7 сынып сабақ жоспарлары.
Оценка 4.6

7 сынып сабақ жоспарлары.

Оценка 4.6
Документация
физика
7 кл
14.10.2018
7 сынып сабақ жоспарлары.
Тексерілді : Сабақ №45 Пәні : Физика Күні : Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы : 7 қатысқан саны: қатыспағандар саны: Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі Қысым Сабақтың тақырыбы Кері итеруші күш Оқу мақсаты 7.3.1.12 – сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіне алады. Оқушылардың басым бөлігі: Архимед күшінің формуласын түрлендіріп қолдана біледі. Кейбір оқушылар: Архимед күшінің өмірдегі қолданысын біледі. Бағалау критерийі 1. Кері итеруші күшке мысал келтіреді. 2. Кері итеруші күшке сипаттама береді, физикалық мағынасын ажыратады, формулаларды дұрыс жазады және түрлендіріп қолдана алады. Тілдік мақсаттар Пәндік оқыту мақсаты Тілді оқыту мақсаты Пәндік лексика терминология Диалогқа жазуға қажетті сөз тіркестері Кері итеруші күшке мысал келтіре отырып ажырата алады. Кері итеруші күшке келтірілген мысалдарды ауызша және жазбаша түрде сипаттап, жүйелей алады. Архимед заңы Сұйыққа батырылған дене өзінің батқан бөлігі көлеміндей сұйықтықты ығыстырып шығарады, бұл... Құндылықтарға баулу Жалпыға бірдей еңбек қоғамы: Өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға және жетістіктерге жетуге ұмтылады, сын тұрғысынан ойланады. Кері итеруші күштің өмірде қолданылуы. Пәнаралық байланыс Математика (формуланы түрлендіру және қолдану), дене шынықтыру (суда малтау). Алдыңғы білім Масса, тығыздық, көлем, күш және қысымды қолдану Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы 3 мин Ұйымдастыру кезеңі Сыныпта жағымды ахуал орнату Оқушылар шеңбер бойымен тұру «Менің саған тілегім» әдісін қолданып, психологиялық ахуал орнату. Интербелсенді тақта 1 мин 5 мин Топқа бөлу : суретті құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді. 1 топ. «Қысым» 2 топ. «Күш» 3 топ. «Тығыздық» «Добымды қағып ал» үй тапсырмасын сұрау әдісі 1.Жерді орап тұрған ауа қабаты қалай аталады? /Атмосфера/ 2. Атмосфераның негізгі қабаттарын ата? /тропосфера, стратосфера, мезосфера және термосфера / 3. Жер бетіне, ондағы барлық денелерге қандай қысым түседі? /атмосфералық қысым / 4. Атмосфера қысымын алғаш рет анықтаған қай елдің ғалымы? /итальяндық ғалым Э. Торричелли/ 5.Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал қалай аталады? /барометр/ 6.Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі /миллиметр сынап бағаны/ 7. 1 мм.сын. бағ. неше Паскальға тең? /133,3 Па/ 8. Атмосфераның қысымы бойынша тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал қалай аталады? / альтиметр / ҚБ «Жұлдызша беру» түрлі-түсті қағаздар Доп Сабақтың ортасы 3 мин Ұжыммен жұмыс Топпен жұмыс 5 мин 4 мин Топпен жұмыс 3 мин Жұптық жұмыс 2 мин 12 минут жеке жұмыс Жаңа тақырыпты ашу үшін Проблемалық сұрақтар: 1.Допты қолмен суға батырғаннан кейін қолымызды жіберсек, доп қайтадан су бетіне шығады. Неліктен? 2. Неге ауыр денелерді суда көтерген жеңіл? 3. Ағаш бөрене мен шегені көлге тастасақ қайсысы батады? Неге? (Оқушылардың жауабынан соң): Демек, сұйыққа батырылған денеге сұйық тарапынан кері итеруші күш әсер етеді. Бұл күштің мәнін тұңғыш рет көне грек ғалымы Архимед есептеп шығарған болатын. Сондықтан бұл күшті Архимед күші деп те атайды. Мәтінмен жұмыс: «Елші әдісі» топпен жұмыс Мәтін арқылы оқу ақпаратты кеңейтіп, талдау және ықшамдау арқылы түрлендіріп, оқушылардың оқу материалдарын қабылдауына мүмкіндік береді. Бір оқушы тақырып бойынша түсінгенін келесі топқа барып, өз ойымен бөліседі. Ал екінші топтың оқушысы бірінші топқа ол да өз ойымен бөліседі. ҚБ: «Мадақтау» Жарайсың! Бәрекелді! Жақсы. «Түртіп алу әдісін» пайдаланып анықтамаларын жазу. Мұны формула түрінде былай өрнектеп жазамыз: Кері итеруші күш дененің көлеміне және сұйықтың тығыздығына байланысты болады: Бұл Архимед күші деп аталады. «Кім жылдам?» әдісі (Сөзжұмбақ шешу) 1. Жердің денелерді өзіне тарту күші. (Ауырлық күші) 2. Қысымды өлшейтін құрал. (Барометр) 3. Аса көрнекті грек ғалымы. (Архимед) 4. Латын тілінен аударғанда «қозғалмау, әрекетсіздік» дегенді білдіреді. (Инерция) 5. Денелердің инерттілігінің өлшемі. (Масса) 6. Заттың химиялық қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшек. (Молекула) 7. Пішіні мен көлемі бар нәрсе. (Дене) 8. формуласы. А У Ы Р Л Ы Қ К Ү Ш І Б А Р О М Е Т Р А Р Х И М Е Д И Н Е Р Ц И Я М А С С А М О Л Е К У Л А Д Е Н Е Г У К З А Ң Ы ҚБ "Бас бармақ" ( Топтық бағалау) «Біліміңді сына» әдісі. "Қорытындылау және есте сақтау " Кестені толтырыңыз. № Физикалық шама Белгіленуі Өлшем бірлігі Формула 1 Архимед күші Н 2 Тығыздық кг/м3 3 Көлем V м3 ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» (Жұптық бағалау) Деңгейлік тапсырма: Практикалық жұмыс 1. Массасы 45 кг баланың жер бетіндегі салмағы қанша? 2. Салмағы 19,6 кН болатын автокөліктің массасы қанша? 3. Массасы 270 г темірден жасалған денені суға батырғанда кері итеруші күші қанша болады? Дескриптор: 1. Дененің көлеміне байланысты екенін біледі. 2. Сұйықтың тығыздығына байланысты екенін біледі. 3. Формулаларды есеп шығаруда дұрыс қолдана алады. 7 сынып оқулығы Р.Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева Интерактивті тақта, электронды оқулық Жұмыс дәптері Сөзжұмбақ Кесте Сабақтың соңы 2 мин Үйге тапсырма: 29 Рефлексия: « Баспалдақ» әдісі. Кері байланыс: 1. Білгім келеді 2. Толықтыруым қажет 3. Мен түсіндім Стикерлер Қосымша ақпарат Саралау –сіз қандай тәсілмен қолдау көбірек қолдау көрсетпексіз. сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – сіз оқушылардың материал игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы «Добымды қағып ал» үй тапсырмасын сұрау әдісі Мәтінмен жұмыс: «Елші әдісі» топпен жұмыс «Кім жылдам?» әдісі (Сөзжұмбақ шешу) «Біліміңді сына» кестені толтыру Жұлдызша беру Мадақтау Басбармақ Екі жұлдыз, бір тілек Рефлексия: «Баспалдақ» әдісі . 1. Білгім келеді 2. Толықтыруым қажет 3. Мен түсіндім «Менің саған тілегім» әдісін қолданып, психологиялық ахуал орнату Сабақ бойынша рефлексия Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып не жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.10.2018