтың орнын толтыруға мүмкін жағдайларды қарастыру. Жаңа сабақты түсіндіру. Сөз түлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады: а) алдымен негізгі түбірлерді, онан өрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады; ә) Белгілі   бір   сөздердің   ішінен   негізгі   түбірді   тапкызу   үшін,   сол   негізгі   түбірден   жасалатын   туынды сөздермен   салыстыру   жұмысы   ескеріледі;   б)   туынды   сөздер   мен   негізгі   түбірді   ажырату   барысында мағына жағына назар аударылады. 1­жаттығуда   берілген   жаңылтпаштарды   мәнерлеп   оқып,   қарамен   жазылған   сөздердің   түбірі   мен қосымшасын  табады.Сөздің түбір күйіндегі  мағынасы  мен косымша жалғанғаннан кейінгі  мағынасын салыстыру арңылы сөздің мағынасының өзгергенін айтады. Оқушылар кейбір қосымшалардың түбірге жалғанғанда,   оның   мағынасын   өзгертетінін   байқайды.   Мұғалім   ондай   косымшалардың   жүрнақ   деп аталатынымен   таныстырады.   Түбір   сөзге   жүрнак   косылу   арқылы   жасалған   сөздің   туынды   сөз   деп аталатыны айтылады. 2­жаттығу жаңа сабақты бекітуге арналған. Өлең жолдарынан туынды сөздерді тауып, белгілейді. Сөздің түбір күйіндегі мағынасы мен туынды сөздің мағынасын салыстырады. 3­жаттығуды  орындау  кезінда түбір сөзден туынды  сөз жасауға  үйренеді.  Туынды  сөзді жасау  үшін қандай жүрнақ жалғағандары сұралады. Ол сөздерді дәптерлеріне жазады. 4, 5­жаттығулар да жаңа сабақты жан­жакты меңгертуге арналған. Жаңа сабақты қорыту. Түбір сөздер беріледі. Ол сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөздер жасау тапсырылады. Сабақтың тақырыбы: Жалғау. Сабақтың мақсаты: жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын түсіндіру; сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі. Жаңа сабақты түсіндіру. 1­жаттығуда қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдайды. Ол сөздердің түбірі мен қосымшасын табу арқылы түбір сөздің мағынасының өзгермегенін байқайды. Жалғаудың сөйлемдегі сөз бен сезді байланыстырып тұрғанына көздерін жеткізу керек. Осыдан кейін сездің мағынасын өзгертпей сөз бен сөзді байланыстыру үшін жалғанатын қосымшаның жалғау деп аталатыны айтылады. 2­жаттығу аркылы оқушылардың алған білімдерін алғашқы бекіту жұмысы жүзеге асырылады. Берілген сөздердің түбірі мен жалғауын тапқаннан кейін оны өзіне тиісті белгімен белгілеуді үйренеді. 3­жаттығуда   сөйлемнің   сөздері   жалғаусыз   берілген.   Оқушылар   жалғаусыз   сөйлемдердің   бір­бірімен байланысы   болмайтынын   айтады.   Сездерге   тиісті   жалғауларды   дұрыс   жалғап,   сөйлем   құрастыруды үйренеді. 4­жаттығуда   сөздерді   сөз   құрамына   талдау   дағдыларын   арттыруға   арналған.   Бұл   жаттығуды   өз беттерінше орындауға ұсынуға болады. 5­жаттығуды орындауда сөйлем ішінен жалғауы бар сөздерді табады. Жалғау туралы алған білімдерін жетілдіруге, жалғау мен жүрнақты қайталауға келесі сабактарда да осыған ұқсас жұмыстар жүргізіледі. Жаңа сабақты қорыту. Оқушылардың   осы   тарау   бойынша   алған   білімдері   қорытындыланады.   Сөздер   беріледі,   ол   сөздерді күрамына қарай кестеге жазады. Жайлау, оқушылар, дала, баланың, көлшік, білімдіге, күйшіден, сүлу, көкшіл. Түбір сөз Жұрнақ жалғанған сөз Жалғау жалғанган сөз Жұрнақ және жалғау жалганған сөз Сабақтың тақырыбы: Жалғау мен жұрнақ. Сабақтың мақсаты:  1)жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын, жұрнақтың сөздің мағынасын өзгертетін қосымша екенін ұғындыру; түбір cөзге алдымен жұрнақ, содан кейін жалғау жалғанатынын түсіндіру. 2)сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.сөздерге жұрнақты дұрыс жалғай білуге үйрену; сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. 1)Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі. 2)5­жаттығуды тексеру Жаңа сабақты түсіндіру. 1) 1­жаттығуда мақалдарды көшіріп жазып, сөздерге жалғанғанжалғау мен жұрнақты белгілейді.  2)   2­жаттығу   арқылы   оқушылардың   алған   білімдерін   бекіту   жұмысы   жүзеге   асырылады.   Терілген сөздердің түбірі мен жалғауын тапқаннан кейін оны өзіне тиісті белгімен белгілеу. 3) Түбір сөздерге жұрнақ та, жалғау да жалғана  беретінін түсіндіру. Түбір cөзге алдымен жұрнақ, содан кейін жалғау жалғанатынын түсіндіру. Мысалы: талап­ты­дан, дәрі­гер­мін, тату­лық­қа. 4) 3­жаттығуда берілген сөздердің құрамын сызбамен  жазу. 5) 4­жаттығуда мақалдарды көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау. Жаңа сабақты қорыту. Оқушылардың   осы   тарау   бойынша   алған   білімдері   қорытындыланады.   Сөздер   беріледі,   ол   сөздерді құрамына қарай кестеге жазады. Жайлау, оқушылар, дала, баланың, көлшік, білімдіге, күйшіден, сүлу, көкшіл. Түбір сөз Жұрнақ жалғанған сөз Жалғау жалғанған сөз Жұрнақ және жалғау жалғанған сөз Үйге тапсырма беру: 5­жаттығу, туынды сөздерге жалғауқосып жазу. Екі сөзге сөйлем құрау. Сабақтың тақырыбы: Өткенді    пысықтау. Сабақтың мақсаты:  1)жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын, жұрнақтың сөздің мағынасын өзгертетін қосымша екенін ұғындыру; түбір cөзге алдымен жұрнақ, содан кейін жалғау жалғанатынын түсіндіру. 2)сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.сөздерге жұрнақты дұрыс жалғай білуге үйрену; сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру жұмысы Үй тапсырмасын тексеру. 1)Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі. 2)5­жаттығуды тексеру Жаңа сабақты түсіндіру. 1) 1­жаттығудаөлеңді мәнерлеп оқу. Қарамен  жазылған сөздердің туынды екенін дәлелдеу. Жалғанған жұрнақты белгілеу.  2) 2­жаттығуда жұмбақты оқып, шешуін табу. Жұмбақтың шешуі болған сөздің түбірі менқосымшасын табу. Сол сөзге сөйлем құрап жазу. 3) Түбір сөздерге жұрнақ та, жалғау да жалғана  беретінін қайталау . Түбір cөзге алдымен жұрнақ, содан кейін жалғау жалғанады. Мысал келтіру. 4) 3­жаттығуда тұсындағыжалғауларды тиісті сөзге  қосыпжазу. 5) 4­жаттығудаөлеңді мәнерлеп оқып, түбір сөздерді бірбөлек, қосымшалы сөздерді бірбөлек көшіріп жазып, сөз құрамына талдау. Жаңа сабақты қорыту. 6­жаттығу Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдері қорытындыланады. Берілген сөздерді құрамына қарай кестеге жазады. Қала, білім, өзен, өнерпаз, заңгерлер, сабақта, көл, ерлік, егіншіге, домбыраны, дәрігерден. Түбір сөз Жұрнақ жалғанған сөз Жалғау жалғанған сөз Жұрнақжәне жалғау өзен ... ерлік ... домбыраны ... жалғанған сөз егіншіге ... Үйге тапсырма беру: 141­бет.5­жаттығу,  сөздерге жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін жалғап,   сөйлемдерді көшіріп жазу.  Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Сабақтың мақсаты: бұрынғы алған білімдерін кеңейту; бұрынғы алған білімдеріне сүйене отырып,  сөздердің әртүрлі сөз таптарына белінетімен таныстыру; сөйлем ішінен сөз таптарын анықтай білуге  үйрету. Сабақтың барысы:    Ұйымдастыру жұмысы Үй тапсырмасын тексеру.  1) Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі. 2) 141­бет.5­жаттығу,  сөздерге жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін жалғап,  сөйлемдерді көшіріп  жазу.  Жаңа сабақты түсіндіру. 1) Сөз таптары жаңа тақырып ретінде емес, бұрын берілген білімді кеңейтіп, бекіте түсу максатында ұсынылады. Оқушылардың заттың аты, сыны, саны, қимылы туралы алған түсініктеріне сүйене отырып, олардың зат есім, сын есім, сан есім, етістік деген сөз таптарына бөлінетінімен танысады. Берілген жаттығуларды орындау барысында оқушылар сөздердің білдіретін мағыналарына, сұрақтарына, сұрақ арқылы өзгеру жүйесіне қарай әртүрлі топқа белінетінін саналы түрде ұғынады, әрі өтілген сөз таптарын еске түсіреді. 2) 1­жаттығуда заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздердің сұрақтарын еске түсіреді. 3) 2­жаттығуда сөздердің мағынасына қарай топтарға бөлінгенін айта отырып, мағынасы бойынша сол топқа жатпайтын артық сезді табады. Әр топтағы сөздердің қандай сұраққа жауап беретінін анықтайды. Артық сөзді неге алып тастағандарын дәлелдейді. 4) Осы жаттығулардан кейін мұғалім ол топтардың зат есім, сын есім, сан есім, етістік деп аталатынын және олардың бір сөзбен сөз таптары деп аталатынын айтады. 5)   Қалған   3,4,5­   жаттығуларды   орындау   арқылы   оқушылар   заттың   атын,   сынын,   санын,   қимылын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қояды, алдыңғы сыныпта алған білімдерін еске түсіреді. Жаңа сабақты қорыту. Тақтаға бірнеше сөз жазылады. Ол сөздерді оқушылар кестеге орналастырады. Зат есім дөрігер Етістік жадырады Сын есім акылды Сан есім жиырма бес Үйге тапсырма беру: 143­бет.6­жаттығу. Сөйлемдерді түсініп оқып, заттың санын білдіретін сөздерді  теріп жазу.  Сабақтың тақырыбы: Зат есім. Сабақтың мақсаты: 1)зат есімнің сөйлеу процесінде ерекше орын алатынын ұғындыру; 2)зат есімнің сөз табы ретінде атқаратын рөлі мен мәнін ашу. Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру жұмысы Үй тапсырмасын тексеру. 1)Сөз таптары туралы алған білімдері тексеріледі. 2)143­бет.6­жаттығу. Сөйлемдерді түсініп оқып, заттың санын білдіретін сөздерді теріп жазу.  Жаңа сабақты түсіндіру. 1)Бір мәтінді ұсынып, зат есімдерсіз оқып көру тапсырылады. Тапсырманы оқу барысында оқушылар зат есімдерсіз мәтін мазмұнын түсіну мүмкін еместігін, өйткені кез келген сөйлем құрамында міндетті түрде зат есім сөз болатынын аңғарады. Осылай зат есімнің тіліміздегі ең жиі қолданылатын сөз табы екенін, оның  сөйлеу   процесінде   ерекше  орын алатынын   байқатқан  жөн. Осы  уақытқа  дейін  кім? не?  деген сұрақтарга жауап беретін сөздерді заттың атын білдіретін сөздер деп атап келсе, осы сабақтан бастап, зат есім деп атайтын болады. 2)Оқулықта берілген жаттығуларды орындау. 1­жаттығуда сөздерді оқып, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жазу. 3)   2­жаттығуда   суретте   бейнеленген   заттардың   атауларын   жазу.     сөйлемқұрастыру. 4) 3­жаттығудакім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді екі қатарға бөліп жазу.   Сөздерді     қатыстырып 5)4­жаттығудасөйлем ішінен зат есімдерді тауып, астын сызу. Жаңа сабақты қорыту. Зат есім дегеніміз не?Ережені қорыту. Үйге тапсырма беру: 144­бет.5­жаттығу. Өлеңді  мәнерлеп оқу. Зат  есімдерді тауып, сұраққою.  Сабақтың тақырыбы: Зат есім. Сабақтың мақсаты: 1)зат есімнің сөйлеу процесінде ерекше орын алатынын ұғындыру; 2)зат есімнің сөз табы ретінде атқаратын рөлі мен мәнін ашу. Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру жұмысы Үй тапсырмасын тексеру. 1)Сөз таптары туралы алған білімдері тексеріледі. 2)144­бет.4­жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, зат  есімдердің астын сызу.  Жаңа сабақ. 1) Адамдарға кім? жануарлар мен заттарға не? деген сұрақтар қойылатынын түсіндіру. 2)1­жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Зат есімдерді тауып сұрақ қою. 3) 2­жаттығуда сөздерді оқып, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді екі бөлек теріп жазу. 4) 3­жаттығуда жаңылтпашты оқыту. Зат есімдерді тауып сұрақ қою. 5) 4­жаттығуда сұрақтардың орнына зат есімдерді тауып жазу. 6)5­жаттығуда мақалдарды көшіріп жазып,  ішінен зат есімдерді тауып, астын сызу, сұрақ қою. Жаңа сабақты қорыту. Зат есім дегеніміз не?Ережені қорыту. Үйге тапсырма беру: 145­бет.6­жаттығу. Топтаудағы қатені  тауып,  түзетіп жазу. Сабақтың тақырыбы:  Жалқы есім және жалпы есім Сабақтың мақсаты: жалқы есім және жалпы есім туралы түсінік беру; жаттығулардан жалқы есімдерді тапқызу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру. Көрнекілік: Қазақстан картасы, батырлардың портреттері. Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру жұмысы 2.Үй тапсырмасын тексеру. 1)Зат есім туралы алған білімдері тексеріледі. 2) 145­бет. 6­жаттығу. Топтаудағы қатені  тауып,  түзетіп жазу. 3.Жаңа сабақ. 1) Зат есім туралы білімдері пысықталады. 2)Зат   есім   жалқы   және   жалпы   есім   болып   бөлінетіндігі,   жалқы   есім   туралы   мөлімет беріліп, олардың бас әріппен жазылатындығы түсіндіріледі.  3)Оқулықтағы жаттығулар орындалады. 1­жаттығу бойынша оқушылар   өлеңнің ішінен жалқы есімді өз бетінше табады.   Өлең ішіндегі   батырлар   туралы   не   білетіндігі   сұралады.   Адам   аттары   бас   әріппен жазылатындығын естеріне түсіреді. Содан кейін осы жаттығудың негізінде оқушылар ере­ жені өздері қорытып шығады.  2­жаттығу   оқушыларды   жаңа   сабақты   қалай   меңгергендіктерін   тексеруге,   білімдерін жаттықтыруға арналған. Мәтінді оқып, жалқы есімдерді теріп жазу. 3­жаттығуда жалқы есімді тауып қана қоймай, кісі аттарынан басқа жер­су аттарының да жалқы есімге жататындығын байқайды.  Жер­су   аттары   туралы   алған   түсініктерін   нақтылау   үшін   4­жаттығуды   өз   беттерінше орындауға беру. Өздері білетін қала аттарын естеріне түсіреді. 5­жаттығуда суреттерден зат есімдерді тауып, олардың бас әріппен жазылғандары жалқы есім   екенін   айтады   да,   ал   кіші   әріппен   жазылған   зат   есімдердің   жалпы   есім   деп аталатындығын біледі. 4) Сөздік диктант . Көлеңке, жұлдыз, Жамбыл, көрме, Семей, ірімшік, шаңғы. Осы сөздердің ішінен жалпы есімдердің астын сызады. 5)Сабақты қорытындылау. 4. Үйге тапсырма:  147­бет  6­жаттығу. Өлеңде қандай жалпы есім туралы айтылған? Сабақтың тақырыбы:  Жалқы есім және жалпы есім Сабақтың мақсаты: жалқы есім және жалпы есім туралы түсінік беру; жаттығулардан жалқы есімдерді тапқызу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру. Көрнекілік: Қазақстан картасы, батырлардың портреттері. Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру жұмысы 2.Үй тапсырмасын тексеру. 1)Жалқы есім мен жалпы есім туралы алған білімдері тексеріледі. 2)147­бет  6­жаттығу. Өлеңде қандай жалпы есім туралы айтылған?   жаңылтпаштың   ішінен   жалқы   есімді   табады. 3.Жаңа сабақ. 1) Жалқы есім мен жалпы есім туралы білімдері пысықталады. 2) Оқулықтағы жаттығулар орындалады. 1­жаттығу   бойынша   оқушылар   Жаңылтпашты жатқа  айту.  Жаттығудың негізінде оқушылар ережені еске түсіреді.  2­жаттығу   оқушыларды   жаңа   сабақты   қалай   меңгергендіктерін   тексеруге,   білімдерін жаттықтыруға арналған. Сөйлемдерді оқып, жалқы есімдерді тауып, бас әріппен  жазу. 3­жаттығуда жалқы есімдер мен жалпы есімдерді екі бөліп жазу. Қалаған төрт сөзіне сөйлем  құрап жазу.             4­жаттығуды өз беттерінше орындауға беру. Мәтінді оқып, жалқы есімдерді теріп жазу. 5­жаттығуда өлеңді жатқа жазу. Жалқы есімнің астын бір рет, жалпы есімнің астын екі рет  сызу. 3) Өзіндік жұмыс. 45­беттегі 1,2­тапсырмаларды орындату. 4)Сабақты қорытындылау. 4. Үйге тапсырма:  149­бет  6­жаттығу. Мақалды оқу.  Жалпы есімдерді тауып, сұрақ қою. Сабақтың тақырыбы:  Жалқы есім және жалпы есім Сабақтың мақсаты: жалқы есім және жалпы есім туралы түсінік беру; жаттығулардан жалқы есімдерді тапқызу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру. Көрнекілік: Астана қаласының, Есіл өзенінің суреттері. Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру жұмысы 2.Үй тапсырмасын тексеру. 1) Жалқы есім мен жалпы есім туралы алған білімдері тексеріледі. 2)149­бет  6­жаттығу. Мақалды оқу.  Жалпы есімдерді тауып, сұрақ қою.  3.Жаңа сабақ. 1) Жалқы есім мен жалпы есім туралы білімдері пысықталады. 2)Оқулықтағы жаттығулар орындалады. 1­жаттығу бойынша оқушылар сөйлемдерді оқып, жалқы есімдер мен жалпы   есімдерді екі бағанға теріп жазады.  2­жаттығуда мақалдарды көшіріп жазып,  жалпы есімдердің астын сызады. 3­жаттығуда   сурет   бойынша   сөйлемдер   құрастыру.Сөйлемдердегі   жалқы   есімдер   мен жалпы  есімдерді табу. 4­жаттығуды өз беттерінше орындауға беру. Жұмбақты оқып, шешуін табу. Жұмбақтың шешуі қандай зат есім? 3) Өзіндік жұмыс. 49­бет, 40.1­40.2. тапсырмалар 4)Сабақты қорытындылау. 4. Үйге тапсырма:  150­бет  5­жаттығу. Сөйлемдегі сөздер дұрыс  жазылды ма ? Дәулет неден қателесті? Тақырыбы: Зат есімнің жекеше, көпше түрі  Сабақтың  мақсаты: зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру; оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түріне айналдыра білуге үйрету; қосымшаларын ажырата білу және дұрыс жалғай білу. Көрнекілігі: үлестірмелі қима материалдар, суреттер. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру жұмысы 2.Үй тапсырмасын тексеру. 1) Жалқы есім мен жалпы есім туралы алған білімдері тексеріледі. 2)150­бет  5­жаттығу. Сөйлемдегі сөздер дұрыс  жазылды ма ? Дәулет  неден қателесті? 3.Жаңа  сабақ 1)  1­жаттығудағы сурет бойынша жұмыс. Оқушыларға суреттегі заттардың санын анықтату. Олардың бір­бірінен айырмашылығын тапқызу. Осыдан кейін ереже оқушылардың қатысуымен түсіндіріледі. Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады.  Кім? не?  сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші,  аға,  тау,  өзен. Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер,  ағалар, таулар,  өзендер. 2)  Оқулықтағы   осы   сабақта   берілген   жаттығулар   арқылы   зат   есімнің   жекеше,   көпше   тұлғада жұмсалатыны тиянақтала түседі.  Көптік жалғаулары, оны сөздерге дұрыс жалғау жайлы түсінік беріледі.  (­лар, ­лер, ­дар, ­дер, ­тар, ­тер) Сонымен қатар мәтіндерден, сөздердің ішінен зат есімнің жекеше, көпше түрін тапқыздырып, білімдері бекітіледі. 2­жаттығу. Сөздерді оқу. Зат есімдердің жекеше түрін бір бағанға, көпше түрін екінші бағанға жазу. Сөздерге сұрақ қойып, бір­бірінен қандай айырмасы бар екендігін байқату. 3­жаттығу. Сөздерге көптік жалғауын жалғап жазу. Ұшқыш...,  құс...,  шырша..., сатушы...,  дәрі...,  тиін...,  маса...,  бала... . 4­жаттығу.   Мәтінді   оқу,   мазмұнын   әңгімелеу.   Нұрдәулеттің   қылығына   баға   беру.   Көптік   жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазу. 3) Сөздік диктанты. Қайықтар, қала, қалпақтар, қарындаштар, қасық. 1.Зат есімнің жекеше түрін бір сызықпен, көпше түрін екі сызықпен сызып шық. 2.Зат есімнің жекеше түрін көпше түрге, көпше түрін жекеше түрге айналдыр. 4) Сабақты қорытындылау. 4. Үйге тапсырма:   152­бет  5­жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Жекеше, көпше айтылған зат есімдерді табу. Өлең мазмұны бойынша әңгіме құрастырып жазу. Тақырыбы: Зат есімнің жекеше, көпше түрі  Сабақтың  мақсаты: зат есімдердің жекеше, көпше түлғада жұмсалатындығын түсіндіру; оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түріне айналдыра білуге үйрету; қосымшаларын ажырата білу және дұрыс жалғай білу. Көрнекілігі: үлестірмелі қима материалдар, суреттер. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру жұмысы 2.Үй тапсырмасын тексеру.          1) 152­бет  5­жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Жекеше, көпше айтылған зат есімдерді  табу. Өлең мазмұны бойынша әңгіме құрастырып жазу.        2)Зат есімнің жекеше, көпше түрі дегеніміз не? 3.Жаңа  сабақ 1) 1­жаттығу. Сөздерге тиісті жалғауларды қосып жазу.  Іні (­лар, ­лер), қарындаш (­дар, ­тар), терезе (­дер, ­лер),  ағаш (­дар, ­тар),  жіп (­тар,  ­тер), жүзім (­тер, ­дер). 2) 2­жаттығу. Берілген сөздерді кестедегі орындарына жазу. Әжелер,  қояндар,  бала,  дәптер,  жазушы,  шелектер,  шаңғы, балалар. кім? не? кімдер? нелер? 3) 3­жаттығу. Н.Әлімқұловтың «Тау көрінісі» өлеңін мәнерлеп оқып,  көптік жалғауы бар зат есімдерді теріп жазу.  Қия  сөзіне түсінік беру. 4) 5­жаттығу. Өлеңді жатқа жазу. Жекеше, көпше тұлғадағы зат есімдерді тауып, сұрақ қою. Кіп­кішкене  болса  да,  Ағаштың  басын  иеді. Жемістерденайырып Танисыңбашиені?                                          Ж.Смақов  5) «Көптік жалғауын дұрыс жалға» ойынын жүргізу. Шарты: дұрыс жалғанбаған көптік жалғауларын тауып, қатесін түзеу.   Гүлдар,  оюдар,  кітаптер,  оқулықдар,  кемедер,  судар,  суреттар,  көршідер. 6) Сабақты қорытындылау. 4. Үйге тапсырма:   154­бет   4­жаттығу. Сөйлемдерді оқу.   Көптік жалғауы жалғанған зат есімдерді жекеше түрге  айналдырып жазу. Тақырыбы: Зат есімнің жекеше, көпше түрі  Сабақтың  мақсаты: зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру; оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түріне айналдыра білуге үйрету; қосымшаларын ажырата білу және дұрыс жалғай білу. Көрнекілігі: үлестірмелі қима материалдар, суреттер. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру жұмысы 2.Үй тапсырмасын тексеру.            154­бет   4­жаттығу. Сөйлемдерді оқу. Көптік жалғауы жалғанған зат есімдерді   жекеше түрге айналдырып жазу. 3.Жаңа  сабақ 1) 1­жаттығу.Мәтінді оқу. Жекеше, көпше тұлғадағы зат есімдерді теріп жазу.   2) 2­жаттығу. Өлеңді  мәнерлеп оқу. Зат есімдерді тауып, қай түріне жататынын  анықтау. 3)   3­жаттығу.   Көп   нүктенің   орнына   көптік   жалғауын   қойып,     өлеңді     көшіріп   жазу,   мәнерлеп   оқу. Астроном  сөзіне түсінік беру. Ай бетінен  із кескен, Жұлдыз...мен    тілдескен. Кең  әлемнің  қойнынан Құпия...    іздескен Астроном  аға... !                                       М.Әлімбай 4) 5­жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазу. Жекеше, көпше тұлғадағы зат есімдерді тауып, сұрақ қою. Қара  қарғаларға,  Ала  қарғалар  үйір. Ала  қарғаларға Қара  қарғалар  үйір. 5)Шығармашылық диктант Аю, қасқыр, жолбарыс, Арыстан мен піл, барыс – Ойыншықтар, тұрыңдар, Ойын­сауық құрыңдар. 6) Сабақты қорытындылау. 4. Үйге тапсырма:  156­бет  4­жаттығу. Сөйлемдерді оқу.  Көптік жалғаулы  сөздерді теріп жазу. Тақырыбы: Етістік. Сабақтың мақсаты: 1)оқушыларға етістік туралы мағлұмат беру.                                       2)етістіктің зат есіммен байланысатынын түсіндіру. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру жұмысы 2.Үй тапсырмасын тексеру. 1) Жалқы есім мен жалпы есім туралы алған білімдері тексеріледі. 2)Зат есімнің жекеше, көпше түрі дегеніміз не? 3)156­бет  6­жаттығу. Cөйлемдерді оқу.  Көптік  жалғаулы сөздерді теріп  жазу. 3.  Жаңа сабақ 1)  Кіріспе бөлім. «Пресс­конференция»   дидактикалық  ойыны.   Ойынның  шарты:   такта   алдына   үш  орындыққа   етістікті зерттеп   жүрген   «ғалымдар»   отырады.   Қалған   оқушылар   «журналистер»   болады.   «Журналистер» «ғалымдарға» төмендегі үлгіде сұрақтар қояды. ­ Етістік дегеніміз не? ­ Етістік нені білдіреді? ­ Етістіктің сұрақтарын атаңыз? ­ Дара және күрделі етістік туралы не айтасыз? «Ғалымдар» мысалдар келтіре отырып жауап берулері тиіс.Мұғалім «жетекші ғалым» ретінде  жауаптарды толықтыруына болады. 2) Негізгі бөлім. 1­жаттығуда берілген сөйлемдерді көшіріп жазады. Етістіктерді тауып, оларға сұрак койылады. Етістік заттың қимылын, іс­әрекетін білдіретіндігі, оның зат есіммен байланысатындығы еске түсіріледі. 2­жаттығу да жазбаша орындалады. Өлеңді мәнерлеп оқу. Етістіктерді теріп жазып, сұрақтар  қою. 3­жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу, етістіктерді тауып, астын сызу. 4­жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу. Етістіктерді тауып, сұрақ қою.   3) Өздік  жұмыс. Берілген сөздердің ішінен етістіктерді теріп жазу. Асырады,  зеңгір,  желпуіш, желпіді, еркеледі,  қоңырқай,  жиырма төрт, талапты,  орындады, мақсат,   маңырады,  сазан,  жалықпады,  жаңғырық,  оқыттым. 4) Сабақты қорытындылау. 4. Үйге тапсырма:   158­бет   5­жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Тақырыбы: Етістік. Сабақтың мақсаты: 1)оқушыларға етістік туралы мағлұмат беру.                                       2)етістіктің зат есіммен байланысатынын түсіндіру. 3)етістіктерді мағыналарына қарай топтай білуге үйрету. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру жұмысы 2.Үй тапсырмасын тексеру. 1)Етістік дегеніміз не?        2)158­бет  5­жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. 3.  Жаңа сабақ 1)  Кіріспе бөлім. 2) Негізгі бөлім. 1­жаттығуда мәтінді түсініп оқу. Етістіктерді  тауып,теріп жазу,  оларға сұрак койылады. 2­жаттығу да жазбаша орындалады. Жұмбақты мәнерлеп оқу, шешуін табу. Көшіріп жазу. Етістіктерді тауып, сұрақтар  қою. 3­жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу, етістіктерді тауып, сұрақ қою. 5­жаттығу. Етістіктерді мағыналарына қарай топтап  жазу. Көгерді, көктеді;  әңгімеледі, баяндады;  мұздады, тоңды;  қарады, көрді; амандасты,   сәлемдесті. 3) Өздік  жұмыс. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, өлеңді көшіріп жазу.     Құрылысшы Үлгілерге  ... , Үй  іргесін  ...  . Өрнектерін  ...  , Терезесін  ...  . Б.Кірісбаев Керекті  сөздер: қараймын,  қалаймын,  қоямын,  оямын. 4) Сабақты қорытындылау. 4. Үйге тапсырма:   159­бет   4­жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Тақырыбы: Етістік. Сабақтың мақсаты: 1)оқушыларға етістік туралы мағлұмат беру.                                       2)етістіктің зат есіммен байланысатынын түсіндіру.                                       3)жұрнақ жалғау арқылы туынды етістік жасауды үйрету. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру жұмысы 2.Үй тапсырмасын тексеру. 1) Етістік дегеніміз не? 2)159­бет  4­жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. 3.  Жаңа сабақ 1)  Кіріспе бөлім. 2) Негізгі бөлім. 1­жаттығуда жұмбақты мәнерлеп оқу, шешуін табу. Жатқа көшіріп жазу. Етістіктерді тауып, сұрақтар қою. Етістік заттың қимылын, іс­әрекетін білдіретіндігі, оның зат есіммен байланысатындығы еске түсіріледі. 2­жаттығу да жазбаша орындалады. Берілген сөздердің ішінен етістіктерді теріп жазу. 3­жаттығу. Мақалды  оқу. Көшіріп жазу, етістіктерді тауып, астын сызу. 5­жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Мазмұнын   әңгімелету. Етістіктерді тауып, теріп жазу.   Етістіктерді қатыстырып,   бірнеше сөйлем   құрастырып   жазу.   Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету.   3) Шығармашылық  диктант. Берілген сөздерге жұрнақ жалғау арқылы  етістік жасау. Ара,  шеге,  екеу, ұсақ, тәрбие,  жаңа,  ем, дос,  өр,   кінә. 4) Сабақты қорытындылау. 4. Үйге тапсырма:   160­бет   4­жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Тақырыбы: Дара, күрделі етістік. Сабақтың мақсаты: оқушыларға дара және күрделі етістік туралы мағлұмат беру. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру жұмысы 2.Үй тапсырмасын тексеру. 1) Сөз таптары туралы алған білімдері тексеріледі. 2)Етістік дегеніміз не? 3)160­бет   4­жаттығу. Cөйлемдерді оқу.   Көпнүктенің орнынатиісті етістіктерді қойып,   cөйлемдерді көшіріп жазу. 3.  Жаңа сабақ 1)  Кіріспе бөлім. ­ Етістік дегеніміз не? ­ Етістік нені білдіреді? ­ Етістіктің сұрақтарын атаңыз? 2) Негізгі бөлім. 1­жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, етістіктерді табады. Екі бағандағы етістіктер салыстырылады. Ереже талқыланады. Етістіктер дара және күрделі болып екіге бөлінеді.  Дара етістік бір сөзден тұрады: барды, келді, кетті. Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздерден құралады: алып бар, қайтып кел, көріп кет. 2­жаттығу.   Жаңылтпаштарды   оқу,   көшіріп   жазу.   Дара   етістіктердің   астын   бір   сызықпен,   күрделі етістіктердің астын екі сызықпен сыздырту. 3­жаттығуда күрделі етістіктерді бір бөлек, дара етістіктерді бір бөлек жазады. Оларға сұрақ қойғызу. 4­жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Етістіктерді тауып, сұрақ қою. 5­жаттығу.   Сөйлемдерді   көшіріп   жазу.Дара   етістіктердің   астын   бір   сызықпен,   күрделі   етістіктердің астын екі сызықпен сызу.   3) Өздік  жұмыс. Берілген дара етістіктерді күрделі етістікке  айналдырып  жазу. Күлді,  ойнады,  жүгірді,  еркеледі,  оқыды,   орындады,   секірді, жазды, ұйықтады.   4) Сабақты қорытындылау. Тақтаға кесте ілінеді. Оқушылар етістікке қатысты мәліметтерге қосу белгісін кояды. Заттың атын білдіреді. Заттың кимылын, іс­ әрекетін білдіреді. + Дара және күрделі болып бөлінеді. + Заттың санын білдіреді Зат есіммен байланысады. + Қанша? Неше? Нешінші? Сұрақтары: не істеді? не кылды? қайтті? + ­   Неліктен   бұл   бөліктерге   «қосу»   белгісін   қойдыңдар?   Әрқайсысың   мысалдар   келтіріп,   ойларыңды дәлелдеңдер. Оқушылардың етістік туралы алған білімдері пысықталады. 4. Үйге тапсырма: 162­бет  6­жаттығу. Сөйлемдерді оқып  етістіктерді табу. Күрделі етістіктерді дара етістіккеайналдырып  көшіріп жазу. Тақырыбы: Дара және күрделі етістік. Сабақтың мақсаты: оқушыларға дара және күрделі етістік туралы мағлұмат беру. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру жұмысы 2.Үй тапсырмасын тексеру. 1) Дара және күрделі етістік туралы алған білімдері тексеріледі. 2)162­бет     6­жаттығу.   Сөйлемдерді   оқып     етістіктерді   табу.   Күрделі   етістіктерді   дара   етістікке айналдырып  көшіріп жазу. 3.  Жаңа сабақ 1)  Кіріспе бөлім. ­ Етістік дегеніміз не? ­ Етістік нені білдіреді? ­ Етістіктің сұрақтарын атаңыз? ­ Дара және күрделі етістік туралы не айтасыз? 2. Негізгі бөлім. 1­жаттығуда дара және күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жазады. Төрт етістікке сөйлем құрап жазу. Етістік заттың қимылын, іс­әрекетін білдіретіндігі, оның зат есіммен байланысатындығы еске түсіріледі. 2­жаттығу да жазбаша орындалады.  Сөйлемдерді оқу. Әр сөйлемдегі етістіктерді сөзжұмбаққа дұрыс орналастырсаң, жыл мезгілінің аты шығады. (Көктем) 3­жаттығу.  Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып,сөйлемдерді көшіріп жазу. Өздік жұмыс. 52­53­бет 43.1.Мәтінді қажетті сөздермен толықтырып жазу.Етістіктерді тапқызып, сұрақ қойғызу. Достар      Бүгін   _________ .   Айбек  сабақ  _________    _______  еді. Айбектің үйіне Әди ________ .  Екеуі  сабаққа бірге ____________. Олар дойбы __________.  Әди дойбы ойнауды ________________.  Оған  Айбек дойбы ойнауды ____________.  Керектісөздер:үйретті, демалыс, оқып отыр, келді, дайындалды, ойнады, білмейтін. 44.1. Етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жазу. Сарғайды, сайрандады, маужырады, келді, жинады, пісті. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың етістік туралы алған білімдері пысықталады. 4. Үйге тапсырма: 164­бет  5­жаттығу. Мәтінді оқу. Етістіктерді теріп жазу. Олар күрделі ме,дарама? Тақырыбы: Етістік. Дара, күрделі етістік. Мақсаты: етістік туралы алған білімдерін жетілдіру; дара, күрделі етістіктер туралы мағлұмат беру. Алдыңғы сабақтарда етістік жайлы алған білімдері пысықталып, дара, күрделі етістік туралы жалпы мағлұмат беріледі. Дара етістіктерді күрделі етістіктермен салыстыра отырып, меңгерту. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру жұмысы

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.05.2017