Сабақ : Сауат ашу |
Мектеп: «№228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектебі» КММ |
|||
Күні:11.05.2017 ж
|
Мұғалімнің есімі: Айпейсова Нұрипа |
|||
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Спорт- денсаулық кепілі. Заттың қимылын білдіретін сөздер. |
|||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары) |
1.3.10.1. Заттың атын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану. 1.2.5.1. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 1.1.8.1. Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту. 1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талартарға сай жазу. 1.3.5.1. Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер, мәтін құрастыру. |
|||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар:Заттың атын, қимылын білдіретін сөздерді ажыратады. . Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Сөйлемдегі негізгі ойды түсініп, аяқтай алу білігін меңгереді. Кейбір оқушылар: Мәтін арасынан заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып, неліктен олай аталатынын дәлелдеп, сөздерге сұрақтар қоя алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады |
|||
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: (істей алады) |
|||
Негізгі сөздер мен сөз тіркестер: заттың қимылын білдіретін сөздер |
||||
|
||||
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
||||
Талқылауға арналған тармақтар: |
||||
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
|
||||
Жазылым бойынша ұсыныстар |
||||
Алдыңғы тақырып |
Бас әріппен жазылатын сөздер |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
|
Шаттық шеңбері
|
||
Сабақтың ортасы
|
Заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырату білігін бағалау мақсатында оқулықта берілген Әли мен Мерейдің диалогін рөлге бөліп оқытамын. 1- Жаттығу. «Ертеңгілік жаттығулар». Оқушыларға әңгімені оқытып, берілген сұрақтар бойынша іздену жұмыстарын жүргіземін.Оқушылардың өз ойларын ашық айтуларына мүмкіндік жасаймын. Қарамен берілген сөздерге сұрақ қойғызып, оның нені білдіретінін анықтатамын. 1. Мәтінде не туралы айтылған? 2. Сен осылардың қайсысын жасайтыныңды көрсет. 3. Қарамен берілген сөздерге сұрақ қой. Олар нені білдіреді? Осы талқылау арқылы оқушылар өз қорытындыларын айтып, өз ойларын кітапта берілген ережемен салыстырады. Заттың қимылын білдіретін сөздерге не істеді? қайтті? деген сұрақтар қойылады: келді, жазды, өсті. 2- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Заттың қимылын білдіретін сөздерді тап. Оларға сұрақ қой. Балалар аулаға жиналды. Екі топқа бөлінді. Олар хоккей ойнады. Бірінші топ жеңіске жетті. (Сөйлемдерді тақтаға жазғызып, заттың қимылын білдіретін сөздерді тапқызып, сұрақ қойдыртамын. Әрі оқушылардың таза, қатесіз жазуына назар аударамын). 3- жаттығу. «Ойлан- топтас- талқыла» әдісі бойынша оқулықтағы сюжетті суретке қарап, іздеу жұмыстарын ұйымдастырады. Балалардың қайда бара жатқанын айтып, әр топ сөйлемдер құрау арқылы өз ойын дәлелдейді. 4- жаттығу. «Кімнің жазуы әдемі?» ойыны арқылы «Шынықсаң шымыр боласың» сөйлемін дәптерлеріне қатесіз әрі көркем жазуына назар аударамын. Жазған сөйлемдерін оқытып, заттың қимылын білдіріп тұрған сөзді тапқызып, сұрақ қойдыртамын. |
Оқулықпен жұмыс
Жұмыс дәптері.
Тақтамен жұмыс.
Дәптермен жұмыс |
||
|
||||
Аяқталуы
|
«Кім тапқыр?» ойыны арқылы дәптердің 30- бетіндегі тапсырманы орындатамын. Сөйлемдерді аяқтатып жазғызамын. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны арқылы жүретін, жүгіретін, ұшатын нәрселердің немесе жануарлардың атын жазғызамын. |
|
||
Қосымша ақпарат |
|
|||
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.
|
|
||
Саралау –қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
|
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік
және еңбекті қорғау ережелері |
||
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
Қорытынды бағамдау. Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәосе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.